400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе. Бала-біздің болашағымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала-елдің ертеңі,ұлттың үміті. Әрбір баланың бойында үлкен арман мен мүмкіншілік бар.Оларды жақсы тәрбиелеу,білімге баулу-қоғамның дамуының негізі.Бүгінгі бала-ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.Сол себепті әр ата-ана мен тәрбиеші баланың бойына мейірім, адалдық,еңбексүйгіштік қасиеттерді сіңіру керек.Баланың күлкісі мен амандығы-жарқын болашақтың кепілі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала-біздің болашағымыз

Бала-өмірдің гүлі,ұлттың үміті,елдің тірегі.Әрбір сәби дүниеге келген сәттен бастап,оның болашағы-біздің қолымызда.Қалай тәрбиелейміз,қандай бағыт береміз,соған қарай қоғамның,мемлекеттің болашағы қалыптасады.Сондықтан «Бала-біздің болашағымыз»деген сөз жәй ұран емес,үлкен жауапкершілік пен сенімді білдіретін терең мағыналы ұғым.

Бүгінгі бала-ертеңгі азамат.Ол-болашақ ұстаз,дәрігер,ғалым,басшы немесе қарапайым еңбек адамы.Сол себепті әр баланың бойындағы қабілетін танып,дұрыс бағыттап,мейіріммен тәрбиелеу-ата-ана мен ұстаздың басты міндеті.Тәрбие-баланың жүрегіне жылу ұялататын ең нәзік өнер.Жақсы сөз,жылы көзқарас,әділ баға-оның тұлға болып қалыптасуына әсер етеді.

Қазіргі заманда баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау-қоғамның да борышы.Мектеп пен балабақша тек білім беріп қана қоймай,олардың шығармашылығын,ойлау қабілетін,өмірге деген қызығушылығын арттыруы керек.Әр бала өзін ерекше сезінсе,өз ісіне сенсе-сол сенім оның болашағына жол ашады.

Ұстаз ретінде мен әр баланың жүрегінен өз сәулемді табуға тырысамын.Кейде кішкентай жетістігіне қуанып,кейде бір жылы сөзіне риза боламын.Себебі баланың күлкісі мен қуанышы-ең үлкен марапат.Әр шәкірттің көзіне сенім ұялата алсам,менің еңбегімнің жемісі сол деп білемін.

Бала –біздің болашағымыз ғана емес,бүгінгі бақытымыз.Олардың өміріне махаббат,қамқорлық және мейірім ұялата білсек,еліміздің ертеңі жарқын,қоғамымыз ізгі болмақ.Өйткені әр бала-үміт оты,ал сол оттың сөнбеуі-біздің ортақ міндетіміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қазан
150
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі