400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе. Балабақша-бақыт баспалдағы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге, балабақша туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Балабақша - бақыт баспалдағы"

Эссе

Балабақша -тәрбиенің бұлағы,

Балабақша -мейірімнің шуағы.

....Көз алдыма өз балалық шағым елестейді. Балабақшалар жабылып қалған. Ата-анамыз үлкен аға-тәтелерімізге кішілерді аманаттап, тапсырып жұмысқа кетеді. Таң атқаннан кешке дейін ойын. Тіпті тамақтану, ұйықтап, демалу жоқ. Кешке анамыз жұмыстан келгенде қандай ойын ойнағанымызды жарыса айтсақ та, үй шаруасымен қолы тимей жатса да анамыз қуанып: "тату болып ойнаңдар," "үлкендерің кішілеріңді ренжітпеңдер" деп ақылын айтатын.

Ал, қазір... "Балапан" бағдарламасы аясында ашылған керемет екі, үш қабатты балабақшалар мен жеке-меншік балабақшаларға толы қаламыз балалардың жылы мекеніне айналды. Жылы дейтін себебім - онда жүзі жылы, жүрегі жылы, қолы жылы адамдар - яғни тәрбиешілер бар.

2013 жылы ашылған "Сыр жұлдызы" бөбекжай бақшасында тәрбиеші болып бастаған алғашқы жұмыс күнімнен балаларға күннің нұрындай шуағымды шашып, бар мейірімім мен жылуымды арнаудамын. Балабақшам - менің екінші үйім. Ұжымым - екінші отбасым. Тәрбиеленушілерім - өз балаларымнан кем көрмейтін, әркез таңертең сағына жететін балапандарым.

Ал,бөбекжай бақша жайлы айтар болсам, кеудемді мақтаныш сезімі кернейді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: заттық- кеңістіктік дамытушы орта- бұл мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық, эмоциялық, әлеуметтік және зияткерлік дамуын қамтамасыз ететін жағдайлардың жүйесі деп атап көрсетсе, сол жағдай біздің бөбекжай бақшамызда өте жоғары деңгейде жасалған. Топ бөлмелері "Тәй-тәй" технологиясы талаптарына сай жабдықталса, сенсорлық кабинет, STEAM шығармашылық орталығы, табиғат бұрышы, қазақы бұрыш өзгеше әсемдік сыйлап, бүлдіршіндердің саналы білім мен тәрбие алуына өз үлестерін қосуда. Әсіресе, STEAM шығармашылық орталығы - балалардың қуаныш, шабыт мекені.

STEAM – әлемдік білім берудегі трендтердің бірі, ол оқытудың аралас ортасы деп түсіндіріледі және балаға күнделікті өмірде ғылым мен өнерді бірдей қалай қолдану керектігін көрсетеді. Бөбекжай бақшадағы STEАM оқыту - бұл біздің балалардағы дағдыларды жетілдірудің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін инновациялық әдіс. Оның көмегімен біз мектеппен тығыз байланыс жасаймыз.

STEАM кіріктірілген білім беру арқылы балаларды мектепке дайындаймыз, математикалық дағдыларын қалыптастырамыз, ақпараттық технологияларды меңгертеміз. Мектепке барғанда баланың қабылдауына қиындық соқпауы үшін психологиялық дайындық жүргіземіз.

Технологияның қарқынды дамуына байланысты болашақта ең танымал мамандықтар: IT мамандары, деректі инженерлер, бағдарламашыларға айналады. Осыған орай біз балаларды балабақшадан мамандық таңдауға бағдар береміз, баланың өзіндік таңдауын қалыптастырамыз, ІТ саласына деген қызығушылығын балабақшадан оятамыз. Ерте жастан кәсіби бағдар беру арқылы бала болашағының жарқын болуына күш саламыз.

Мен жұмыс жасай жүріп өзіме қиындық келтірер сәттерде тәжірибелі тәрбиешілерден көп көмек аламын. Күнделікті оқу қызметіме дайындықпен келгенде шат-шадыман қуанған балаларды көргенде ерекше сезімге бөленемін. Білгісі келеді, ұстап көргісі келеді, айтқысы келеді. Себебі: ол бала. Баланың балалық бақытты шағы - балабақшада өтіп жатыр. Күннің нұрындай сәуле шашқан тәрбиеші апайлары білімді, іскер, тапқыр, актерлік шеберлігі қалыптасқан және сенімді болуы баланы қанаттандырады, шабыт сыйлайды. Ата - ана да алаңсыз жұмысын жасауға мүмкіндік алады. Балабақшамыздың мамандары да ата - ананың сеніміне кірген, ынтымақтастықта жұмыс жасай білетін мамандар. Оның айғағы бүлдіршіндеріміздің республикалық, облыстық және қалалық байқаулар мен сайыстардан жүлделі орын иеленуі.

Менің кәсіби ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы мақсаттарға жетелеу, баланы өз деңгейімде қалдырмау. Қазір техника мен технология дамыған заман. "Ұстаздан - шәкірт озар" деп ата - бабаларымыз бекер айтпаған. Күні ертең алдымдағы 20 баланың бірі - ел басқарар Президент болса таң қалмаймын. Өйткені, мен үшін барлығы - өнерлі, барлығы -талантты, барлығы -жаңашыл. Балабақшадан алған тәлім - тәрбиесін болашақта мектепте жалғастырып жақсы нәтижеге, биік белестерге шығатынына сенімдімін. Дене бітімі дамыған, білуге құмар, белсенді, эмоциялық елгезек, оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген тұлға болып қалыптасуына өз үлесімді қосқаныма мақтанамын, шаттанамын.

Балабақшам -бақыт мекенім,бақыт баспалдағым!

Қорытынды: Егер бүгін біз балаларды кешегідей оқытсақ,

онда біз балаларды ертеңінен айырамыз.

Джон Дьюи


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі