Эссе. "Балаларға берілген жүрек"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. "Балаларға берілген жүрек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне көмек ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

«Балаларға берілген жүрек»

Қолыма қалам алып балалар жайлы тебірене ой толғаудың өзі мен үшін бір бақыт.Бұл тақырыпқа атақты ғалымдар да ,даңқты тұлғалар да,небір ел ардақ тұтқан азаматтар да,тіпті жап-жас бүлдіршін балалар да көрген өнегесін жазып жүр.Ал ұстаз үшін көпшілік қауымға бала тәрбиесінің ғибраты мен өнегесін паш ету парыз деп ойлаймын.Арманшыл,қиялшыл жас талапкер буынның өмір кеңістігіндегі өз орнын табуына рухани дем беріп,әрі қарай қанаттандырып ұшыру басты ұстанымым.

Алдымда отырған баланы данаға айналдыру үшін шыдамдылық, парасаттылық, заман талабына сай білімділікті өзімнен бастап талап етемін. Өскелең ұрпақ тәрбиесінде үлкенге құрмет,кішіге ілтипатты болуға баулу- ерекше еңбекті қажет етеді. Мен әрдайым сабақ барысында өзімнің бала кезімнен естеліктер айтып отырамын. Жетінші класта оқып жүрген кезімізде класс жетекшіміз Айсұлу Бекболатқызы коридорға үшбұрыштар сызып, екі оқушыдан әр үшбұрыштың ішіне тұрғызып ,бұрыштан шығып кетпей ,вальс биін билеуді үйретті.Нәтижесінде кластағы жиырма сегіз оқушы вальс биін жақсы билейтін болып шықтық.Тағы бірде ,ақпан айында бір ай бойы әдеби кітаптар оқуды тапсырды.Сол жылы ақпан айында жиырма сегіз күн болатын,мен осы күндер ішінде жиырма екі әдеби кітап оқыдым.Класс бойынша ең көп кітап оқыған мен болдым,класс жетекшім мені басқаларға үлгі етіп мақтағанда төбем көкке екі елі жетпегендей болды.Маған әрдайым сен математик боласың ,- деп құлағыма құя берген класс жетекшім осы мамандықты таңдауыма себепші болды.Алғысым шексіз,менің қабілетімді кішкентайымнан байқап, мені осындай дәрежеге жеткізгеніне.Осындай әңгімелерімді балаларға айтсам ұйып тыңдайды.

Балаларға үнемі мамандықты кішкентай кезден бастап таңдауға болатынын айтамын.Барлық бала қабілетті,сол қабілетті ашу біздің парызымыз.Бір бала ән айтуды жақсы көреді,бір бала суретті өте жақсы салады,енді біреуі есепке жүйрік,тағы бір бала өз жанынан өлең шумақтарын шығарады тағысын- тағылар. Балалар кітапты көп оқу керек,кітап оқыған баланың ойы, пайымы, жалпы адамгершілігі жоғары болады. Тіл қатынасы барлық салаға қажет дүние ,мен балаларға қандай мамандықты қаласаң да сөйлеу мәдениеті керек екенін айтып отырамын.Біреумен сөйлескенде көңіліне тиетіндей сөз айтпауға тырысу керек екенін,жаныңдағы балаға дос,жанашыр болып жүрсең ол да саған сондай көзқараста болатынын ұғындырумен келемін.

Отыз бір жылдық еңбек жолымда алдымнан ұшқан шәкірттерім әр салада еңбек етіп жүр.Мен олармен мақтанамын.

Еліміздің болашағы – бүгінгі ұрпақ.Егеменді еліміздің ертеңгі тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай,тәртіпті, тәрбиелі, білімді, жан-жақты қалыптасуы мен үшін маңызы зор іс.Ертеңгі ұлы істердің ,мемлекетіміздің қандай болмағы бүгінгі жастардың қолында,олардың адамдық сапасына байланысты.

Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та,бар қалан» демекші сол кетікті табуға септігімізді тигізейік.

Әлем таныған еліміздің болашағы үшін бәріміз бір кісідей ат салысайық.

















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.12.2018
2355
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі