400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Білімнің басы бейнет"

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 2 ШҚО. Шемонаиха қаласы «Ю.А. Гагарин атындағы

№ 3 жалпы білім беретін

орта мектебі»

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Алтыбаева Ажар Куанышбековна

azhar.altybaeva@mail.ru


Мектеп-білім тірегі,

Ұстаз-оның жүрегі


Білімнің басы-бейнет,соңы-зейнет


Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме.Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Осы тұрғыда қазіргі мұғалім ерінбей еңбек етуі керек. Қазіргі заман талабына сай оқыту, басқа ұлт өкілі балаларымен қатар қаракөз бауырларымыздың балаларын өз ана тіліне үйретуіміз керек. Бұл- бізге жүктелген үлкен міндет. Қазіргі жаңа ақпаратты коммуникативті технологияларды, жаңа техникалық құралдарды, әсіресе, интерактивті тақтаның барлық мүмкіндігін тілді үйретуге шоғырландырып, тиімді пайдалану- мұғалімнің құзырында. Осы мақсатта әр мұғалім талмай еңбек етуде.

Іс-тәжірибемде жиі қолданып отыратын әдіс-тәсілдің бірі-сыни тұрғыдан ойлау. Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға бағытталған пәндік шешім.Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға баулуды білдіреді деген ойға қосыламын.Мен өз іс тәжірибемде көбінесе диалог арқылы, әр түрлі суреттер арқылы, тапсырмалар беру арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытып отырамын. Оқытуда «Әлемді шарлау», «Жұпта талқылау» стратегияларын қолдану арқылы балалар өз беттерінше тұжырым жасауға, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білуге тырысты. Орыс сыныбы болғандықтан оқушылар қазақша қарсы пікір айтып, оны дәлелдеулері әрине қиын жағдай. Сол себепті оларға жеңіл жағын сабағымда қарастыруға тырыстым. Постер қорғауда сенімділік ұялатса, Стартер стратегиясы арқылы оқушыларды тереңнен, салыстыра ойлануға жетелеп, Блум өлшемдерімен жұмыс арқылы қабілетті оқушылардың жұмыс жасау, бірлесе жұмыс жүргізуге тырыстым. Инсерт картасы, Венн диаграммасы, концептуалдық кесте толтыру стратегиялары арқылы мәтіннен өзіне қажеттісін тауып, қолдана білуге, Венн диаграммасы арқылы салыстыруға, талдау жасай алуға үйретуді мақсат еттім.

Осындай әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана келе оң өзгерістің бар екенін байқадым. Дегенмен ары қарай талмай еңбек ету керек, қиындықтар болары сөзсіз, бірақ сол қиындықтарды әріптестеріммен бірге жеңемін деген ойдамын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі