400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Биологиялық қару"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткен тақырыптар бойынша білімдерін жетілдіру; -Берілген тапсырманы түсініп, өз көзқарасы тұрғысынан қорытынды жасай алады; -Ұсынылған тапсырма туралы өзгелердің пікірін біледі; -
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты: 

Пәні:Қазақ әдебиеті 

Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Жансүгіров «Көкшетау» («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  І. Жансүгіровтың әдебиетші, көсемсөз шебері, ақындығын таныту.
Дамытушылық: Оқушыларды өз ойын ашық айтуға, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденіп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелік:Қазақстанымыздың сулы жерлерінің табиғатымен мақтаныш етіп, оны құрметтеп, бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:  сабаққа қажетті плакат сызбалары, кітап.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсіл: СТО стратегиялары: ой қозғау, топтау, венн диаграммасы, 5 жолды өлең т. б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу, оқу – құралдарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Б.Майлин өмірі,шығармашылығы туралы, «Шұғаның белгісі» хикаятын сұрау.
Оқушыларды 3 топқа бөлу: «Фигураларды» таңдау арқылы.

Жаңа сабақ:
«Көкшетау» өлеңін оқып, мазмұнын меңгереміз. Бұл өлеңнің авторы – І. Жансүгіров. Осы ақын жөнінде білетіндерің бар ма?
2. Әр топтың оқушылары өз түсініктерін айтады.
3. Ой қозғау мақсатында оқушылар ақын жөнінде өз білетіндерін қағазға түсіреді, ол үшін уақыт беріледі.
4. Оқушылар жазғандарын оқиды, жинақтау пікірді топ басшысы айтады.
IV. Мәтінмен жұмыс. «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқу. Әр топтан бір-бір оқушы мәнерлеп оқиды.
V. Мағынаны ажырату.
Сөздікпен жұмыс.
жомарт - щедрый
Мұра – наследие
маржан - коралл
Секілді – подобный
меруерт - жемчуг
Ағын су – проточная вода
қияз құз - скала
Малта мас – галька
жер жанныты – райский уголок
VI. Пікірталас. 3 топ бір - біріне сұрау қою арқылы мысал мазмұнын, одан шығатын қорытындыны меңгереді.
1. Өлеңде не туралы жазылған?
2. Ақын суреттеп отырған таудың аты қандай?
3. Ақын тауды кімге теңейді?
4. Көкшетау туралы не білесіңдер?
5. Таудың биіктігі туралы өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?
VII. Ізденіс сатысы.Өлеңнен теңеу, эпитеттерді табу.
Көк орман, көркем тоғай, сұлудың көзіндей көл, малта тас, меруерт тас, жақпар сарай, бура тастар, сұлу кең дала, жомарт тау, момақан тау, шипа тау.
VIII. Әңгімелеу сатысы.Республикамыздағы өздері білетін таулар туралы әңгімелеу.
Көкшетау табиғаты Баянауыл табиғаты
IX. Венн диаграммасы
X. 5 жолды өлең.
1 топ: 1. Көкшетау 2 топ: 1. Баянауыл 3 топ: 1. Тарбағатай
Қорытынды:
1. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
2. Нелер естеріңде қалатын болды?
3. Көкшетаудың табиғаты қандай екен?
4. Біз табиғатымызды не істеуіміз керек?
5. Табиғат, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Үйге тапсырма беру. «Көкшетау» өлеңінен үзінді жаттау.
Бағалау. Топтық, жекел оқушыны бағалау..















































































САБАҚ: Төрт түлік

Мектеп: Алғабас орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Булатқанұлы Е.


СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

5.Т/А6.коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогқа даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру;

5.Ж2.жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

№1 Бақылау жұмысы

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу 2 минут

Түрлі – түсті қима қағаз әкелу. Оқушыларға соларды алуларын сұраймын. Қағаздардың түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.


1-топ «Сары қағаз»

2-топ «Көк қағаз»

3-топ «Қызыл қағаз»



Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут

І. Төрт түлік туралы не айтаcыңдар?
1. Қой - төрт түліктің ұсағы. Күзгі терісінен - тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.
2. Сиыр ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.
3. Жылқы - төрт түліктің бірі. Саусаң - қымызы сусын, мінсең - көлік. Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.
4. Түйе – түлік басы. Түйе – көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды.



Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі

Төрт түлік пірлері туралы не білесіңдер?

Тыйым сөздер.
* Қой қырқатын қырықтықты бос қайтармайды, жүнге орап береді.
* Қой қоздап жатқанда біреуге мал сыйламайды, сатпайды.
* Мал айдап келе жатқан адамға "айдар көбейсін" дейді, ал малшыға "бағар көбейсін" дейді
* Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
* Мал сүйегін пешке салма.
* Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
* Ақты төкпе
Малды теппе
* Малға теріс мінбе
* Малдың басынан ұрма
Мақал – мәтел мәйегі:
1. Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір
2. Малды баға биі, бабын таба біл

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Топта президент қалады. Келген өзге топ мүшелеріне берілген білім мазмұнын түсіндіреді.

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып жабыстырады. Мұғалім әр жауапты оқытып ұқсастықтарын, айырмашылықтарын тапқызып көреді.

Сергіту сәті

2 минут

Орнынан тұрып, дене – мүшелерін жазу.


Аяқталуы 20 минут

Талдау 10 минут Постер жасау

Жұмбақтар жасырайық.
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
2. Мүйізі айдай иірген
Мұрнын көкке шүйірген
Ірімшік пен құрт майы
Жегенде тілді үйірген.
3. Қамыс құлақ
Тостаған тұқ.
Мінсең - қанат.
Сүті - дәрі,
Еті - тамақ.
4. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.

Рефлексия 3 минут

Рефлексиялық эссе

Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:

  • Алдымен біз былай деп ойладық.....

  • Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық.............

  • Проблеманы шешу үшін......жасадық.

  • Бұдан біз..................көрдік.

  • Демек, бұл мынаны білдіреді.................

  • Сонымен біз.................деген шешімге келдік.





Жұмбақтар жасырайық.






Рефлексиялық эссе жазылған парақшалар таратамын. Оқушылар өз топ мүшелерімен бірлесіп жазады.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
789
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі