«Болашақ балабақша»
Cен не еткен бақытты едің келер ұрпақ,
Қараймын келбетіңе мен таңырқап ...
Қ.Аманжолов
«Қиял жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?»-деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Бірде жұмыстан келе жатқанымда қиялға берілген екенмін. Тәрбие саласында 30 жылға жуық еңбек еткен екенмін. Ал, болашақтың балабақшасы,шіркін қандай болар екен?-деген ой құшағына еніп кеттім.
Қиялымның көк жиегі көгілдір аспан астындағы алып гүлзарлы,бау-бақшалы, жасыл желекке оранған жұмақ мекен Қазақстанға келіп тірелді. Сол қиял – ғажайып ертегісіндегідей жайқалған ғажайып бақта,алыстан,алыстан мені өзіне бірден магнитше тартқан, күн нұрына шомылған ,алтын күнге басын иген кереметтей Күнбағыс пішінді ғимарат болды.
Жақындау таяп барсам, бұл – Болашағымның балабақшасы екен. Айдың алтын табағындай күнбағыс бетіндегі жапырақшалар ерекше көз тартып,құлпырып тұр. Бұл- бақытты балалар топталған құтты мекен. Әрбір жапырақша –әрбір топ. Шіркін, қазіргі таңдағы балабақшадағы топтар аздау ғой,мынау бір арманның асқар шыңы-ау деп ойладым. Күнбағыс жапырақшалары туған жердің жібек самалымен ырғала тербеліп, өзгеше сезімге бөлейді.
Ендеше, бұл- топтары көбейген, балалық балдәуреннің бақытқа бөлер баспалдағы – болашақ балабақша. Олай болса, бүгінгі таңдағы әрбір жас отбасының мәселесі, қажет десеңіз мемлекеттік мәселе шешілгені емес пе?
Әр жапырақшаның кереметтей құбыла-құлпыруы балғындарды баурай білетін,олармен бірге шаттана күлетін,күні бойы сәбилермен бір жүретін тәрбиешілер ғой. Олар зерделей қарасам, жаңа заманның жаңаша мамандары екен. Ол туралы сәл кейіндеу...
Сонымен әлгі әсем ғимараттың үш қабатты екендігін байқадым. Толқыған сезіммен болашақтың балабақшасының төменгі қабатына арман қанатында қалқып баяу кірдім.
Сөйтсем, мұнда алуан студия бөлмелері орын тепкен. Бір есікті ашып қарағанымда, мерекелік ұлттық киім киінген, үйретуші – жетекшілері оларға сүйінген, көңілді «Адай» күйі ойналып жатыр екен. Бүлдіршіндер назары-нотада. Әрқайсысының алдында жеке-жеке нота кітапшалары. Үлкен сахнадағы оркестр тәрізді. Кітапшалар түрлі-түсті бояулармен безендірілген. Кәдімгі кәнігі мамандар сияқты. Сонымен саз залы-саз әлемінің нағыз өзі екен.
Апыр-ай, бақытты балдәурен осы емес пе?- деген ой құшағында келесі есікке таядым.
Бұл- қолөнер студиясы болып шықты. Дөңгелек үстелдерді айнала отырған балақайлар кесте тігіп отыр. Кестелерін аса бір мұқиятпен ынталана тоқиды. Енді бірі түйме тігуді үйрену үстінде. Қыз балалар ою ойып, кесте тігіп тәрбиешіге ден қоюда. Тәрбиешілері қол зергері ғана емес, сөз зергері дерсің. Қолдары кестеде, құлақтары апайларының қоңыраудай күмбірлеген даусында. Тәрбиеші ертегілер елінің елшісі сынды тамаша ісмер қыз туралы бейнелей баяндауда.
Келесі бөлме бейнелеу өнерінің шеберханасы екен. Шеберханада алуан пішінді тіреуішті мольберттердің жанында майталман суретшілер секілді бүлдіршіндер қылқаламмен сурет салуда. Балақайлардың бет құбылысына зер сала қарасам, олар алаңсыз іске кіріскен.
Енді бірі кенеп матаға майлы бояумен Маңғыстаудың маң даласын бейнелеуде. Келесі шеберханада ұлттық бағытты ұстанған ұлдар тобылғы сапты қамшы жасау үстінде. Тәрбиеші ағай қамшы жасаудың технологиясының қыр-сырын тәптіштей үйретуде.
Бұдан әрі жаңа ғасыр куәсі іспеттес-компьютерлік дәрісханаға кезіктім. Әр компьютер ғаламтор желісіне қосылған , оның жанында жаңа заманның жас өкілі. Планшет бетін ыждағаттықпен ашып, алуан ақпараттармен танысуда. Енді бірі мультфильмдерді тамашалауда.
Тәуба, тәуба! - дедім ерекше таңданыспен. Сөйттім де одан әрі жүре түстім.
Енді зәулім дене шынықтыру залына таядым. Үрмелі резеңкеден жасалынған сан алуан пішінді доптар, таяқшалар, көпірлер, серіппелі турниктер дейсіз бе, әйтеуір жетіп жатыр. Серіппелі турникке тартылған балғындар, лентамен ауада түрлі ғажайып кескіндер бейнелеген қыздар. Енді бәз-біреулері, апырмау, дойбы, тоғызқұмалақпен әуестенуде. Теңбіл допты ұршықша үйірген ұлдарды да назарым шалды.
«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің»-демекші, қызықтың көкесі би өнері залында тәрізді. Біресе ұлттық ырғақта мың бұрала билеген «Қара жорғаны» байқасам, енді бірде өкшелерін тырсылдатып испан биін шырқ үйірген балғындарды тамашаладым. Жұптаса билеген жеткіншектер желкілдеген жауқазындай.
Шаттана шалқып, қуаныштан қалқып, масаттанып екінші қабатқа көтерілдім. Мұнда балғындарды дамытатын орта өзгеше әсерге бөлейді. Ойын залы, ғажайып патшалық тәрізді. Сан алуан пішінді ойыншықтар, муляждар, ойыншық кемелер, машиналар. Дидактикалық, сюжетті ойындар ойнайтын бұрыштар балғындарға толы. Тәрбиешілер сюжеттік көріністі асқан сабырлылықпен балалармен бірге дайындау үстінде. Өзінің кәсіби шеберлігімен құзіреттілігін арттырған тәрбиеші – ұстаз бала пікірімен санасуда. Оның пікірінде ескеріп, көрініске өзгеріс енгізуге тырысуда. Жатын бөлмелердегі жиһаздар да заманауи бағытта жабдықталған. Жаңа үлгідегі дизаинмен жасалынған кереуеттер, үстелдер, отырғыштар. Тіптен бөлмелердегі гүлдердің өзі хас шебердің қолынан шыққандай аса бір талғаммен орналастырылған.
Баяу ойнаған саз, қоңыр дауыспен айтылған ертегі жатын бөлмеде рақатқа бөлейтіндей.
Үшінші қабаттағы тірі табиғат әлемі тіл жеткісіз тылсым дүние. Ол аспан әлемімен тұтасып жатқандай. Тірі табиғат тіршілігі тоқтаусыз тірлік кешуде. Жұпар иісі аңқыған жалбыз, түймедақ, кактус, раушангүлдер, тағы-тағы алуан гүлдер. Нағыз жұмақ осындай-ақ болар. Тіптен бір бұрыштан аққайың бүршік атып тұр. Океанариум әлеміндегі балықтар, балдырлар, теңіз капустасы, мүк т.б. Балықтардың өзі бөлек дүние. Тоқтаусыз тынымсыз жүзген тіршілік иелері. Тірі табиғат бұрышының бір бөлшегі – арқарлар, киіктер, қырдың түлкісі, сұр қояндар. Қалай айтсамда тауысу мүмкін емес.
Айта берсем, аяқталар емес. Бүгінгі таңдағы балабақша кәсіби маманға зәру болса, мен аралаған болашақтың балабақшасындағы мамандар арнайы кәсіптік білімі бар, тәрбиенің жаңа үрдісін жетік меңгерген, оны өз ісінде ұштастыра білген, бала пікірімен санасатын сабырлы да сауатты, жаңа заман тұтқасы секілді.
Балабақша ауласына шықсам, міне қызық, аулада су бұрқағы алуан түрде атқылап тұр екен. Аула ішін теп-тегіс жасыл шөп көмкерген. Әр жерге әдеміленіп отырғызылған раушан гүлдері. Маңғыстау балабақшасының табиғаты көкшеден де асып кеткен бе?...
Аулада алтыбақан тәрізді әткеншектер қандай тамаша! Балалар ырғала тербеледі. Тәрбиеші халық әнін шырқауда. Анау ата-ана баласының осындай жағдайда тәрбие алатынын тәнті секілді-ау!Сыртқы есіктен шыға бере, кешегі мәңгілік өмір іздеген Қорқыттың желмаясына мініп, желіп өткен, «Жерұйық» іздеген Асанқайғылардың армандары осы – ақ болар. Әлем мойындаған Қазақстан алдыңғы қатардағы елдердің ішінде 51-ші орында болса, бұл кезде Жаһан дүние көшбасшыларының алдыңғы сапында болды-ау, - деген ойым бөлініп, «Мереке» балабақшасына таяп қалғанымды байқадым. Әдемі арманым орындалғай, лайым солай болғай!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе "Болашақ балабақша"

шағым қалдыра аласыз