Хусаинджанова
Зарина Муталиповна
Алматы облысы
Енбекшіқазақ
ауданы 251 топ
17 қараша, 2017 жыл
«CLIL»
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту
Жоспар
І «CLIL»
Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың
инновациялық әдісі
ІІ «CLIL»
Пән мен тілді кіріктіріп оқыту
әдістемесінің қағидаттары
ІІІ
«CLIL» Пән мен тілді кіріктіріп оқыту
әдісінің маңызы
І
«CLIL» Пән мен тілді кіріктіріп оқытудың
инновациялық әдісі.
CLIL
-
Content and Language Integrated Learning - Пән мен тілді
кіріктіріп оқыту әдісі. Пәндерді екінші
не үшінші (қазақ, орыс не ағылшын) тілде
оқыту. Пән мен тілді кіріктіріп оқыту
әдісін (CLIL) Еуропада көп тілді білімді
дамыту іс-қимылдары шеңберінде ұсынылған
болатын. Аталмыш әдіс үздіксіз өзгеріс
үстіндегі жаһандану заманында мектеп
түлектерінің бәсекеге қабілеттілікерінің
бір белгісі болып табылатын тілдерді
және басқа тілдерге пәндерді игеруді
жүзеге асыру үшін әзірленген.
CLIL әдісін
көптілді білім беру саласындағы ғалым
Дэвид Марш 1994 жылы Еуропадағы тілдік
білім берудің жағдайы туралы зерттеулерді
үйлестіру жұмысының барысында қолданысқа
енгізген. Халықаралық сарапшылар CLIL
әдісіне төмендегідей анықтама берген:
« тілді мәдениетаралық
түсінуге, халықаралық көзқарасты
қалыптастыруға және жалпы білім сапасын
жақсартуға дайындық құралы ретінде
қарастыратын инновациялық әдіс »;
« пәнді
оқуға және пән арқылы тілді үйренуге
бағытталған инновациялық әдіс»;
« екінші
немесе үшінші тіл арқылы пәндерді оқу
және пәндік салаларды оқу барысында
тіл үйренуді жетілдіру, яғни пәндік
және тілдік мақсаттарға қатар жол
жеткізу әдісі»
Мектептерде
үш тілде білім беру моделі негізінде
сабақ беру жүзеге асырылуда. Зияткерлік
мектептерде «Биология», «Химия»,
«Физика», «Информатика» пәндері ағылшын
тілінде оқытылуда. Осы пәндердің
мазмұнын, материалдарын ағылшын тілі
арқылы оқушыға жеткізу, түсіндіру. Бұл
оқушының пәнге деген қызығушылығы
арттырып, жан-жақты дамытады.
CLIL
мұғалімдердің назарын екі нәрсеге
аударады:
Пәннің өзі
(биология, химия, физика, информатика);
Тіл (ағылшын тілі)
;
Мысалы
мен биология сабағында терминдерді
(жасуша-cell, ұлпа-tissue,өсімдік-plant,
жануарлар-animals) ағылшын тілінде
түсіндіремін, ал оқушылар ағылшын
тілінде сөйлеу арқылы өзара қарым
–қатынас құрады, пәнге деген қызығушылықтары
артады, демек ізденуге ынталанады және
пән мен қоса тілді де үйренеді.
Бұл
әдісті қолдану арқылы, өзін -өзі дамытып,
тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе
алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке
тұлға қалыптастыруды мақсат етемін.
ІІ
«CLIL» Пән мен тілді кіріктіріп оқыту
әдістемесінің қағидаттары.
CLIL
-дің негізгі қағидасы болып табылатын
белсенді оқыту әдісін қолдану. CLIL –дің
әдістемесінің қағидаттары төмендегідей:
Пән мен тілді
кіріктіріп оқыту;
Командалық оқыту;
Тілдік ортаға
ену;
Осы
қағидаттардың негізінде биология
пәнінен мәтіндер шағын бөліктерге
бөлініп, сүреттермен, сызбалар
берледі.Оқушылар тез қабылдау және
зерттеушілік, шығармашылық, сын тұрғысынан
ойлау дағдыларын дамытады. Бұл оқушылардың
тілдік дағдыларды ғана емес, танымдық
дағдыларды да қалыптастыруға көмектеседі.
Танымдық дағдыларды ойлаудың қарапайым
(танып-білу, сәйкестендіру, түсіну)
деңгейінен жоғары (талдау, жинақтау,
зерттеу, бағалау) деңгейіне қарай
қалыптасады. Сондай-ақ биология сабағында
аудио, бейне материалдар, газет, журнал,
интернет, мақалалар оқушылардың тіл
үйренуге деген ынталарын арттырады.
Бұл оқушыларды жан-жақты болуға,
шапшандыққа үйретіп, қызығушылығын
арттыруға өз үлесін қосатын инновациялық
әдіс деп ойлаймын.
Пән мен
тілді кіріктіріп оқытудың өзара тығыз
байланысты төрт негізгі қағидатын
қарастырайық:
Кіріктірілудің
қағидаты – бұл бір оқу мазмұнының әр
түрлі саладағы жан-жақты білімдерімен
тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуі.
Биология сабағында бұл әдіс оқушыға
тірі табиғат туралы, олардың өзара
байланыстары туралы біртұтас мағлұмат
береді, олар құрылысы бойынша әр түрлі
және тіршілік ортасы жайлы, бейнелі
ой-өрісі дамып, биология пәнінің жалпы
мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы
шығармашылық мүмкіндіктері ашылады.
CLIL -дің негізгі қағидасы сабақтардың
құрылымы нақтылығымен,
сыйымдылығымен,орамдылығымен, сабақтың
әр сатысындағы оқу материалының зор
ақпараттық мүмкіндігімен ерекшелінетінін
көрдім.
Пән
мен тілді кіріктіріп оқыту қағидаттары
төмендегідей:
ерекшке
дарынды оқушыларға мәндіді де саналы
оқуға;
сабақ құрылымында
проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
жеке тұлғаның
зерттеушілік типін қалыптастыратын
оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
оқушыға бір
мезгілде әрекетті орындауда барлық
мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық
процесіне бақылау жасауға;
білім
берушілік, дамытушылық және танымдық
үш бірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы
тұрғысынан жүзеге асыруға;
сабақтың ақпараттық
сиымдылығын арттыруға;
оқушылардың
уәждемесін арттыруға, олардың оқу
танымдық әрекетін белсендіруге,
шаршағандары мен қажуларын азайтуға;
сабақ үрдісінде
өтілетін тақырыптың адам және қоғам
өмірімен тікелей байланысына мән
беруге;
оқушылардың
шығармашылық ойлауын дамытуға;
оқушылардың
алған білімдерін өмірде қолдана
білулеріне көмектесетін әдіс.
Яғни,оқыту,
тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру төрттігін
басшылыққа ала отырып, атап көрсеткен
қағидаттар негізінде оқушылардың
білімін бағалаймын. Бұл оқушының сабақта
өзін - өзі және өзгені бақылауына,
бағалауына мүмкіндік туғызады.
ІІІ
«CLIL» Пән мен тілді кіріктіріп оқыту
әдісінің маңызы
Қорыта
айтсам, пән мен тілді кіріктіріп оқыту
әдісінің маңызы - заман талабына сай
әлемді мойындататын, рухани биік,
бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу,
білімін дәл айқындауға мүмкіндік беретін
тұлға қалыптастыру. Жалпы алғанда бұл
әдіс бүкіл әлемнің білім беру жүйесінің
дамуының және қажетті тенденцияларының
бірі болып табылады. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында айтқандай: «Терең
білім-тәуелсіздігіміздің тірегі,
ақыл-ой-азаматтығымыздың алдаспаны».
Үздік оқытудың үлгісі бола алатын
көшбасшы, ұлттық зияткерлік әлеуметін
арттыратын ұрпақ тәрбиелеуге міндеттімін.