Эссе "Егер мен президент болсам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Егер мен президент болсам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Егер мен Президент болсам...

Әр адам баласының өз арман ойы мен мақсаты бар. Арман – асқақ биік шың. Оған жете алатын да, жете алмайтын да адамдар бар. Оған ешқандай күмән жоқ. Биік-биік белесті бағындырып, арманыңа қол жеткізсең, қандай керемет! Сонда ғана сенімділік, ұшқыр ой пайда болады. Әрине, президент болу үшін талмай еңбек етуің керек. Ең бастысы жетем деген арманың жете білу керек. Біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің бар өмірін еліне жеріне арнап келеді. Жүрегі сүйген еліне адал қызмет етіп, халық алдында антын беріп, азаматтық парызын өтеуі деп ойлаймын. Қазақта керемет бір мақал бар: «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген. Мен өзіміздің Елбасымызды қатты сыйлап, ол кісінің Отан алдындағы адал қызметін ешқашан ұмытпаймын да, ұмытпаспын да.

Ал егер мен президент болсам, мен де елім мен жеріме адал қызмет етемін. Ата Заңымызды келе жатқан болашақ ұрпақтарымызға жеткіземін. Еліміздегі сыбайластық пен жемқорлықты жоямын. Ауылдардағы білім беру ісінде кең жолақты интернет желісін қолдануды күшейтер едім. Елімізде қаншама үйсіз - күйсіз жүрген жанұяларды үймен қамтамасыз етер едім. Ел басы болу үшін мен қажымай-талмай білім аламын, ізденемін, көп еңбектенемін.

Мейлі Президент болмасам да, туған еліме сәл де болса өз үлесімді қосар едім.

Аспанымда көк туымыз желбіреген,

Жүрегім менің Отаным деп күмбірлеген.

Елбасымның салған сара жолымен,

Еліме адал қызмет етемін мен.



Мөнекей негізгі орта мектебі

2-сынып оқушысы

Мейрамбек Мансұр



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2019
2668
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі