400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. Елбасы ел мақтанышы 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы өмірін зерттеу арқылы ұлы тұлға болу үшін қандай қадамдар жасау қажеттігін анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

КӨКПЕКТІ АУДАНЫ

«Казнаковка орта мектебі» КММ

«Әскери қызметкер болғым келеді» эссе



Мектебімізге жиі қорғаныс бөлімінен мамандар келеді. Олардың келуі менің өмірімде көп нәрсені өзгертті десем де болады. Кездесулер кезінде еліміздегі біраз әскери жоғары оқу орындары туралы ақпарат алдым. Соның ішінде маған ұнағаны «Құрлық әскерлерінің Әскери институты» болды және сол оқу орнына барамын деген ой пайда болды. Кейін сол оқу орны туралы тағы да толығырақ мағлұмат алдым. Елімізге әскери мамандар даярлау ісінде нағыз ұстахана саналатын Құрлық әскерлерінің Әскери институты офицерлік кадрларды 11 мамандық бойынша дайындайды екен. Мен «Автокөлік әскерлерінің командалық – тактикалық даярлығы» мамандықта оқимын деп шештім. Институт заманауи оқу материалдық  базамен, техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етіліпті.Болашақ оқу орным жөнінде біраз ақпарат та жинап қойдым. Өйткені менің онда қалай білім алатыным өте маңызды. Училищенің лекциялық аудиториялары, кабинеттері және кластары ғылым мен техниканың заманауи даму деңгейінде әскери мамандарды дайындауға керектінің барлығымен жабдықталған екен. Оқу үдерісінде оқытудың заманауи техникалық құралдары компьютерлік және есептеу аппараттарын пайдаланумен кеңінен қолданылатын көрінеді. Кәсіби тәсілдерді жақсартумен қатар институтта курсанттардың демалысын ұйымдастыру да қарастырылыпты. Осындай қызықты мәліметтердің арқасында болашақ мамандығымды таңдап, алдыма үлкен жоспар қойдым. Ендігі арманым әскери оқу орнын бітіріп, әскери қызметші болу. Қазір мен мектепте 10 сыныпта оқимын. Үйдің кенже баласы болғандықтан өзімді отбасымның жауапты адамы деп есептеймін. Бос уақытымда спортпен айналысамын. Бұл менің таңдаған мамандығым үшін де қажет. Спорттағы жетістіктерім де жоқ емес. Өз қызығуыма байланысты мектепте бастапқы әскери даярлық сабағын, сайыстарын да қалт жіберген емеспін.


Демесинов Данияр

10-сынып оқушысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.12.2020
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі