Материалдар / Эссе "Елін сүйген, елі сүйген елбасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Елін сүйген, елі сүйген елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
4346
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік таңы атты, дербес халық атандық,

Кештік талай азапты, айтсаң жанға батарлық.

Орындалды бар аманат ата-бабам аңсаған,

Алашымды мақтан етіп, бар әлемге жар салам.

Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан Республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның елбасшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі елбасымыз Н.Назарбаевтың арқасы. Қазақ халқының ең қиын кездерінде билікті қолыны алып, қандай қиын жағдайлар болсын шыға білді. Елбасымыздың есімі тарихта мәңгі қалады. Елбасымыз не жасаса да біздің игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасайды. Еліміз өте тез дамып келеді. Біздің елбасымыз дүниедегі ең керемет елбасы. Олай ойлауымның себебі президент рөлінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бар жан-тәнімен қазақ халқын тек алға басады. Елді бірлікке шақырды. Қазақ тілінің тәуелділігін асырды. Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ  халқы біреуді артық, біреуді кем көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан –өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт –дәстүрі бар қасиетті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар –намыс, жігер, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жетіп келген. Тарихымызға үңіле отырып, «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» -деп  ойланар болсақ, әрбір азаматтың туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жібере қарайтын және жүрек түкпіріндегі сөзі деп ойлаймын. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы қазақ елінің соңғы жиырма бес жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды.  Ұлы даланың тағдыр  - тарихын барлық  тынысымен түсініп , елінің алдыңғы тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғыртары сөзсіз.

Бүгінде Қазақстан – дамыған экономикалы, аяғына нық тұрып, жарқын болашақта, Астанадай бас қаласы гүлденген мемлекет. Бас қалада биік, аспанмен тілдескен ғимараттар, түрлі ойын- сауық кешендері бар. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келіп, әсем қаланы тамашалауда. Сонымен қатар, Елбасымыз Қазақстанның өзге де өңірлердің дамуына жағдай жасауда. Осындай бейбіт те тыныш елде өмір сүру – үлкен бақыт, қуаныш. Елбасымыз әмандә ел қамын ойлап, халқы үшін аянбай тер төгуде. Қазақ елінің жағдайын жақсартып, ел ішіндегі бейбітшілік пен татулықты сақтап, аспанымыздың ашық болуы үшін тырысып бағуда. Ел үшін жасап жатқан еңбегінен зор махаббатты аңғаруға болады. Елін сүйген Елбасымыз аман болсын. Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні барлық қазақстандықтардың күні. Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке.

Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің тәуелсіздігі жылдары ішінде барлық салаларда халқымыздың парасаты мен рухани құндылықтарын, ой-санасын, дәстүрі мен салтын, өнері мен мәдениетін, тарихи мұраларының қайта өркендеуіне кең жол ашты.Тәуелсіз елдің Тұңғыш астанасы Астана қаласында дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орталығы ретінде танылуы да еліміздің әлемдік қауымдастықтарда зор беделге ие екенін әйгілегендей.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Еліміздің болашағы бүгінгі күннен басталады «Қазақстанның болашағы, жастар, сіздердің қолдарыңызда» деген сөзі бізге, жас ұрпаққа, жас әулетке үлкен жауапкершілік артады. Ұрпағы өз тілінде, мемелкеттік тілде сөйлеген ұлттың рухы биік. Тарап кеткен бабаларыңды бауырыңа, ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім! – деп Мағжан атамыз жырлағандай, еліміздің егемендігін танытатын – қазақ тілі болашақта толық күшіне енеді. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, Қазақстанды дүние жүзіне танытады. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» - деп елбасымыз айтқандай, ХХІ ғасыр білімді, қазақ тілінде еркін сөйлейтін азаматтарды қажет етеді.

Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын. Қанша қиындық көрсе де, абзалдылығы мен сабырлылығын, басқа халықтарға деген сыйлаушылығын сақтай білген халықты, қазіргідей қиыр - шиыр тарихи сын кезеңде өзім ажырамас бөлшегіне айналып отырған асыл жұртымды, ХХІ ғасыр табалдырығынан аттап, өз талабын тағы бір сынап көргелі отырған тәуекелшіл ұлтымды қалай мақтаныш етпеспін. Қалайша бас имеспін.» 

Болашағым Қазақстанның алдағы, 
Орындалсын қазағымның арманы. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев, 
Халқымыздың сеніп алған таңдауы. 
Асқақ болып еліміздің жалауы, 
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы. 
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке, 
Қазақстан Республикасының қалауы. 
Еліміздің тыныштығын ойлайтын, 
Халқым менің Елбасыны қолдайық. 
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған, 
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев! 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!