400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

эссе Елтаңба елдігімнің белгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Елтаңба туралы түсінікті кеңейту,қызықты ақпараттармен бөлісу мақсатында жазылған эссе, Пайдалы ақпараттарға толы,топ 5 ерекше елтаңба жайында жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елтаңба елдігімнің белгісі

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Яғни, қазіргі таңда ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің нағыз өзекті мәселелері экономика, саясат, қорғаныс саласымен емес, керісінше, ұлттың басты құндылығы болып табылатын ұлттық нышандармен тығыз байланысты.

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. «Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.» Н.Ә.Назарбаев сөзімен эссемді бастағым келіп отыр.

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.

Біздің  Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.Елтаңба негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі. Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Көп ұзамай тәуелсіз елдің төл белгісі қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты. Елтаңбаның авторлары - Ж Мәлібеков, Ш.Уәлиханов болатын.Жалпы, Әлем елдерінің мемлекеттік рәміздерінде мәдениеттің, тарихтың, менталитеттің бірегей элементтері туралы мәліметтер символдық түрде берілетіні бәрімізге белгілі. Әлем елдерінің ең қызықты елтаңбаларына арнайы тоқталайық. Жапон елтаңбасы бұл көшті бастап тұрған ең ерекше елтаңба. Күншығыс елінде елтаңба мемлекеттің ресми рәміздеріне кірмейді. Дегенмен, Жапонияның елтаңбасы әлі де зерттеу үшін ерекше қызығушылық тудырады. Елтаңбада алтын түсті хризантема бейнеленген, оның құрамында 16 гүл жапырақшасы – кику бар. Бұл гүлдің жазылуы да, айтылуы да «күн» сөзімен бірдей. Хризантема ел азаматтарының арасында барлық тіршілік иелеріне өмір беретін негізгі шаммен байланысты.

Екінші елтаңба бұл-француз елтаңбасы. Француз елтаңбасының әрбір элементі ерекше мағынаға ие. Елтаңбадағы емен жапырақтары мемлекет билеушілерінің даналығын, зәйтүн бұтақтары бейбітшілік пен тату көршілік қарым-қатынаста болуға деген ұмтылысты білдіреді.

Үшінші кезекте бізде -Австралия елтаңбасы.Австралияның ұлттық елтаңбасында оның барлық мемлекеттік әкімшілік бірліктері жұқа күміс жіппен жалғанған миниатюралар түрінде бейнеленген. Осылайша символикалық түрде бұл ел материктің барлық алты мемлекетінің бірлігін көрсетеді. Сонымен қатар, Елтаңбада жеті бұрышты алтын жұлдыз орналастырылған, онда алты сәуле мемлекеттерді, ал жетінші - елдің Солтүстік аумағын көрсетеді.Төртінші елтаңба-Таиланд елтаңбасы. Бұл елдің елтаңбасында геральдикалық қалқан немесе көптеген мемлекеттердің ұлттық рәміздеріне таныс басқа классикалық элементтер жоқ. Тек Гаруда бейнеленген - буддизм мен индуизмде Вишну құдайы мінетін мифологиялық құс. Дәл осы құс құдайдың құдіретінің көрінісі болып саналады және ағартушылықтың символы болып табылады.Ал соңғы елтаңбамыз бұл-Ирландия елтаңбасы. Ирландияның елтаңбасын басқа елдердің ұлттық рәміздерімен салыстырғанда ең минималистік деп атауға болады. Ол көк геральдикалық қалқан түрінде берілген, оның бетінде алтын арфа бейнеленген. Ирландия мифологиясында арфа жиі кездеседі. Аңыз бойынша, Ирландияның ежелгі королі Тристан арфада ойнаған. Күміс ішекті музыкалық аспап еліміздің рәмізі ретінде біздің заманымыздың 8 ғасырында танылған.

Міне көріп отырғандарыңыздай әр елдің,әр халықтың елтаңбасы –халықтың шығу тегі,тарихы,тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді.Әр елтаңба өзіндік маңынаға,маңызға ие.Елтаңба халықтың бүгіні мен ертеңі.Оны құрметтей білу –әрбіріміздің парызымыз

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.04.2022
924
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі