400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Еркіндігім қасиеттім"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Еркіндік» деген сөздің өзі көп мағынаны ұқтырады. Қандай қасиетті, қадірлі сөз десеңші?! «Еркіндігің», «теңдігің» деп тегін айтылмаған. Басқа мемлекетке, бөгде адамға тәуелді болғаннан азат бар ма?! Жалтақтап күн көру қандай қиын. Еліміздің еркіндік алғанына 30 жыл болып қалды. Осы жылдар ішінде туған еліміз қиындақтарды бастап өткезіп, қазіргі кезеңде өркениетті әлемге танымал мемлекетке айналды.
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің «Шал ақын ауданының білім бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі «Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Оразалина Жулдыз Тураровна
Қазақ тілі мен əдебиет мұғалімі

«Еркіндігім қасиетті»

Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы
2021 жылы

Еркіндігім қасиетті
«Еркіндік» деген сөздің өзі көп мағынаны ұқтырады. Қандай қасиетті,
қадірлі сөз десеңші?! «Еркіндігің», «теңдігің» деп тегін айтылмаған. Басқа
мемлекетке, бөгде адамға тəуелді болғаннан азат бар ма?! Жалтақтап күн көру
қандай қиын. Еліміздің еркіндік алғанына 30 жыл болып қалды. Осы жылдар
ішінде туған еліміз қиындақтарды бастап өткезіп, қазіргі кезеңде өркениетті
əлемге танымал мемлекетке айналды.
Бұрын Қазақстан деген ел, мемлекет бар екенін шет елдер білмейтін.
Əлем қатарына танымал болғанымыз, бірінші Президентіміз қазақ халқының
дара туған ұлы. Н.Ə.Назарбаевтың саясатынымен іскерлігінің нəтижесі меніңше
1991 жылға дейін, көршілес елдердің көлеңкесіңде калып қойдық.
Еркіндігім
Қасиеттім
Қастерлім
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң
Кеше сенің келбетіңді арман ғып
Боданына бұғауландық басқа елдің
Бабалардың басын тігіп бəйгеге
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік
Қош келдің! дей отыра, еркіндіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Қазақстан етекжеңін жиып шекарасын бекітіп, өз алдына дербес, замырлы, еркін ел болды.
Еліміздің ұлты, ұлысы, салты, дəстүрлі, мəдениеті, экономикасы бар.
Еліміз тəуелсіз алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақстан
еркіндік алғанда бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тəуелсіздікті басқа шет
елдер де қолдайды деген сөз, қолдады да, жаңа республиканын əрі қарай
дамуына ерен еңбек керек, оның ішкі сыртқы əлемі, экономикасы, ақшасы
секілді құндылықтарға келіп тіреледі.
Менің ойымша, осының бəріне қол жеткізген, біріншіден дара туған,
халқының жан ашыры Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлының ұлылығы. Осы отыз
жыл ішінде арман болған астанасы пайда болды. Алматы – ел сүйсінген,
мəдениет пен əдебиеттің қаласына айналды.
«Еркіндік» пен «тəуелсіздік» бір-біріне тығыз байланысты, алмастыра ала
алады. Қазақ хандығынан бастап, егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті
жалғастырып келе жатқан, ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Отанды
қастерлеу – əрбір ұрпақтын міндеті. Қазақта «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл»
деген сөз бар. Сол секілді тірлік кешу, ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін
емес.
Біріншіден, Тəуелсіздік – ащы термен келген тəтті жеңіс төгілген қанның,
өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Осы тəуелсіздігімді, еркіндігімді
ардақтай білейік, туған елдің туын биікке, нығыз ұстай білейік дегім келеді.

Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім
Ең шуақты
Ең шырайлы
Ең шерлі
Əр таңыңды сүйіншілеп тұрейык
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі – деп ақын ағамыздың өлең жолдарымен
аяқтай отыра, Еркіндіктің аясында өмір сүргенімізге қуанайық, жас ұрпақты
отансүйгіштікке тəрбиелейік.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.01.2022
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі