400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Естелік сурет"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Еркін тақырыпқа эссе

Естелік сурет

Анамның әкесі Жұмағазы атамды есіме әжем түсіреді. Ол қылтамақ деген аурудан көз жұмған екен. Төсекте жатқанда мен оған кішкентай кезімде көмек берген екенмін. Ол туралы әжем айтқан сайын есіме түседі. Әжем құлағы естімейді, ол үшін үйдің құлағы болған екенмін. Нағашы атамның көзі нашар көреді, ол үшін мен көзі болған екенмін. Үйге адамдар келе жатса, ас үйде жүрген әжеме жүгіріп айтамын. Атам түкіргіш іздесе, оны тауып беремін. Сонда менің күнде томпаңдап істейтін жұмысым осы. Ал басқа немерелер далада ойында жүрген екен.

Бір күні анам қатты жылады. Мен оның не үшін жылағанын қазір ғана түсініп келемін. Өйткені нағашы атам Жұмағазы қайтыс болған екен. Содан бері атам туралы әжем әңгіме айтса, фотоальбомнан суреттерін іздеп сағына бастадым.Анама көрсетпей бір суретін әжемнен сұрап алдым. Естелікке мені жақсы көрген атамның суретін сақтап қойдым. Ол Еңбек ардагері екен. Қостанай облысы Науырзым ауданындағы "Көктал" кеңшарында еңбегінің жемісіне тоғыз баласы бар атама үлкен үй сыйлаған екен. Сол үйден тоғыз баласы өсіп, өз жолдарын тапқан екен. Мен сол тоғыз баланың ішінен шыққан анам Маржанның ұлымын. Атамнан қалған естелік суретке қарап, мен де еңбекқор болғым келеді. Қазір 3 сынып оқушысымын. Мен атамды өте құрметтеймін және анамның әкесі өте мықты адам болған.

Нұрсейіт Әнуар, 3 сынып, "Тобыл орта мектебі"КММ



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.04.2019
1222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі