Саран қаласы
№16 жалпы білім беретін
мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Д.Бекетова
Эссе
«ХХІ-ғасыр мұғалімі қандай
болу керек?»
Жаңашыл мұғалім дегеніміз кім?
Қазіргі замандағы мұғалім қандай? деген сұрақтар көкейге
келгенімен, жаныма тебіреніс ұялатады. Адам баласын дүниеге әкелген
ана болса, одан кейінгі өмірі ұстаздың қолында. Барлық елде ұстаз
адам баласына өміріне жетер азық беретін жан ретінде айтар әні мен
жырлар сөзінде жүргені рас. Халық даналары ұстазға арнап, түрлі
жылы сөздер арнауы да ұстазға деген құрметтен екенідігі белгілі.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық нақылының да астарында
өнеге мен тәлім-тәрбиенің жатқаны айдан анық. Заман ағымы алға
жылжып жаңарған сайын ұстаздың да жаңашыл бағытқа өзгеруі де заман
талабы. Әрине құс қанатсыз ұша алмаса ұстаз шәкіртсіз болмайтыны
анық. Ұстаздың жаңаруы заманның өркендеп өсуі. Ұстаздың жаңаруы
шәкірттің қиялының шарықтауы, өзіне-өзінің қолы жетуі болып
саналады.
Қазіргі жаһандану кезінде
ұстаздың заман ағымымен өзгеруіне көп көңіл бөлінудің өзі өскелең
ұрпақтың бәсекеге қабілетті болып, заман ағымына бой беретін ұрпақ
болып өсуінің кепілі екендігі баршаға аян. Қай заманда болмасын
білім –ол адамның өміріне жетерлік нәрі болып саналған. Оны берген
адамдар ұстаз ретінде барлық сый –құрметке ие болған. Қазіргі таңда
сол берген білімге кейбіреулері қарсылық көрсетіп «Егер сол кезде
осындай болғанда...» деген сөздердің айтылып жүргені рас. Өзім
білім алған заманды салыстырар болсам, ол кездегі біліммен қазіргі
білімнің еш айырмасы жоқ дер едім. Тек сол заманда ақпараттық
технологияның әсіресе ғаламтор болмаса да өз білгендерін үйретіп
жатты. Сол заманда білім алған түрлі адамдар осы күні түрлі
деңгейдегі дәрежелерге де ие болып, өзінің өмірдегі орын тауып
жатты. Қазіргі таңда ұстаз миссиясы балаға білім беру емес, оған
керісінше түрткі болу, өзінің іздеп табуына жағдай жасау болып
табылатындығы әрине біздің жұмысымызды жеңілдеткені айдан
анық.
Заман өркендеген сайын оған
деген сұраныстың да өскені ме, әйтеуір оқушыға қойлатын талаптар
мен мұғалімдерге қойлатын талаптардың артқанын байқаймыз. Абайдың
сөзімен айтқанда «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің» орнына,
«Бас, қол, жүрек» келгенін көрудеміз.
«Елден елдің несі артық, бірақ ақыл сөзі артық,
жерден жердің несі артық, бірақ асым шөбі артық» деп кеткен бабалар
сөзімен сөзімді аяқтағым келеді. Басқа елдермен тереземіз тең,
қабырғамыз бірге болса, онда кемелді келешек білімді болуы керек.
Білімді ұрпақты тек ұстаз ғана тәрбиелей алады. Өзгерейік,
өзгеріске бірге ұмтылайық дегім келеді. Мен осы курсқа өз
болашағымды емес, өзім білім беріп, тәрбиелеп отырған ұрпақты
ойлағандықтан келдім. Менің өзгергім келеді.