Материалдар / ЭССЕ "Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЭССЕ "Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп ұжымына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
987
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?Біздің мемлекетіміз жылдан жылға әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қарқынды дамытып келе жатыр. Осы заманауи прогрессивті елімізде білім мен ғылым саласын дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр. Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Қазақстан халқына жолдауында, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту қажеттілігі мен орта білім беру жүйесін халықаралық стандарттауға негіздеу туралы айтып өткен еді. Мектеп қабырғасынан алынған білім, келешек ұрпақтың болашағының бастамасы болып табылатыны бәрімізге белгілі. Менің ойымша, жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін, ең бірінші ұстаздар арасындағы өзара байланысты дамыту керек. Себебі, кез-келген мектеп ұжымының бірлесе отырып жасаған еңбегі, ол болашақ ұрпақтың білімді, мәдениетті, келешегінен үлкен үміт күттіретін азамат болып өсуінің негізі болып табыладыМектептің ҰБТ, аттестаттау арқылы бағалауға қанша тырысса да, оның нәтижелерін өлшеу қиынға соғады. Жоғары тұрған басшылық пен әкімшілік қанша күш салса да, мектептің шынайы өмірі стандартты процедуралармен және қағидалармен регламенттеледі, ал ұжымдағы қарым-қатынас негізінен бейресми тұлғалық сипатқа ие. Мектеп мәдениетінің ерекшеліктерін оның даралығы мен бірегейлігі, педагогикалық ұжымның ішкі және сыртқы оқиғаларды қабылдау ерекшеліктері айқындайды. басшы тұлғасының ерекшеліктері, мектептің айқындалған мақсаты, оның мақсаттары мен міндеттер, педагогтардың жалпы білім деңгейі мен біліктіліктері. Мектептің ұйымдық мәдениетінің ерекшелігін түсіну оның адамзаттық әлеуеті туралы түсінік қалыптастырады, оның мақсаттылығын немесе белгілі басқарушылық іс-әрекеттің мақсаттылығын бағалауға, мектептің білім беру-құрылымдық жүйесінің стратегиялық даму бағыты мен қарқынын барынша нақты жоспарлауға мүмкіндік береді. Мектептің ұйымдық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуші ішкі факторлар. Нышандар жеңіл оқылады, ал мектепке тексеруші немесе жай қонақ ретінде адамның көзіне бірден түседі. Бұл «қабырғаға салынған сурет», хабарландыру тақталарының мазмұны, түрі, және марапаттар (стендке ілінген немесе директордың немесе мектеп мұражайында сақталатын) және тағы басқалары. Мектеп үшін бұл мектептің елтаңбасы, туы, әнұраны болуы мүмкін. Егер мектептің ешқандай нышандары болмаса, онда мектеп нышандарын авторлық бейнелеу конкурсын өткізуге болады, осыдан кейін жалпы жиналыста осы нышандарды қабылдап, оларға құрмет таныту керек. Мектеп стендтерінің мәнін бағалау қиынға соғады, себебі олар хабарлама, сабақ кестесін, сыныптан тыс іс-шараларды, жаңалықтарды, мерекелерді, тарихын және т. б. жариялауға арналған. Мектеп стендтері оқушыларды, ата-аналарды және оқытушыларды ақпараттандыруға көмектеседі, сондай-ақ эстетикалық тұрғыдан әдемі. Мысалы, «Біздің шығармашылығымыз» стендінің көмегімен жұмыстардың әртүрлі мектептік көрмелерін ұйымдастыруға болады. Мектеп бұрыштары, оқу кабинеттеріндегі стендтер тәрбие және білім беру үдерісіне көмегін тигізеді. Тақырыптық стендтер тереңдетіп оқуды ынталандыруға бағытталған. Әр мектепте «Құрмет тақтасы», үздік оқушылар мен олардың оқудағы, спорттағы және қолөнерден жетістіктерін көрсетуге арналған стендтер бар. «Мектебіміз оларды мақтан тұтады» стенді де тәрбиелік рөл атқарады, мұнда сонымен қоса, жетістікке жеткен мектеп түлектерінің суреттері мен олимпиададан басқа да жетістіктері ілініп тұрса тіптен жақсы болар еді. Олар мектептің қаһарманына айналып, үлгі тұтар тұлғаға айналуы тиіс. Қазіргі кезде оқытудың техникалық құралдары мен ақпараттық технологиялардың рөлі артты, ақпаратты жеткізудің жаңа тәсілдері қалыптасты. Мектеп сайты – бұл мектепті көрсетудің, оның беделін қолдау мен дамытудың, өз көшбасшылары мен жетістіктері туралы айтудың жақсы мүмкіндігі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!