400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе. Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны

«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,

ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»

А.Байтұрсынов


Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаhандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болумен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» - деген болатын.

Технология, коммуникация мен ғылым салаларындағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа XXI ғасырда табысты болу үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады.

2018 жылдың 04 – 29 маусым аралығында Қызылорда қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырған «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсының тыңдаушысы болдым. Курста жаңартылған білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Оқу барысында пәнді жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтер тыңдап, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын үш құжатпен – Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағымен танысып, жұмыс жасадық. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып, одан әрі дамытылып отыратын спиральді оқу бағдарламасы моделіне негізделген.

Бағдарламаның мақсаты: пән бойынша Оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар әр жылы келесі сыныпқа ауысқан сайын ақпаратты бағамдау, дәлелдерді қабылдау және өз дәлелдерін ұсыну, тапсырмаға, аудитория мен мақсатқа сай келетін терең жазбаша материал өндіру үшін аталған дағдыларын қолдануда шеберлігі арта түседі.

Оқушылардың бойында XXI ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді.


«09-БЖ-19-18» тобының тыңдаушысы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

№149 «Қызылту» орта мектебінінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Батаева Дина Муханбетовна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
12.06.2019
879
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі