15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе: "Жаңартылған білім беру – заман талабы"
Түркістан
облысы Жетісай ауданы Абай ауыл
әкімшілігі №53
Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі және мектеп
тренері Жасузакова
Зейнеб Мусабековна
Эссе
Жаңартылған білім беру – заман талабы
Ұстаз – ұлағатты ұғым.
Ұстаз...... Қандай қасиетті сөз!Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.Арман алдамайды деген осы-ау.Бала қиял жетелеп ұстаздық қызметті таңдап,осы саланың қыр сырын үйреніп,оның қатпар-қатпар жоталарынан асып-асып қырқасына жетем бе дегенше талай-талай өзгерістердің куәсі болатынымыз сөзсіз сияқты.Білім беру саласындағы сындарлы оқыту бағдарламасы күні кеше танысып жаңалық тапқандай едік.Енді, міне тағы да жаңалық.Жаңартылған білім мазмұны мен үшін жұмбақ, мен үшін құпия еді.
Қай кезеңде,қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады.Білім саласында түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді.Өздігінен білім алатын,жан – жақтыізденетін алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу – ұстазқолында.Заманауи қоғамныңзиялы азаматын білім беру сана әлеуеті жоғары дамыған,сын тұрғысынан жаңаша ойлай білетін,рухы мықты,өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адам тәрбиелеу.
«Оқу инемен құдық қазғандай» демекші,шығармашыл,ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады.Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.Аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол.Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып,білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр сырын зерттей бастаған сәтімде арнайы курсқа келуім бағдарлама туралы туындаған сұрақтарыма жауабын табуыма мүмкіндік берді.
Негізінен жаңартылған білім беру жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама екендігіне көз жеткіздім.Жаңартылған білім берудің маңыздылығы оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып,сын тұрғысынан ойлау,зерттеу,функционалдық сауаттылығын арттыруды талап етеді.
Аталмыш бағдарламада оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетке асыра білуі керек.
Үйренгенімізде,үйренерімізде
көп.Оқушы бойындағы қабілетті
жетілдіріп,оқушыларды болашаққа
жетелеп,жақсы іс бастағалы отырмыз.Жаңартылған
білім-болашақтың негізі.Жаңартылған
білім беру бағдарламасының ерекшелігі
спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу
мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды,
сабақтарды құрастыру барысында көз
жеткіздік. Бағалау жүйесіде түбегейлі
өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау
жүйесіне өтеді.Критериалды бағалау
кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала
белгіленген критерийлердің нақты
жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән
бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады:
қалыптастырушы бағалау және жиынтық
бағалау. Баланың жан-жақты ізденуіне
ынталандырады. Бұл бағалау жүйесінің
артықшылығы, баланың ойлау қабілетін
дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын
туғызады. Кеңестік заманнан қалған бес
балдық бағалау жүйесі жойылады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті
оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі
болып табылады және тоқсан бойы жүйелі
түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау
үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар
мен мұғалім арасындағы кері байланысты
қамтамасыз етеді және балл не баға
қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға
мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу
бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ
тақырыптарын және белгілі бір оқу
кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім
деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі
туралы ақпарат алу мақсатында балл және
баға қою арқылы өткізіледі.
Қалыптастырушы
бағалау және жиынтық бағалау барлық
пәндер бойынша қолданылады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсатта күрделене түседі.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Курстың маңыздылығы да міне, осында.
Жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін меңгерту. Курста жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары да қарастырылды.
Қорыта келе, мен мақаламды ақын Міржақып Дулатовтың «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стнадартқа сай жаңа білім беру - жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін,бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Қазіргі зaман ғылым мeн тeхниканың ғaрыштап дaмыған кeзі. Әлeм елдeрінің араcында жахaндану үрдіcі жүріп жaтыр. Оcы тұcта Қазaқстанда жахaндану үрдісінeн көш қaлмауы қaжет. Жиырмa бірінші ғаcыр ғылым мeн білімнің шaрықтап биіккe cамғаған ғаcыры. Оcы ғаcырда білімнің шыңынa жeткен, кeремет жeтістіктерге қoл жeткізіп, дaмыған eлдер көш бастaп кeледі. Қaзақ eлі өзінің қaншалықты дeңгейде eкенін дүниe жүзіне мoйындату үшін кeмеңгер баcшылығымен, бoлашақ жаcтарының білімділігімeн, мeмлекеттің мықты сaясатымен, шeкарамыздың бeріктілігімен мaқтана aламыз. Қaзақ хaлқы тaлай қиын тaғдырларды басынaн өткізгeн eл. Олaй болcа жиырмa біріншi ғаcырдың көшінeн Қазақcтан қaлмақ eмес. Ең aлдымен мeмлекеттің бoлашағы жаcтар болcа, cол жаcтардың бoлашағы біліммeн өлшeнбек. Оcы тұcта мұғaлімге жүктелeр міндeт те cалмақты. Жaхандану заманындa жaңа көзқaрас, жaңаша бaғыт өтe қaжет. Жaңа мұғaлім-жаңaша oйлап, жaңа көзқарaс қaлыптастыру қажeт. Оқушығa шынaйы білім мeн тәрбиe қатар бeре oтырып, aқпараттық тeхнологияларды мeңгеруі тиіc. Жaхандану үрдісіндe мұғaлімнің өзгeруі шaртты құбылыc. Өйткeні ол –зaман тaлабы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген