400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе. Жаңартылған білім беру аясында

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе. Жаңартылған білім беру аясында
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Менің курстан алған әсерім»

Қыс мезгілінде яғни 11.02-1.03 аралығында курсқа барасыңдар деп оқу ісінің меңгерушімсі айтқан еді.Мен күн жылына барғанда жақсы болар еді деп ойға қалған болатынмын.

Алғашқы күні қобалжып барып отырғанымызда Айсулу Бахытқызы жылы жүзімен бізді қарсы алды.Алғашқы танысудың өзі тәтті әрі қызықты болған тәрізді.Бізге жадырап көктем келген тәрізді.Балмұздақ таяқшасы арқылы жұптасып бір-бірімізді таныстырдық.Өзімізді өзіміз таныстырғанша біреудің таныстырғаны сәтті шықты. Алғашқы күнгі тренердің берген ақпараттарынан-ақ, мен бұл курс оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс туралы екеніне бірден көзім жетті. Алғашқы, 1-апта мен үшін өте тез өтті. Әр сабақ ширатумен басталып, топ-топ болып бөлініп, теориялық білімімізді па білдік.Мәліметтер жаңаша, жақсы, ынталандырарлықтай болды. Тіпті неге менің алғашқы ұстазым дәл осы кісі секілді болмады деген ойға келдім. Осы  курста  біраз  мағлұмат  алдым.. Нақтылығын айтқанда, оқушы  өзінің  түсінетінін  өзі  зертеп  білімді  жинайды, сыни тұрғыдан  ойлау  қабілеті  дамиды,өзінің  оқуына  қатысты  таңдау жасап, басқаларының  ойымен  күмәнмен  қарау, өзін, достарын бағалай үйренеді. оқушы  қалыптасады. Тренер Айсулу Бахытқызы бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен және мақсаттарымен таныстыра отырып, критериалды бағалауды және мұғалімдердің бойында жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды, тиімді оқыту мен оқу тәсілдері, тиімді сұрақтар қоя білу критериалды бағалау, қысқа мерзімді жоспардың өзгергені жөнінде, жоспарлау туралы көптеген мәліметтер кеңінен қамти білді. Көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қалай тиімді пайдалану керек екендігін үйрендік. Атап өтсем: «Аялдама» ,«Балмұздақ» , «Алты тастама»,  т.б. Курс тақырыбы бойынша тренеріміз Айсулу Бахытқызы біліктілік деңгейі, баяндауы, педагогикалық шеберлігі өте жоғары екендігі бірден байқалды. Қандай да бір сауал қойсақ, бірден кеңінен жауап беріп, жан-жақты, білімді екенін бірден байқауға болады. Біз жұмыс барысында тәжірибе жұмысының әртүрлі түрін таңдау арқылы топтық, ұжымдық, жеке тапсырмаларды орындадық. Пән бойынша пәндік аспектілерді меңгеріп, әдіс-тәсілдерді ықшам сабақтарға сала отырып, оны топта талдадық. Ол сабақтарды рефлексия және кері байланыс пен ұштастырып, білімімізді толықтырды.Тәрбие мен білім егіз дегендей «сүйіспеншілік ваннасы» арқылы білім алушыларды бір-біріне жақсы тілектер айтылып,қарым-қатынас жасау құндылықтарын қалыптастыруға үйретті

Осы 3 апталық курста бізбен бірге болып, бар білгенін өз тәжірибесімен ұштастыра отырып үйреткен тренеріміз Айсулу Бахытқызы алғысым шексіз. Сізге шығармашылық жолыңызда толағай табыстар тілеймін.

Салихова Алмагүл Шадатовна Құрманғазы ауданы Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебінің II санатты мұғалімі







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
08.06.2019
610
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі