Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Эссе "Жаңашыл әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру" 1 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Жаңашыл әдіс - тәсілдер арқылы
оқушылардың танымдық қабілетін
арттыру
Шымкент -2012ж
Шымкент 2008
Ұйымдастыру кезеңі.
Жаттығу-1
Оқушылар көздерін жұмып бастарына партаға қояды. Мұғалімнің сөздерін қайталайды. Мен мектептемін, мен сабақта отырмын, менің көңіл күйім жақсы, мен мұғілімді зейін қойып тыңдаймын, мен білгенімнің барлығын есімде сақтап қаламын, мен сабақ оқығым келеді, мен сабаққа дайынмын.
Жаттығу-2
Мұғалім әрбір оқушыдан өзінің айтқанын хормен айтуды сұрайды.
Мен оқуға келдім;
Менің оқығым келеді;
Маған оқу ұнайды;
Мен жақсы оқимын;
Оқу менің парызым.
Жаттығу-3
Көз алдарыңа көгілдір аспанды елестетіңдер. Мына сөзді іштерінен айтады. Мен оқуға келдім, менің оқығым келеді, мен жақсы оқимын.
Жаттығу-4
Мұғалім әрбір оқушыдан өзінің айтқанын хормен айтуды сұрайды.
Туысым, досым жұрағат;
Әрбір сабақ үйрену ұғу ұлағат;
Әрбір ісім тірлік тірек адамдық;
Әрбір сөзім шындық, бірлік адалдық.
Жаттығу-5
Мұғалім әрбір оқушыдан өзінің айтқанын хормен айтуды сұрайды.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан жаралған.
Мынау басым ақылды,
Барлық істі басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
Жаттығу-6
Мұғалім әрбір оқушыдан өзінің айтқанын хормен айтуды сұрайды.
Білем деме балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмытлаған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған,
Көп нәрсені тоқиды.
Жаттығу-7
Мақсаты – оқушылардың оқу әрекетіндегі басты қызығушылықтарын арттыру.
Өтілу ережесі: оқушылар мына сөздерді қайталауы керек.
Менің мектепте оқу себебім:
Қызықты болғандықтан.
Ақылды және парасатты болғым келеді.
Кейін өмірде өз орныңды табуға жеңіл болады.
Қазір барлығы оқиды, сол себептен мен де оқимын.
Мұғалім ұнайды.
Сауатты болғым келеді.
Өз Отаныма пайдалы азамат болғым келеді.
Толық және терең білімге қол жеткізгім келеді.
Бұл менің парызым.
Жаттығу-8 “Мен сені жақсы көремін” ойыны
Ол үшін оқушылар “Айналарын” алады. Музыка ойнайды. Айнадағы өз бейнелеріне көз алмай біраз уақыт қарау тапсырылады. Мынадай сұрақтар қойылады:
-
Мен кіммін? Маған қарап тұрған кім?
-
Мен жақсы адаммын ба, әлде жаман адаммын ба?
-
Мен туралы ата-анам не ойлайды?
-
Тәртібім қандай?
-
Менің мінезім қандай?
-
Достарым көп болуы үшін не істеуім керек?
Жаттығу-9 “Кемпірқосақ” ойыны
Музыка ойнайды. Жаңбыр жауды деген хабар беріледі. Оқушылар жаңбырдан қорғанады. Біраз уақыттан соң жаңбыр тоқтап, оқушылар кемпірқосақты көреді. Кемпірқосақты шығып-түсу тапсырылады. Сол кезде олар өздеріне қажетсіз деп тапқан қасиеттерді тастап үлгерлеуі керек. (Әр жаман қасиетін ойлаған сайын қолын шапалақтауы керек).
Жаттығу-10 “Күн сәулесіндегі менің қасиеттерім”.
Оқушыларды 4 оқушыдан топтарға бөлеміз.Әрбір оқушы парақ алады.Күн салып, ортасына өзінің атын жазады. Күн сәулелерінің орнына өзінің жақсы қасиеттерін жазады. Сосын бір-бірлеріне беріп ауыстырады. Көршісінің жазғандарымен келісетіндерінің ғана астын сызады т.б.қасиеттері қалып қалса қосып жазады. Сосын әрі қарай береді.
Жаттығу-11 “Баспана”
Оқушылар денелерін бос ұстап, көздерін жұмады. Жағымды, жай дауыспен жүргізуші былай дейді: “Сіздің қай кезде де жата кететін жайлы баспанаңыз бар делік. Мысалы , таудың етегінде лашықыңыз бар деп есептеңіз және оны сізден басқа еш жан білмейді. Ойша осы жерді суреттеңіз. Сіз ол жерде демала аласыз, музыка тыңдайсыз және досыңызбен әңгімелесе аласыз. Сіз барлық мәселелер мен қиындықтарды ойламай демалғыңыз келеді.
Сергіту ойындары.
Жаттығу-1. “Бірге ән айту”
Топтың мүшелері бір-бірінің қолдарынан ұстап ыңылдау арқалы кез-келген нота бойынша әндете бастайды. Олар бір ырғақпен музыканы бірге айтуға тырысу керек. Тек сол кезде ғана олар бір-біріне деген жақындықты сезінеді. Жаттығудың шарықтау шегі-ойыншылардың хормен әндетуі.
Жаттығу-2. “Баспа машинасы”
1.Оқушыларға альфавит бойынша 42 әріп таратылады.
2. Екі вариантта өткізіледі. а) Кез-келген бір сөйлем айтылады. Мысалы, Шекербер ағай лекцияға порфель алып кірді. ә) Енді шарт бойынша мұғалім машинка рөлін атқарады. Сөйлемдегі әр әріпке тоқталады. Оқиды кімде сол әріп бар болса, орнынан тұрып шапалақ ұрады. Егер пробель болса барлығы орнынан тұрады. Егер : ; ? белгілері болса, барлығы орнында отырып аяқтарымен жерді тебеді.
Жаттығу-3 “Демалыста”
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Тренер әрқилы қимыл жасап, бір оқиға туралы әңгімелейді, басқалар сол қимылдарды қайталап әрекет жасайды. “Фотосурет” түсіруші оянды, керіліп созылды, беті қолын жуып, түнеген палаткасын ашты, етігін киді, фотопаратты алып суретке түсіруге кетті. Жолдағышөп (шып-шып), сулар (буль-буль). Қоян шапты (шап-шап), қасқыр ыршып кетті (ыр-ыр). Сурет түсіріп, палаткаға қайтып келді: шөп (шып-шып), су (буль-буль). Етігін шешіп кіріп кетті.
Жаттығу-4 “Тропикалық жаңбыр”
Ортадағы мұғалім ойынды басқарып тұрады. Ол қатысушылар арасында жүріп, әр түрлі қимыл жасайды: бірінші – қолын қолына үйкейді, екінші э саусақтарын шыртылдатады, үшінші - сандарын соғады, төртінші – аяқтарын соққылайды, бесінші – тағы да сандарын соғады, алтыншы – саусақтарын шыртылдатады, жетінші – қолын қолына үйкейді, т.с.с. Сонан соң мұғалім қолдарын түсіріп, «Бұл тропикалық ормандағы жаңбыр еді. Тоқтады. Қайтадан жайнап күн шықты» деп сөзімен әрекетін тамамдайды
Жаттығу-5 “Аққу” ұшты ойыны
Оқушылар дөңелектене тұра қалады бастаушы қасында тұран оқушығы “Аққу ұшты” деп қолын ұрады. Ұрған оқушы “кеше” келесіне қолын ұрып “сағат 5” те деп келесі оқушының қолын ұрады. Содан оқушылар 1 деп келесісін ұрады. 5 дегенде ана оқушы қолын ұрдырмауға тырысады. Ұрып қалса ойынан шығады. Егер ұра алмаса ары қарай ойынды жалғастырады. Сөйтіп бір-бірден шығып кете береді. Ең соңында кім қалса, дайындайды.
Жаттығу-6 “Аяқ-қол” жаттығуы.
Сынып оқушылары мұғалімнің нұсқауымен қатесіз қарапайым қимылдарды жасауға әрекеттенеді: бір шапалақ – қолдарын көтеру, екі шапалақ – орнынан тұру. Егер қолдары көтеріліп тұрған кезде бір шапалақ ұрылса, онда қолдарын түсіру керек. Ал егер оқушылар тұрса, онда екі шапалақ бойынша олар орнына отыру керек. Шапалақтың кезегін және жиылығын ауыстыра отырып, мұғалім оқушыларды шатастыруға әрекет жасайды. Жаттығу оқушылардың жинақылығын және зейінін қалыптастыруға арналған.
Үй жұмысын тексеру және өткенді қайталаудың
түрлі формаларын пайдалану.
-
“Сұрақты таңда” деңгейлік тапсырмасы.
Мұғалім тақтаға төмендегі кестені іледі.
1 1 |
2 1 |
3 3 |
4 2 |
5 2 |
6 3 |
7 3 |
8 3 |
9 1 |
10 2 |
11 2 |
12 3 |
13 1 |
14 2 |
15 2 |
16 2 |
17 2 |
18 1 |
19 2 |
20 3 |
Жоғарғы бұрышта сұрақ нөмірі, төменгі бұрышта сұрақтың деңгейі жазылған. Мұғалім алдын ала үш деңгейде сұрақтар дайындайды. Оқушы өзі деңгейді таңдап, сұрақ нөмірін айтып, жауабын береді.
-
“Ассоциациялар қатары”.
Мұғалім тақтаға тақырыпты жазады, оқушылар тақырыпқа байланысты ассоциацияларды жазады. Мұғалім парақтарды жинап, оқушылармен талдап, нәтижесінде сол тақырыптың структуралық сызбасы жасалады. Бұл әдіс арқылы оқушының білімі туралы түсінік алады.
-
“Аббревитуралар”.
Мұғалім оқушыларға аббревиатураларды шешуге ұсынады. Мысалы:
-
ЕСҚАЖСҚСД (Екі сөздің қосарлануы арқылы жасалған сөзді қосарланған сөз дейміз: қора-қора, әке-шеше)
-
ЕТЖСБСД (Екі түбірден жасалған сөзді біріккен сөз дейміз: көкқұтан, итмұрын)
-
ЕНОдаКТЖСКСД (Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз)
Оқушылар топқа бөлініп, бір-бірінен жасырса болады.
4. „Сұрақтар телпегі“.
Кез-келген оқу мәтіні бойынша жүргізілетін жұмыс түрі. Әр оқушы параққа мәтін бойынша сұрақ жазып, телпекке салады.Сұрақтар мазмұны 3 тақырыпта болады:
А) мәтінді оқығанын тексеруге арналған сұрақтар;
Ә) сұрақтың жауабын білмеймін, бірақ білгім келеді;
Б) мәтін түралы басқа оқушының пікірін білу және оны өз пікірімен салыстыруға арналған сұрақтар.
Сұрақтар араластырылған соң әр оқушы сұрақты алып, жауап береді.Телпекке оқушы бір сұрақ салса да болады.
5. „Ою-өрнек“ перфокартасы.
Мұғалім 16 сұрақтан тұратын тест дайындайды. Оқушылар алдын ала 16 төркөзден тұратын перфокарта дайындайды. Мұғалім тест сұрақтарын оқиды (немесе оқушыға жазба түрінде таратады). Оқушылар жауабын перфокартаға белгілейді. Жұмыс соңында алдыңғы келісім бойынша бірдей әріптерді (а,б немесе с) бір сызықпен сызады. Нәтижесінде бір ою-өрнек шығу керек. Оқушылар тапсырманы дұрыс орындаса, мұғалімдегі кілт бойынша ою-өрнек бірдей болып шығады. Мысалы:
-
-
-
-
-
б
а
а
с
а
с
б
а
а
б
с
а
с
а
а
б
-
-
-
-
6. „Цифрлы сұрау“.
І нұсқа: мұғалім оқушыларға сұрақтар жазылған карточкаларды таратып береді. Әр карточкаға нөмір қойылған. Мұғалім кез-келген нөмірді айтады, сол нөмірлі карточкасы бар оқушы сұраққа жауап береді. Бұл нұсқада оқушы сұрақты біледі, сондықтан оның жауапқа дайындалуға мүмкіндігі бар.
ІІ нұсқа: мұғалім оқушыларға тек белгілі сан жазылған карточкаларды таратып береді. Мұғалім сұрақты оқып, оның нөмірін атайды. Сол нөмірі бар оқушы жауап береді. Бұл қиындатылған нұсқа, өйткені оқушы алдын ала сұрақты білмейді, оған дайындалуға мүмкіндігі жоқ.
7. „Сиқырлы таяқша“.
„Сиқырлы таяқша“ (ручка, қалам, сызғыш және т.б.) сыныпта кез-келген ретте беріледі. Бір-біріне сиқырлы таяқшаны бергенде, белгілі келісілген ережені айтады. Мысалы: таяқшаны беріп жатқан оқушы математикада кез-келген санның көбейтіндісін сұрайды, таяқшаны алған оқушы жауабын береді (5х6=30),орыс тілінде: имя существительное – прилагательное к нему; қазақ тілінде: антоним немесе синоним сөздер, химияда: зат – оның сипаттамасы (органикалық – бейорганикалық, металл – металл емес), тарихта: қоғам қайраткерінің фамилиясы – оның аты (немесе өмірінің датасы), әдебиетте: ертегі, әңгіме, повестің аты – оның кейіпкері.
8. “Таңертеңгілік жиын” ойыны
1. Оқушылар дөңгелене тұрып сағат тілі бойынша бір-біріне тілек айтады. Бірін-бірі қайталамауы керек.
2. Оқушылар дәл осы ретпен өткен сабақтан қайталау сабағы ретінде бір-бірден ереже немесе сұрақты өзі қойып өзі жауап береді. Мыс: 1-оқушы Тарих дегеніміз араб сөзі, ата-бабамыздың басынан өткен оқиғаларын әңгімелейді, баяндайды. 2-оқушы: Тарих 4-ке бөлінеді: 3-оқушы Деректер үшке бөлінеді т.б.
9. „Шым-шытырман“.
І нұсқа. Кез-келген тақырып бойынша сөздік немесе терминологиялық жұмыстың бір түрі. Оқушылар 5-6-дан бірнеше топқа бөлінеді. Мұғалім тақтаға алдын ала дайындалған плакат іледі. Мұнда түрлі түспен, үлкен және майда (бірақ алыстан көрінетін) шрифтпен, тіке және көлденең 15-20 сөз жазылған. Келісілген уақыттан соң плакат алынып, топтар есінде қалған сөздерді жазады. Кейін топтар жазуларын алмасып, плакат бойынша бір-бірінің жұмысын тексереді.
ІІ нұсқа. Плакатты топтар өздері дайындайды. Мұғалім алдын ала тақырыпты айтады. Әрбір топ 5-8 минут көлемінде өз плакатын дайындайды. Плакат дайын болған соң, топтар өз орындарынан тұрып, басқа топтың плакатын қоршап, ондағы сөздерді оқып, естеріне сақтайды. Өз орнына оралып, көргендерін жазады. Соңында бір-бірінің жұмысын тексереді. Тақырыптар төмендегідей болуы мүмкін:
Химияда:
-
химиялық элементтердің атаулары мен белгілері;
-
металдардың латын атаулары (ртуть – гидраргиум);
-
аллотроптық заттар;
-
оксидтердің химиялық формулалары мен атаулары (Nа2О – натрий оксиді, CrO3 – хром оксиді, СаО – кальций оксиді).
Орыс тілі сабағында:
-
непроизносимые согласные;
-
сложные прилагательные с дефисом;
-
безударные гласные в личных окончаниях глаголов и т.д.
Тарих, әдебиетте:
-
қоғам қайраткерінің аты-жөні;
-
даталар;
-
тарихи оқиғалардың немесе әдеби шығармалардың кейіпкерлері.
10. «Ия немесе жоқ».
Мұғалім үш сөйлемнен оқиды. Егер сөйлем дұрыс болса, оқушы «1» санын, егер дұрыс болмаса, «2» санын жазады. Нәтижесінде үш таңбалы сан шығу керек. Оны мұғалімдегі кілт бойынша тексереді. Мысалы:
-
Зат есім қандай деген сұраққа жауап береді.
-
Етістік деп іс-қимылды білдіретін сөздерді айтамыз.
-
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.
212
-
Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесін сөйлемнің дара мүшесі дейміз.
-
Етістік кім?кімдер?не?нелер?деген сұраққа жауап береді.
-
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.121
11. “Көңіл –күй”
Тақтада әртүрлі көңіл-күйдегі адам бейнесі көрсетілген. Мұғалім бір сөйлем оқиды, мысалы: Қазір үй жұмысын тексереміз. Осы сөйлемді әртүрлі көңіл-күймен оқу керек.
Екінші нұсқа бойынша берілген сөйлемді әртүрлі аңның интонациясымен оқу керек (түлкі, қоян, аю, қасқыр).
12. «График» тапсырмасы.
Оқушылар дәптерге координаталық бұрыш сызады. ОХ өсіне 1-ден 10-ға дейінгі сандарды жазады. ОУ өсіне белгілі классификацияларды жазады. Мысалы, география пәні бойынша ОУ өсіне мемлекеттер атауларын жазады. Мұғалім сол мемлекеттер астаналарын нөмірлік ретпен атайды, оқушылар мемлекет пен тиісті санның қиылысында нүкте қояды. Сосын нүктелерді сызықпен қосып, диаграмма сызылады. Диаграмманы мұғалімдегі кілтпен салыстырады.
13. «Тірек сызбаны толықтыр».
Мұғалім жаңа тақырыпты тірек сызба арқылы түсіндіреді. Ол сызбаны оқушылар дәптерлеріне сызып алып, жаттап алуға тиісті. Келесі сабақта мұғалім тірек сызбаны ішіндегі сөздерсіз (ұғымдар, терминдер) береді. Оқушылар тірек сызбаны толықтыру қажет.
14. «Тізбек».
Бұл тапсырманы қазақ тілі, орыс тілі сабақтарында «Синтаксис» тақырыбында қолдануға болады. Тапсырмаға 4-5 оқушы қатысады:
1-ші оқушы тақтаға сөйлемді жазады;
2-ші оқушы сөйлем мүшелеріне қарай талдау жасайды;
3-ші оқушы сөйлем сипаттамасын береді;
4-ші оқушы сөйлемнің схемасын сызады;
5-ші оқушы сөйлемдегі сөзтіркестерді тауып, байланыс түрін анықтайды.
15. «Сөйлемді құрастыр».
І нұсқа. Барлық оқушы 4-5 топқа бөлінеді (әр топта 3-6 оқушыдан). Әрбір топқа параграфтың 1 арзацы немесе 1 беті беріледі, одан олар ең ұзын сөйлемді табады. Ол сөйлемді параққа жазып, алдын ала келісім бойынша 5-8 бөлікке қырқады. Одан кейін оқулықтар жасырылады. Топтар сөйлемдерімен алмасады да, мағынасына қарай қайта құрастырады. Соңында оқулық бойынша сөйлем дұрыстығы тексеріледі.
ІІ нұсқа. Диалог, өлең құрастыру (әдебиет сабағында).
16. «Антивирус».
Мұғалім 20-30 сөзден тұратын тізбекті оқиды, мысалы:
Ана, жылдам , парта, отыр, күлді, қашан, нан, тез, компьютер, терді, ерте, қалам, сынып, бор, жатыр, әдемі, қарайды, қызыл, дастархан, сөйлем, ата.
Оқушылар мұғалімді тыңдап, тізбектегі тек зат есімдерді (сан есімдерді, етістіктерді, т.б.) есіне сақтау керек. Есінде қалғанды дәптерге жазады.
17. «Тірек сызбаны толықтыр».
Мұғалім жаңа тақырыпты тірек сызба арқылы түсіндіреді. Ол сызбаны оқушылар дәптерлеріне сызып алып, жаттап алуға тиісті. Келесі сабақта мұғалім тірек сызбаны ішіндегі сөздерсіз (ұғымдар, терминдер) береді. Оқушылар тірек сызбаны толықтыру қажет.
18. “Семантикалық карта”
Бұл стратегия оқушының бойындағыны жандандыру және дамытуға арналған семантикалық қасиеттерді талдау. Оқушылардың оқып жатқан тақырыпқа байланысты білімі бар болған жағдайда бұл стратегияны пайдаланған тиімді. Бұл стратегияның мақсаты белгілі бір тақырыпқа байланысты жаңа білім мен оқушыларға бар білімнің деңгейін салыстыру. Семантикалық картада оқушылар үшін немесе төрт обьектіні талқылаудан бастайды. Әр тақырыптың қасына дұрыс деп санаған қосу белгісін қояды.
19. Инсерт – “Түртіп алу”
Ағылшын вариантында былай беріледі.
“V” – белгілі оқып отырған ақпаратты сіз бұрыннан білетінг болсаңыз немесе білемін деп ойлаған жеріңізге қойылады;
« - » – белгісі, егер ақпарат сіздің білетініңізге сай келмесе немесе өзгеше болса қойылады;
«+» - белгісі, егер ақпарат сіз үшін жаңа болып табылса, сол жағдайда қойылады;
«?»- белгісі, егер ақпарат сізді таң қалдырса, сізге түсініксіз болса, не
болмаса ол туралы тереңірек білгіміз келсе, сол жағдайда қойылады.
Мүмкін, аударма дұрыс болмады немесе семинарларда «V» - белгісімен “білемін” онда «+» белгісімен “білмеймін” деп белгілеудің тренерлер айырмашылығы жоқ деп ойлаған болуы керек. Бұл белгілердің мәні тереңірек және позитивті байланыста қолданылады, яғни американдық стратегияда «+» - “мен бүгін үйрендім / таныдым” дегенді білдіреді, ал бұл қашанда «+» болады. Екінші жағынан, бұл белгі мұғалімге “мәтінді дұрыс таңдадым ба?”, бүгін балалар жаңадан не білді? деген сұрақтар төңірегінде ой толғануға озық болып табылады. Өздерінің ойланып көріңіздер, бұл жобаның рухында қай вариант және оларда айырмашылықтар бар ма?
Инсерт – түртіп алу жүйесі стратегиясы .
Мақсаты – мәтінді түсіну үшін керек бірден-бір құрал. Инсерт оқушыларға, өзі оқыған әңгімеге түсінігін тексеруге өз ойын айтуға басшылық етеді.
20. Кластерлер-(«жүзімнің шоқтары» деген мағынада) идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өз-ара байланыстары туралы әңгімелейді.
Тақырыпшалардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздеген де тиімді. Әдетте кластерлер оқушының жеке орындалуынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.
21. “Тұлғаны танып-біл” оқыта үйрету ойыны.
Жүргізуші ойынға қатысушыларға парақ таратады, Оларға Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаткерлер, өнер және әдеби қайраткерлер және т.б.) портреттері жапсырылған.
Ойыншылар 5-6 адамнан топтарға бөлініп отырады.Балалар портреттегі тұлғаның аты-жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды және т.б.естеріне түсіруі тиіс. Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды.
Өз тобын топтың бір адамы қорғайды. Жүргізуші сыныптағы неғұрлым толық жауап берген топты анықтайды.
22. “Өз жартыңды тап”
Мұғалім жұп карточкалар дайындайды: біреуінде-сұрақтар, екіншісінде-жауаптарға арналған тірек кестелер. Бірақ сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканың (әрқайсысы - біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп , бірге отырып, жұмыс істейді.
Жаңа ақпаратпен танысу кезіңінде (зерттеу мен іздену) қолдануға болатын тәсілдер.
Сабақтың бұл кезеңінде оқытушы оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруге мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
Оқушылар бұл кезеңде «Қалайша жаңа білімге үйренемін (түсінемін) игеремін?», «Қандай тәсілдерді қолданан тиімді?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым (түсінігім) қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап беруге ізденеді.
Сабақта жұптасу және топтасу әдістерін қолдану.
1. Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері - бастауыш және баяндауыш.
Индивидуалды әдіс.
-
Әрқайсысың бастауыш, баяндауышы бар бір-бір сөйлем құрастырыңдар (айт туралы, мереке туралы) – 1 минут уақыт беріледі.
-
Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңдар.
Жұптасу әдісі.
-
Дәптерлеріңді ауыстырып, бір-біріңнің жұмысын тексеріңдер, - 1 минут уақыт.
Топтасу әдісі (шығармашылық жұмыс).
-
Сыныпты топқа бөлу (салаға дайындау).
І топ – бастауыш баяндауышты сурет арқылы түсіндіру – 10 минут.
ІІ топ – бастауыш, баяндауышты мақал-мәтел, өлең жолдар, нақыл сөздер, шығарма жазу арқылы түсіндіру – 10 минут.
ІІІ топ – берілген тақырыпты өнер арқылы жеткізу (ән, күй, скетч) – 10 минут.
2. Әр топтан лидер шығып, баяндап береді. Мұндай жағдайда «5» алса, бүкіл топқа қойылады. Топ мүшелері барлығы толық қатыспаса, «4», «3» қойылады.
-
Жұппен жұмыс жасау.
Мұғалім алдын ала карточкалар дайындайды. Әрбір оқушы жеке карточка бойынша жұмыс жасайды. Сосын оқушылар дәптерлерін алмастырып, бір-бірінің жұмысын мұғалім берген кілт бойынша тексереді.
3. «Біріміз – бәріміз үшін».
Бұл ойынға қажетті заттар:
-
15 шамалас жетон (сыныптағы оқушылар санына қарай), жетондар 1-ден 5-ке дейін нөмірленген;
-
сұрақтар жазылған билеттер ( әр билетте екі сұрақтан);
-
түрлі түсті фишкалар (қызыл, жасыл, көк)
Сынып үш топқа бөлінеді. Әр оқушы алдына мұғалім таратып берен нөмірлі жетонды қояды. Мұғалім стол бетіне билеттерді жаяды. Билеттер үшеуден топтастырылған: №1 билет – 3 дана (сұрақтары әртүрлі), №2 билет – 3 дана. Кез келген нөмірлі билеттерді таңдап, мұғалім оқушыларға таратады. Егер, мұғалім №5 билеттерді таңдаса, онда №5 жетондары бар оқушылар жауап береді. Минуттық дайындықтан соң оқушылап жауап береді. Мұғалім тыңдап, жауап деңгейіне қарай фишкалармен бағалайды. Қызыл жетондарды көп жиған топ жеңіске жетеді.
4. «Баяндама» оқыта үйрету ойыны.
Мұғалім оқушыларға бір мәтінді оқиды. Соңынан оның мазмұнын сурет, белгі, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.
Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін немесе сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы көрнекі құрал ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
5. «Қазымыр оқушы» оқыта үйрету ойыны.
І бөлім. Оқушылар мәтінді жылдам және мұқият оқып шығады, сосын сұрақтар құрады. Кім көп сұрақ құраса, сол жеңіске жетеді. (10 минут)
ІІ бөлім. Оқушылар кезегімен басқаларына сұрақтар қояды, ал олар қысқа жауап қайтарады. Жауап берушіні Жүргізуші көрсетеді. Сонан соң ең «Қазымыр оқушыны» анықтайды.
6. «Мәтін құра» оқыта үйрету ойыны.
Оқушылар мәтінді тыңдайды. Қолдарына қалам мен қағаз алады. Әрбір оқушы мәтінге сұрақ жазып, парақты бүктеп, оны жүргізушіге береді. Бірақ мұның алдында мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығады. Сосын жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады.
Енді оқушылар жауаптарын өзара бір-бірімен талдасып, мәтіндегі тәртібі бойынша түзеді. Осы түзеген тәртіппен олар мәтінді әңгімелеп, соңынан оны оқу мәтінімен салыстырады.
7. «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны.
Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 шақты сөз жазуларын талап етеді.
Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын-ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады.
8. «Жарысты жалғастыр» оқыта үйрету ойыны.
-
Мұғалім сыныпты үш топқа бөледі.
-
Мұғалім оқып-үйренуге тиісті мәтін бөлігін береді. Белгі бойынша оқушылар оқи бастайды (5-7 минут).
-
Мұғалім нөмірленген үш парақ дайындап, оларды әр топқа береді. Белгі бойынша оқушылар оқиғаларды, фактілерді, олардың мерзімдерін жазып, үндеместен бір-біріне жылжытып отырады (бір-бірін қайталамауы тиіс). Бұған үш минуттай ғана уақыт беріледі.
-
Ойынның қорытындысын шығару. Қай топ неғұрлым көп фактілерді, оқиғаларды, олардың мерзімдерін көрсеткені; қай топ неғұрлым толық, нақты, анық жауап бергенін мұғалім анықтайды.
9. «Тұлғаны танып-біл» оқыта үйрету ойыны.
Мұғалім ойынға қатысушыларға парақтар таратады, оларға Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаткерлер, өнер және әдеби қайраткерлер және т.б.) портреттері жапсырылған.
Ойыншылар 5-6 адамнан топтарға бөлініп отырады. Балалар портреттегі тұлғаның аты-жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды және т.б. естеріне түсіруі тиіс. Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды. Өз тобын топтың бір адамы қорғайды. Мұғалім сыныптағы неғұрлым толық жауап берген топты анықтайды.
10. “Шығарма” ойыны.
Оқушылар үйден, өткен тақырыпта бейнеленген кейіпкер бейнесі немесе еңбегі жайында ертегі немесе фантастикалық әңгіме түрінде шығарма жазып келуі керек. Келесі сабақта әрқайсысы өздерінің шығармаларын оқиды, ал қалғандары кім жайында немесе кімнің еңбегі жайында жазылғанын табады. Топта балалардың шығарма “батырын” тез табатындығын, байқау ептілігін тексереді. Шығарманың көбісі бір адам жазылғаны көрсетуі мүмкін.
Талқылау: бір адам жайында неге көбісі жазғандығын талқылайды: ол мүмкін қызықты адам шығар.
11. “Бас қатырғырлар базары” ойыны.
Оқушылар үйде сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, тарихи домино, хронологиялық лото, викториналар, құпиясөздер және т.б. құрастырады да, сабақта оларды шешеді. Жеке де, ұжыммен де жұмыс істеуге болады. Оқушыларға оқулықты, картаны, көмекші және құжаттық материалдарды пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізуші ең белсенді, кәсіпкер тапқырларды анықтайды. Үйде жұмыс істеген оқушыларды да, сабаққа қатысқанды да атап өтеді.
12.“Даналық ағашы” ойыны
Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс.
Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады.
Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.
13. “Ара ұясы” техникасы
Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауды тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар жауап береді.
14. “Мәтін құра” оқыту үйрету ойыны.
Оқушылар мәтінді ынтамен тыңтайды.
Қолдарына қалам мен қағаз алады. Әрбір оқушы мәтінге сұрақ жазып, парақты бүктеп, оны жүргізушіге береді. Бірақ мұның алдында мәтінді тағы бір бір рет жылдам оқып шығады.
Сосын жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады.
Енді оқушылар жауаптарын өз бір – бірімен талдасып, мәтіндегі тәртібі бойынша түзеді.
Осы түзілген тәртіппен олар мәтінді әңгімелеп, соңынан оны оқу мәтінімен аслыстырады. Әңгімелеуге кірісеміз.
Мұғалімнің психологиялық біліктілігі
Оқу материалын оқушыға ұтымды қабылдату және есінде сақтау мақсатында көруге арналған ақпаратты тақтаға дұрыс орналастыру қажет. Психологтардың эксперимент жолымен анықтауы бойынша, тақтаның жоғарғы оң бұрышында орналасқан ақпарат есте жақсы сақталады. Ол зейіннің 33% алады екен. Одан кейін жоғарғы сол бұрыш, төменгі оң бұрыш және төменгі со бұрыш тұрады.
Оқу ақпаратының орналасуы.
-
-
-
-
28%
33%
16%
23%
-
-
-
Мұғалімге төмендегі білу қажет:
-
оқушы есінде жаңа ақпараттың 7 пайызы естіген сөз негізінде сақталады;
-
35 пайызы естіген дауыс арқасында есінде сақталады;
-
58 пайызы дененің, қимылдың нәтижесінде сақталады.
Қимыл мен адам отырысының, жүріс-тұрысының мағыналары
№ |
Қимылы, жүріс-тұрысы |
Мағынасы |
1. |
Алақандары ашық, жоғарыға қараған |
Шынайылық, ашықтық |
2. |
Қолдары кеудесінде айқасқан немесе жұдырықталған |
Өзін-өзі қорғау |
3. |
Қолы арқасына жасырылған |
Өзіне өзінің көңілі толмау, көңілсіз болу, өзін қолға алу- ға әрекеттену |
4. |
Қолы қалтасында, ал басбармағы сыртында |
Өзін жоғары санау, өзіне сену |
5. |
Адам алға еңкейінкіреп орындық шетінде , басы сәл қисайып қолына сүйеніп отыр |
Қызығушылық |
6. |
Адам иегін алақанына сүйеп отыр, сұқ сау- сағы жағының жанында, қалған саусақта- ры аузынан төмен |
Сыни бағалау |
7. |
Адам тыңдау барысында аузын жауып отырса, қабағына, мұрнына, құлағына қо- лын тигізсе, сізге тіке қарамай көзін алса |
Күдік, сенімсіздік |
8. |
Адам сөйлегенде ауызын жабады немесе сұқ саусағын мұрнына, қабағына тигізсе |
Өтірік |
9. |
Мұғалім тіке тұр, иығы жазыңқы, басы көтеріңкі |
Оқушыға ұнайды |
10. |
Мұғалім қолын қалтасына салып, неме- се қабырғаға сүйеніп, немесе орындыққа жайылып отырса, немесе басын жоғары кө- теріп, денесін артқа шалқайтып тұрса |
Оқушыға ұнамайды |
11. |
Пиджак түймесін ағытып қою немесе пиджакты шешіп қою |
Ашықтық, адамға достық пи- ғылмен қарау |
12. |
Пиджактың барлық түймесі салулы |
Дистанцияны сақтау, өзін жо- ғары санау |
13. |
Көзінің қарашығы үлкейген |
Қызығушылық |
14. |
Көзінің қарашығы кішірейген |
Өз позициясын жасыру |
15. |
Адам жайлап көзілдірігін шешіп, мұқият әйнектерін сүртеді |
Уақытты ұту, тойтарысқа дайындалу |
16. |
Кабинет қожайыны столдың үстін- дегі қағаздары жинай бастағағаны |
Әңгіме бітті |
17. |
Иегін қасу немесе алақанымен иегін жабу |
Шешімді ойластыру |
18. |
Орнынан тұрып, ары-бері жүру |
Шешім қабылдауға қиналу |
19. |
Екі қасының ортасын қасу |
Қарсы болу |
20. |
Аяқтары мен денесі есікке бұрылған |
Қайтқысы келді |
Ақпарат қабылдаудың екі түрі бар: есту және көру.
Зерттеулер көрсеткіші бойынша, адам естіген ақпараттың 15 пайызын, көрген ақпараттың 25 пайызын есінде сақтайды екен. Егер ақпарат берудің екі түрі де бір мезгілде қолданылса, онда адам бұл ақпараттың 65 пайызын қабылдайды екен.
Әрбір сабақты күнде бірдей бастасаңыз да, оқушының қызығушылығын сөндіріп аласыз.Сабақ оқушыға қызықты етіп басталса, ол бүкіл сабақ осылай қызықты және пайдалы өтеді деп санайды, бұл мұғалімді оқушы ерекше тұлға, құзырлылығы өте жоғары деп қабылдайды.
Сабақ басында 15-20 минут көлемінде оқушы мұғалімді жақсы тыңдайды, сондықтан сабақ басында мұғалім бар әрекетті жасап, оқушы көңілін өзіне, сабаққа, тақырыпқа аударту керек. Оқушының зейінін ұстайтын “қармақ” керек, ол бүкіл сабақ барысында оқушының қызығушылығын сөндіріп алмауға көмектеседі.
Сабақтың аяқталуына да көп көңіл бөлу керек. Сабақты қалай аяқтауға болмайды:
-
әзілмен немесе анекдотпен;
-
“Мен үлгере алмадым…” немесе “Маған уақыт жетпеді…” деген сөздермен (оқушы мұғалімнің барлығын үлгергеніне сенімді болу керек);
-
күндегі сабақты бір тәсілмен аяқтауға болмайды;
-
сабақты көңілсіз аяқтауға болмайды, өйткені мұндай мұғалімді оқушылар е тұлға, е профессионал ретінде сыйламайды.
Адамның жүрісі және мінезі.
Белгілі москвалық психолог С.П.Попов адамның жүрісіне және оның аяқ киім киісіне қарай адамның мінезін сипаттауға болатынын айтады.
1. Баяу, сенімсіз қадамдармен жүретін адамдар өзіне көңіл аударғанды ұнатпайды, олар тұйық келеді, көбінесе іштей терең ойға бөленеді.
2. Егер адам жүру барысында қолдарымен қатты сермелеп жүрсе, онда ол оның жеңіл қимылдайтынын, еті тірі, ұқыпты екенін, мақсат қойып оған ұмтылатынын дәлелдейді.
-
Майда қадам басып жүретін адам тұйық мінезді болады, ұсақ-түйекке көп көңіл бөледі.
-
Өзіне өзі сенбейтін, шешімді тез қабылдай алмайтын адам жайлап шайқатылып жүреді, біресе асығып, біресе қадамын баяу басып, аяқ киімінің өкшесін тез құртады.
-
Өз көзқарасын тез өзгертетін адамдар өкшесін “ішкі жағынан” тез құртады.
-
Үнемі көңілі толмай, күдіктеніп жүретін адам аяқ киімінің басын, ұшын тез құртады.
-
Ашық мінезді, сүйкімді адамдар аздап шайқатылып, аяқтарын симметриялық басып, бастарын оңға немесе солға қисайтып жүреді.
-
Іскер, қайратты адамдар да солай, бірақ бастарын сәл алға еңкейтіп жүреді.
-
Әзілқойлар көбінесе шынтағын денесіне басып, бастарын біресе алға, біресе артқа, біресе жоғары көтеріп, ал бір қолын көбінесе қалтасына салып жүреді.
-
Текпешектен жүгіріп, бірнеше текпешектен аттап жүретін адамдардың біріншіден - денсаулығы мықты, екіншіден - олар шыдамсыз және тіке мінезді болып келеді екен.
Графология.
Графология – бұл адамның жазған әріптеріне, қолына қарай мінезін зерттейтін ғылым.
Әріптердің жазылуы.
1. Тіке (90) – мұндай адамдар барлығын ақылға салып істейді, тіке мінезді болады, бойларында көңілшектік аз кездеседі..
2.Әріптері солға қисайған – мұндай адамдарда көп кездесетін қасиеттер: ұстамдылық, басқалармен шығыспаушылық, бірбеткейлік, көзбояушылық, кесірлік.
3. Оңға қисайған (50-60) – көңілшектік, 45 -сезімге қатты берушілік.
4. Әріптері әр жаққа қисайған – шыдамсыздық, еркелік, жүйке жүйесі өте нәзік.
1. Әріптері дөңгеленіп жазылады – мінезі жұмсақ, мейірімді, сүйкімді, кей-кезде – жалқау. (слабость воли)
2. Әріптері бұрыш болып жазылады – кесір, өз айтқанынан қайтпайды, талапшыл, шыдамды, өзімшіл.
Құрметті мұғалімдер бүгін біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін- өзі тәрбиелеу жолдарын анықтаймыз.
Данышпан философ Фалес айтқандай.
Дүниедегі ең үлкен нәрсе – Кеңістік.
Бәрінен жүйрік – Ой.
Бәрінен дана – Уақыт.
Бәрінен жеңілі – Басқаға ақыл айту.
Бәрінен қиыны - Өзіңді өзің тану.
Сондықтан да “Іскерлік ойын” бір-бірімізге комплимент айтудан бастаймыз.
(Мұғалімдер түгелдей парталарды айнала түрегеліп тұрады.)
-
мұғалім: Арман, бүгін сен көріктісің.
-
мұғалім: Асия, көркіңе ақылың сай.
(т.б. сол сияқты бір-біріне жылы сөздер айту соңғы мұғалімге дейін жалғасады.)
Рахмет, құрметті ұстаздар! Әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырады. Қазір сіздер әрбір столда тұрған геометриялық фигураларға назар аударып, әркім өзіне ұнаған фигураларға барып отырады.
Геометриялық фигуралар.
Міне, біз
5-топқа топталдық.
Тапсырма: Әрбір топ мүшелері өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны қалағанын айтасыздар.
(Мұғалімдердің болжамдарынан кейін, мұғалім осы тестің мақсатын түсіндіреді.)
С. Делиингердің психогеометриялық тесті
Шаршы |
Ұшбұрыш |
||
Жағымды |
Жағымсыз |
Жағымды |
Жағымсыз |
Шаршамайтын еңбекқор, жұмысты соңына дейін апарады, төзімді, шыдамды, жүйені жақсы көреді, өз саласының эрудиті, барлығын ереже бойынша істейді, тәртіпті жақсы көреді, ұқыпты. |
Жанжалға жақын,адамдармен қарым – қатынаста суық, есеппен жұмыс істейді. |
Лидер, жігерлі, өзіне сенімді, атаққұмар, тез шешім қабылдайды, қажырлы тұлға. |
Шыдамсыз, тәуекелшіл, өзімшіл, өз мақсатына кез – келген жолмен жетуге ұмтылады. |
Төртбұрыш |
Шеңбер |
||
Жағымды |
Жағымсыз |
Жағымды |
Жағымсыз |
Әуесқой, батыл, барлық құбылыстарға қызығушылық білдіреді. |
Өз - өзіне көңілі толмайды, өзін төмен бағалайды, сенгіш. |
Мейірімді, көпшілікпен тіл табыса алады, сезгіш, әділетті, тума психолог, жанашыр, тыныштықты қалайды. |
Мінезі жұмсақ, жасқаншақ. |
Қисық |
|
||
Жағымды |
Жағымсыз |
||
Шығармашыл, қатал, жүйелі, өз ортасынан өзгеше ойлайды, идея үшін өмір сүреді, сұранбаса да көмек бергіш. |
Бастаған істі соңына дейін апармайды, тез көтеріледі, талапшыл емес, шыдамсыз, өз айтқанынан қайтпайды. |
Кешірім жоқ жерде әртүрлі аурулар туындайды.
Егер адам ауыра қалса, оның себебін өз жүрегінен іздеу керек. Кешіру қаншалықты қиын да болса, сол кісіні іздеп, өзіне кешіргеніңізді айту керек. Кешірім – бұл тазару, айығу. Қалай кешіру керек? Бұл жағын білу міндетті емес.
Жаратқан әрі қарай өз көмегін береді. Өзің тәнің ауырып жүргенде жаныңды ауыртып көру – үлкен күйзелісті бастан кешіру. Ал, сіз басқаша жол жоқ екенін түсінуіңіз керек.
1-жаттығу. “Өкпені еріту”.
Тып-тыныш бір жерде, денеңізді бос ұстап отырыңыз. Өзіңізді қаракөлеңке театрда отырмын деп есептеңіз. Алдыңыздағы шағын сахнаға (ең жек көретін, көргіңіз келмейтін) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, бұрын ренжітсін, қазір өмірде бар болсын әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген кейіпте болуы керек. Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше минут оның жүзін көз алдыңызда ұстап тұрыңыз, сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз.
Сіз кешірген адам сахнадан кетісімен, өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты, күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемде жақсылық барлығыңызға тең жететінін ұғыңыз.
Бұл жаттығуда қара бұлтша ұйысқан өкпені еріту керек. Кей адамдарға бұл жаттығу өте қиынға соғуы мүмкін. Әр түрлі адамдарды елестетумен айына бір рет осы жаттығуды жасауға болады. Әрі қарай өмір сүрудің жеңілдігіне көз жеткіземіз.
2- жаттығу. “Тазару” жаттығулары.
Өзіңізді (5-6 жас) жас баланың кейпінде елестетіңіз. Жақындап көзіне терең үңіліңіз. Көздің тереңіндегі мұңды көруге тырысыңыз, өйткені бұл сізге деген махаббат мұңы. Әлгі кішкентай баланы өзіңізге жақын тартып, кеудеңізге қысыңыз. Сондай жақсы көретініңізді айтыңыз. Оның ақылына бас иетініңізді, қателіктер жіберсе де, жөндей білетін жан екендігін айтыңыз. Шындығында бәрі қателеседі. Қандай да бір көмек керек болса, қасынан табылатыныңызды айтыңыз. Енді осы баланы кішірейтіңіз. Бұршақтай боп кішірейгенде алыңыз да жүрегіңізге салып қойыңыз. Оның орны – жүректе.
Енді анаңыздың 5 жасар кезіндегі бейнесін елестетіңіз. Қорыққан, көмек күткен кішкентай қыз балаға қолыңызды созып, жақсы көретініңізді айтыңыз. Қандай қиындық туса да көмек бере алатыныңызды айтып, жұбатыңыз. Жұбанып, қауіпсіздікті сезінгенде әлгіндей кішірейтіп, жүрегіңізге орнатыңыз.
Ал енді әкеңізді елестетіп көріңіз. 3-5 жастағы кішкентай ұл бала бірдеңеден қорқып, бақырып жылап тұр. Кішкентай бетін жас жуып кеткен. Сіз бала жұбатуға үйреніп те қалдыңыз. Көтеріп кеудеңізге қысыңыз, жұбатыңыз. Сіздегі өзіне арналған махаббатты сезінсін. Көз жасы кеуіп, жұбанғанда жақсы сөздер арнап, кішірейтіп жүрегіңізге жайлап ораластырыңыз. Анаңызбен қатар тұрсын. Кішкене сәбиді жақсы көргендей ұлы сезім болмас, сірә! Сіз оларды сондай сүйесіз. Жүрегіңізде оларға деген орын әрқашан дайын. Жүрегіңізде бүкіл әлемді тазартатын махаббат бар. Әуелі өзімізді тазартудан бастаған жөн. Денеңізге жылу тарап, мамыражай рақатты сезінсеңіз, өміріңіздің басқа жақсы арнаға бұрылғаны деп біліңіз.
3 – жаттығу. Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: “Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді. Мен жанға рақат жайбарақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағымымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім”. Осы жаттығуды үш рет қайталаңыз. Бір қиын жағдайға тап келсеңіз, осы жаттығуды қайталаңыз. Осы жаттығу – сіздің тазару құралыңыз. Шынайы түрде орындап үйренсеңіз, сіздің өкпелегіштік қасиетіңіз жоғала бастайды. Жайланып, жақсылық жайлы ойлаңыз.
Қазір мынандай тапсырманы орындаймыз. Жаныңда тұрған адамға мына сөзді айтып қолыңды созасың: «Мен сізбен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын»,“ал сіз?” деп қолын созған адам, әрі қарай осы сөзді айтыпғ келесі адамға қолын созады. Осылай түзілу арқылы бір-бірінің қолын ұстап шеңбер құрады.
№ 1 тест.
“Сіздің шығармашылық әлуетіңіз (потенциалыңыз)”
-
Сіздің ойыңызша, айналадағы әлемді жақсартуға бола ма?
а) ия;
ә) жоқ, ол онсыз да жақсы;
б) ия, тек кейбір жақтарын.
-
Айналадағы әлемнің өзгеруіне өз үлесімді қоса аламын деп ойлайсыз ба?
а) ия, көп жағдайда;
ә) жоқ;
б) тек кейбір жағдайларда.
-
Сіздің ойыңызша, сіз қызмет етіп жатқан салаға сіздің кейбір идеяларыңыз пайда әкеле ме?
а) ия;
ә) ия, тек қолайлы жағдай бар кезде;
б) жоқ.
-
Келешекте өз салаңыздың кейбір жағдайларын өзгерте алатын маңызды рөл атқара аламын деп ойлайсыз ба?
а) ия;
ә) қолымнан келмейді;
б) мүмкін.
-
Сіз бір әрекетті бастар алдында соны іске асыраламын деп ойлайсыз ба?
а) ия;
ә) орындай алмаймын деп жиі ойлаймын;
б) ия, өте жиі.
-
Сіз мүлдем таныс емес жұмыспен айналысқыңыз келе ме?
а) ия, бейтаныс істер мені қызықтырады;
ә) бейтаныс жұмыс мені қызықтырмайды;
б) барлығы ол істің сипатына байланысты.
-
Сіз бейтаныс жұмыспен айналысып жатсыз. Сол ісіңізде жоғары нәтижеге жеткіңіз келе ме?
а) ия;
ә) жасап үлгергеніммен қанағаттанып қоямын;
б) ия, тек бұл жұмыс маған ұнаса.
-
Егер бейтаныс жұмыс сізге ұнаса, ол туралы барлығын білгіңіз келе ме?
а) ия;
ә) жоқ, тек негізгісін үйренгім келеді;
б) жоқ, тек өз қызыққұмарлығымды қанағаттандырғым келеді.
-
Сіз сәтсіздікке ұшырасаңыз, онда:
а) табандылық көрсетіп, біраз уақыт сол іспен айналыса бересіз;
ә) бұл жұмыстың іске аспайтынын түсініп, қол сілтей саласыз;
б) бұл жұмысты іске асыралмайтыныңызға көзіңіз жетсе де, жалғастыра бересіз.
-
Сіздің ойыңызша, мамандықты:
а) өз мүмкіндіктеріңіз, қабілеттеріңіз бойынша таңдау керек;
ә) мамандықтың қоғамға қажеттілігі, маңыздылығы бойынша таңдау керек;
б) ол мамандықтың сізге әкелетін пайдасына қарай таңдау керек.
-
Саяхатта сіз жүрген жеріңізбен қайтадан оңай, адаспай жүре аласыз ба?
а) ия;
ә) жоқ, жолдан адасамын деп қорқамын;
б) ия, тек маған ұнаған жерлерде.
-
Бір әңгімеден соң айтылғанның барлығын есіңізге түсіре аласыз ба?
а) ия, қиналмай;
ә) барлығын есіме түсіре алмаймын;
б) тек мені қызықтыратынды ғана есімде сақтаймын.
13.Сізге бейтаныс сөзді естігенде, оның мағынасын білмесеңіз де, қатесіз, буындап, айталасыз ба:
а) ия, қиналмай;
ә) ия, егер ол сөз оңай есте сақталатын болса;
б) қатемен айтамын.
14.Бос уақытыңызда сіз:
а) оңаша қалып, ойланғанды ұнатасыз;
ә) достарыңызбен болғанды ұнатасыз;
б) сізге бәрібір, жалғыз боласыз ба әлде достарыңызбен бірге ме.
15.Сіз бір жұмыспен айналысып жатырсыз. Оны тек төмендегі жағдайда тоқтатасыз:
а) істі аяқтап, оны өте жақсы орындадым деп санағанда;
ә) аз да болса қанағаттанғанда;
б) аяғына жетпесеңіз де.
16. Сіз жалғыз қалғанда:
а) армандағанды ұнатасыз;
ә) қалайда бір нақты жұмыспен айналысуға әрекеттенісіз;
б) сіздің қызметіңізге байланысты нәрселер туралы армандайсыз.
17. Сізді бір идея бойлап алғанда, сіз сол туралы:
а) қай жерде және кіммен болсаңыз да ойлайсыз;
ә) тек оңаша қалғанда ойлайсыз;
б) тек тыныш жерде ойлайсыз.
18. Сіз бір идеяны жақтап жатқан кезде:
а) егер қарсыластарыңыздың нақты дәлелдемелерін естісеңіз, өз идеяңыздан бас тартасыз;
ә) қандай болмасын дәлелдемелерді естісеңіз де, өз пікіріңізде қаласыз;
б) Егер қарсыластарыңыз басымдылық көрсетсе, өз пікіріңізді өзгерте саласыз.
Нәтижелерді өңдеу:
“а” – 3 балл
“ә” – 1 балл
“б” – 2 балл
49 балл және одан жоғары
Сіздің шығармашылық әлуетіңіз өте жоғары. Бұл сізге көп мүмкіндік береді. Егер сіз өз қабілеттеріңізді іске асыра алсаңыз, онда шығармашылықтың көптеген түрлерімен айналысып, көп нәрсеге қол жеткізе аласыз.
24-тен 48-ге дейін
Сізде жеткілікті шығармашылық әлует бар. Шығармашылықпен айналысуға қабілеттеріңіз бола тұра, сізде оларды іске асыруға кедергі болатын проблемаларыңыз да бар. Дегенмен, сіз өзіңізді шығармашыл етіп көрсете аласыз, бірақ ол өзіңізге байланысты.
23 балл және одан төмен:
Сіздің шығармашылық әлуетіңіз төмен. Мүмкін сіз өзіңізді, өз қабілеттеріңізді бағалай алмай жатқан шығарсыз. Өз қабілеттеріңізге сенімсіздік сізді мен мүлдем шығармашылықпен айналыса алмаймын деген ойға апару мүмкін. Бұл ойдан арылып, осылайша проблемаңызды шешіңіз.
№ 2 тест.
“Сіздің жауапкершілігіңіздің деңгейі”
( “Ия” немесе “жоқ” деп жауап бересіз)
-
Сіз қызметтік кездесулерге уақтылы келесіз бе?
-
Сізге сенуге бола ма?
-
Сізде үнемі кездейсоқ жағдайларда қажетті болатын қаржы бола ма?
-
Достарыңыз заңсыз іспен айналысып жатқанын білсеңіз, ол туралы милицияға хабар бересіз бе?
-
Табиғат аясында демалып, соңынан қалған қоқысты жинайсыз ба?
-
Сіз жүйелі түрде дене шынықтыру жаттығуларын жасайсыз ба?
-
Сіздің денсаулығыңызға кері әсер беретін тағамдарды қолданбауға әрекет жасайсыз ба?
-
Сіздің ойыңызша, жұмысыңыз, қызметіңіз бірінші кезекте тұру керек пе?
-
Сайлауға үнемі қатысасыз ба?
-
Алынған хаттарға 2-3 күн барысында жауап бересіз бе?
-
Не істесеңде, оны жақсы істеу керек деген пікірмен келісесіз бе?
-
Мазаңыз болмай, өзіңізді нашар сезінсеңіз қызметтік кездесуге келесіз бе?
-
Сізде милицияға байланысты келеңсіз жағдайлар болған ба?
-
Сізді өзін-өзі басқару органдарына сайлаған ба?
-
Бала кезіңізде үй шаруашылығында тұрақты көмектескесіз бе?
Нәтижені өңдеу:
“Ия” – 1 балл
“Жоқ” – 0 балл
(Тек 13-ші сұрақта “ия” 0 балл, “жоқ” 1 балл)
Егер сіз 10-нан 15 балға дейін жинасаңыз, сіз жауапкершілігі өте жоғары, сезімтал және сыпайы адамсыз. Сіздің адалдығыңызға сенуге болады.
3 балдан 9 балға дейін – сіздің бойыңызда жауапкершілік бар, бірақ көптеген істе жауапкерсіздік танытасыз.
2 балл және одан төмен – сіз үнемі бір келеңсіз жағдайдан екіншіге ұшырап жүретін жауапкерсіз адамсыз.
№ 1 сауалнама
Мұғалім жұмысының нәтижелілігін бағалау
(оқушылар көзқарасы бойынша)
-
Сіздің ойыңызша, қай мұғалім бағаны әділ қояды?
-
Қай пәндер бойынша үй жұмыстарын сіз қызығып орындайсыз?
-
Қай мұғалімнің сабағы сіз үшін қызықты өтеді?
-
Биылғы оқу жылында қай пәндер бойынша шығармашылық тапсырмалар орындадыңыз?
-
Қай мұғалім сізге ерекше көңіл бөледі, қолдайды?
-
Қай мұғаліммен сіз ішкі сырыңызды бөліскіңіз келеді, оның берген ақыл-кеңесі сіз үшін өте маңызды?
-
Сіз ұнататын үш пәнді атаңыз.
-
Мұғалімнің қайсысы сізге тұрақты білім береді?
-
Қай мұғаліммен сізге тілдескен, тығыз байланыста болу ұнайды?
-
Қай пәндер бойынша сіз факультатив сабақтарына қатысқыңыз келеді?
-
Қай пәндер бойынша сіз сабақтарға қатысқыңыз келмейді?
Нәтижелерді өңдеу:
Мұғалім фамилиясының және ол беретін пәннің әрбір аталуына 10 ұпай беріледі. Тек 11-ші сұрақта аталуына 10 ұпай алынады. Содан соң ұпайлар жинақталады. Осылай ұпай бойынша алдыңғы қатарлы мұғалімдер анықталады. Төмен ұпай жинаған немесе бұл тізімге мүлдем түспеген мұғалімдермен мектеп әкімшілігі оқу-тәрбие жұмысының сапасын көтеру мақсатында тынымсыз еңбек ету керек.
№ 2 сауалнама
Оқушылардың пәндерге көзқарасы
(“Ия”, “жоқ” немесе “кей-кезде” деп жауап беріледі)
-
Мен сабақта мұғалімді зейін қойып тыңдаймын.
-
Мен сабақта көбінесе өз істеріммен айналысып отырамын.
-
Мен мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіріп жатқанда тыңдаймын.
-
Мен көбінесе сабақта өзімді қызықтыратын әдебиетті оқып отырамын.
-
Мен тақта алдында жауап беруді ұнатпаймын.
-
Бізге көбінесе үйге тек оқулықтағы материалды көшіруге береді.
-
Бақылау жұмысын орындағанда мен әдеттегідей көршілерімнен көшіріп аламын.
-
Мен сабақта көбінесе дәптерге жазбаймын.
-
Мұғалім тек оқулықтағы материалдарды айтып береді.
-
Мен сабақта мұғалімге сұрақ қоймаймын.
-
Бұл пән бойынша мен үй жұмысын орындауға қызықпаймын.
-
Мұғалім маған селқостықпен қарайды.
Ескерту: Сауалнама жүргізер алдында қай пән туралы айтылатынын анықтап алу керек.
№ 3 сауалнама
Педагог қызметін оқушы көзқарасымен бағалау
-
Сіз көбінесе қай сабақтарда көп шаршайсыз?
-
Қай сабақтарға сіз қуана қатысасыз?
-
Қай мұғаліммен сіз қызыға әңгімелесіп, өз ойыңызбен бөлісе аласыз?
-
Қай пәндерден үй жұмысын орындайсыз?
-
Қай пәндер бойынша сабақтарға қуана қатыспас едіңіз?
-
Қай мұғалімнен кеңес сұрар едіңіз?
-
Қай пән бойынша үйірмеге қатысар едіңіз?
-
Сіздің ойыңызша, қай пәндерден мұғалімдер бағаны төмендетіп немесе жоғарылатып қояды?
-
Қай пәндерден сіз қызыға шығармашылық тапсырмаларды орындар едіңіз?
-
Қай пәндерді сіз мектеп бағдарламасынан мүлдем алып тастар едіңіз?
№ 4 сауалнама
Үй тапсырмасын орындаудың
сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеу
-
Үй тапсырмасын қанша уақытта орындайсың?
- 30 мин; - 3,5 – 4 сағ;
- 1 – 1,5 сағ; - 4 – 4,5 сағ;
- 1,5 – 2 сағ; - 4,5 – 5 сағ;
- 2,5 – 3 сағ; - 5 сағаттан көп.
-
3 – 3,5 сағ;
-
Қай күндері үй тапсырмасын орындауға көп уақыт кетеді:
- дүйсенбі; - сәрсенбі; - жұма; - жексенбі.
- сейсенбі; - бейсенбі; - сенбі;
-
Төмендегі қай пәннен үй тапсырмасын қызығып орындайсың:
- әдебиет; - физика; - тарих; - шет тілі;
- қазақ тілі; - химия; - география; - биология;
- орыс тілі; - математика; - информатика; - басқа пәндерден (нақты ата).
-
Үй жұмысының қандай түрлері сені қызықтырады:
-
_____________________________________________________________
-
_____________________________________________________________
-
_____________________________________________________________
-
Үй тапсырмасын тексерудің қандай түрлері саған ұнайды:
- жатқа айту, - баяндама жасау;
- ойындар арқылы; - тест орындау
- шығармашылық жұмыс; - тақта алдында жауап беру;
- сызу; - басқа (нақты көрсет).
-
Үй жұмысын сен:
-
бір өзің орындайсың;
-
ата-анаңның көмегімен орындайсың;
-
досыңмен орындайсың;
-
сыныптағы жолдастарыңмен орындайсың;
-
сыныпқа келіп көшіріп аласың.
-
Қай пәндерден үй тапсырмасының көлемі өте үлкен болады?
-
Қай пәндерден қызықты үй тапсырмасын береді?
-
Қай пәндерден сен:
-
үй тапсырмасын қалай орындайтынын білмейсің;
-
кей-кезде қалай орындайтынын білмейсің.
-
Үй тапсырмасын орындамаудың себептері:
-
қалай орындайтынды білмейсің;
-
көлемі өте үлкен болғандықтан қорқасың;
-
уақытың жетпейді;
-
мұғалім тексермейтінін білесің;
-
ұмытып кетесің;
-
материал таппайсың;
-
сыныпта үйге не бергенін жазып алмайсың;
-
пән ұнамайды;
-
мұғалімді түсінбейсің;
-
ерінесің;
-
өзіңді нашар сезінесің.
№ 5 сауалнама
Мектептегі моральдік-психологиялық ахуалды зерттеу
(оқушыларға арналған)
(“Ия”, “жоқ” немесе “айтуға қиналамын” деп жауап беріледі)
-
Мен өз мектебімді жақсы көремін.
-
Маған біздің мектептің директоры ұнайды.
-
Біздің мұғалімдердің барлығы өз істерінің шебері.
-
Мұғалімдер мені жақсы көретінін немесе мені сыйлайтынын білемін.
-
Мұғалімдер ешқайсысы маған ешқашанда айқайлап, ашуын менен алмайды.
-
Мен біздің мұғалімдердің шыдамдылығына таң қаламын.
-
Маған біздің сынып ұнайды.
-
Маған біздің мектепте оқыған ұнайды.
-
Мен осы мектепте жақсы білім алып жатқаныма сенімдімін.
-
Біздің мектепте көптеген қызықты іс-шаралар өткізіеді.
№ 6 сауалнама
Мектептегі моральдік-психологиялық ахуалды зерттеу
(мұғалімдерге арналған)
(“Ия”, “жоқ” немесе “айтуға қиналамын” деп жауап беріледі)
-
Мен өз мектебімді ұнатамын.
-
Маған бұл жерде барлығы жақсы көзқараспен қарайды.
-
Маған жұмыста әкімшілік тарапынан үнемі көмек көрсетілетініне сенемін.
-
Мен мұғалімдер бөлмесінде болғанды ұнатамын.
-
Мен барлық балаларға бірдей сыйластықпен және зейінмен қараймын.
-
Мектепте менің көңіл-күйім өте көтеріңкі.
-
Өмірдің қиыншылықтарына қарамастан мен үнемі мектепке асығамын, маған жұмысым өте ұнайды.
-
Мен өз тәжірибемді және жетістіктерімді әріптестеріммен бөліскім келеді және олардың кеңестерін үнемі зейін қойып тыңдаймын.
-
Мен мектеп әкімшілігін сыйлаймын және қарсылықсыз олардың өтініштерін орындаймын.
-
Мені әріптестерім сыйлайтынын білемін.
№ 7 сауалнама
Оқу жылының соңында алынатын мұғалімдерге арналған
психологиялық-педагогикалық сауалнама
(жауап 10-балдық жүйемен бағаланады немесе сұрақ мазмұнына байланысты жауап беріледі)
-
Өз еңбегіңізге қанағаттануыңыздың дәрежесі.
-
Сіздің төмендегілермен қарым-қатынасыңызға қанағаттануыңыздың деңгейі:
-
әкімшілікпен;
-
әріптестеріңізбен;
-
оқушылармен;
-
ата-аналармен.
-
Шаршауыңыздың дәрежесі.
-
Сіз өзіңізді неше жастағы адам боп сезінесіз?
-
Сіздің жыл бойы қанша сабағыңыз ():
-
өте қызықты болды;
-
қызықты болды;
-
жақсы болды;
-
орташа болды;
-
нашар болды.
-
Сіздің денсаулығыңыздың дәрежесі ():
-
Қандай көңіл-күй басымды болды:
-
сергек;
-
өзіне сенімді;
-
көңілсіз;
-
түңілген;
-
селқос.
-
Жыл басында жоспарлағаныңызды жүзеге асыра алдыңыз ба:
-
толық;
-
жартылай;
-
ойланбаппын;
-
есімде жоқ;
-
білмеймін.
-
Біздің мектепте:
-
көңілді;
-
қызықты;
-
ешкімнің ешкіммен жұмысы жоқ;
-
әркім өз бетінше;
-
шығармашылық жағдай.
-
Менің үйімде:
-
барлығы ойдағыдай;
-
проблемалар бар;
-
үйге барғым келмейді;
-
жетіспеушілік шаршатты.
-
Сіздің негізгі арманыңыз:
1)_________________________________________________________________
2)_________________________________________________________________
3)_________________________________________________________________
Әдістеме №1.
“Күн сәулесіндегі менің автопортретім”
Оқушыларға парақтарға күнді салу ұсынылады. Күн сәулелері орнына әрбір оқушы өз бойындағы жақсы қасиеттерді жазу керек. Күннің ортасына өз есімін жазады. Сосын парақтар шеңбер бойынша бір-біріне беріледі (егер қатысушылар саны 15-тен асса, онда сынып 3-4 топқа бөлінеді). Әрбір оқушы сыныптасының бойында расында да сол қасиет байқаса, астын сызады, байқамаса – сызбайды. Егер ол сыныптасының бойында тағы да жазылмаған басқа қасиеттер байқаса, онда сәуле етіп қосып жазып қояды. Ойын соңында парақ егесі қайтып оралады. Ол өзін-өзі осылай бағалай алады.
Әдістеме №2.
Мағыналық жадыны зерттеу.
Мақсаты: оқушылардың мағыналық жадының даму деңгейін анықтау.
Өткізу тәртібі.
Мұғалім асықпай оқушыларға 10 сөз жұбын оқиды. Сөздердің арасында мағыналық байланыс бар, мысалы: шеге – тақтай, сағат – уақыт, емен – жаңғақ, орман – аю, теңге – тиын, көпір - өзен, қоңырау – сабақ, түн – жұлдыз, тамақ – дастархан, аңшы – мылтық.
Аздаған кідірістен соң мұғалім әр жұптың тек бірінші сөзін оқиды, ал оқушылар екінші сөзді есіне түсырып, жұптарды толық етіп жазу керек.
Нәтижелерді талдау.
Дұрыс жазылған жұп сандары есептелінеді. Егер жұптардың саны 6-дан жоғары болса, оқушының сөз-логикалық (мағыналық) жадының даму деңгейі жақсы болып есептелінеді.
Әдістеме №2.
Қысқа мерзімді жадыны зерттеу.
Мақсаты: қысқамерзімді көру жадының көлемін анықтау.
Нұсқау: Қазір сіздерге сандары бар кесте көрсетіледі. Сіздер 20 секунд барысында неғұрлым көбірек санды есте сақтап қалуға әрекет жасау керексіздер. Кесте жасырылған соң есте қалған сандарды параққа жазыңыздар.
Бағалау: Дұрыс жазылған сандар көлемі арқылы қысқамерзімді көру жадын бағалаймыз. Сандардың қысқамерзімді жадыда сақталатын максималды көлемі – 10 сан. Орта деңгейі: 6-7 сан.
15 |
39 |
87 |
23 |
94 |
65 |
79 |
56 |
83 |
19 |
94 |
52 |
Әдістеме №4.
Күн нәтижелерін бағалау.
Оқушыларға әрбір күнді 4-ұпайлық жүйе бойынша бағалау ұсынылады:
4 – ерекше сәтті күн
3 – сәтті күн
2 – қанағаттанарлық күн
1 – сәтсіз күн
Бағалар төмендегі кестеге жазылады:
|
Ақпан |
||||
Дүйсенбі |
|
4 - 2 |
11 - |
18 - |
25 - |
Сейсенбі |
|
5 - |
12 - |
19 - |
26 - |
Сәрсенбі |
|
6 - |
13 - |
20 - |
27 - |
Бейсенбі |
1 - 3 |
7 - |
14 - |
21 - |
28 - |
Жұма |
1 - 3 |
8 - |
15 - |
22 - |
29 - |
Сенбі |
2 - 3 |
9 - |
16 - |
23 - |
|
Жексенбі |
3 - 4 |
10 - |
17 - |
24 - |
|
Осылай әрбір күннің сапасы, ол күннің сіздің өміріңіз үшін мағынасы анықталады. Бұл сіздің сәттілікке сенімділігіңізге позитивті (жағымды, оңтайлы) әсер береді. Күн сәтсіз өткенімен де, келесі күнді сәтті өткіземін деп өзіңізді өзіңіз бағыттайсыз.
Әдістеме №5.
Оқушылар жадының ерекшелігін анықтау.
Мақсаты: қысқамерзімді жадының көлемін анықтау.
Материал: сандар жазылған 2 карточка.
Карточка №1. Карточка №2.
5 8 2 4
6 4 3 6 8 9
4 2 7 3 3 2 7 9
6 1 9 4 7 1 5 2 8 6
5 9 1 7 4 2 5 3 9 4 1 8
5 8 1 9 2 6 4 8 1 2 9 3 9 5
2 7 5 8 6 2 5 8 9 4 3 7 6 2 5 8
Өткізу тәртібі.
Мұғалім №1 карточкадағы сандар қатарын оқиды. Әр қатардан кейін кідіріс жасайды, сол кезде оқушылар сандарды айтылған ретпен жазып шығу керек. Қатарлар рет-ретімен оқылып шығады.
№2 карточкадағы сандар қатарын оқығанда оқушылар айтылған сандар қатарын кері жазып шығу керек. Мысалы, 3-ші қатардағы сандар: 3 2 7 9. Оны оқушылар кері келесі ретпен жазу керек: 9 7 2 3.
Нәтижелерді талдау.
Оқушылардың жазғанын тексеріп, онда барлық сандары дұрыс, айтылған ретпен жазылған ең ұзын қатарды табу керек. Қысқамерзімді жадының көлемі сол қатармен анықталады.
Жаттығу-1.
Баланың есте сақтауын диогностикалау және жаттықтыру.
Баланың есте сақтауы бірнеше түрде болады:
а) есту арқылы, ә) көру арқылы, б) іс-әрекет (қозғалыс)
Оқушылардың көру және есту арқылы есте сақтау деңгейін анықтау үшін төмендегідей тапсырмалар орындайды:
/ |
: |
+ |
- |
∆ |
. |
/ |
= |
+ |
≈ |
Таңбалар қатарын мұқият қарап, есте сақтауы сұралады. Содан соң осы қатарды жазып шығуы керек екендігі ескеріледі. Әр таңба өз орнында болуы керек. Оқушылардың жұмыстарының қорытындысы төмендегідей болады.
10 - Өте жақсы
7- Жақсы
3 - Нашар
Жаттығу-2. Бейнені есте сақтау (бейнелік жады)
Оқушыларға 10-16 бейне көрсетіледі. 20 сек. Ішінде берілген бейнелерді есте сақтап, 1 мин. Ішінде оны қағаз бетіне түсіруі керек.
Нұсқау: “Сізге бейнелер көрсетілген кесте беріледі. Сіздің мақсатының – 2 сек. Ішінде неғұрлым көбірек бейнені есте сақтауыңыз керек. Берілген уақыт өткен соң кестені қайтарып алады. Енді сіз есіңізде қалған бейнелерді суреттеп немесе жазып беруіңіз керек ”.
Жадының даму деңгейлері
(“Жедел жады” әдістемесінен басқа әдістемелердің барлығына келеді)
0-40% -дамудың төменгі деңгейі;
50-60% -дамудың ортанғы деңгейі;
70-100 % - дамудың жоғары деңгейі.
Жаттығу-3. Ұзақ мерзімді жады
Сабақтың басында 4 жолды өлең немесе эмоционалдық әсері шамалы хабарлама оқылады мысалы, Ш. Құдайбердиевтің
Ақыл деген-өлшеусіз бір жарық нұр,
Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр.
Тағдырдың қиын сырлы сиқырымен,
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.
(сөздің санын есептеңдер). Оқушылардан есте сақтап қалуларын өтініңіз.
Сабақтың соңында оқушылар сіздің хабарламаңызды мүмкіндігінше дәл жазып беру керек.
Берілген 2 хабарламаны: Сіздікін және оқушылардікін салыстырыңыз. Ол оны қаншалықты толық беріп отыр?
Сөзбе сөз 1 балл (100%)
Естігеніңізді мүлдем бере алмады 0 балл (0%)
Айтылғанның түсінігін өз сөзімен бере алды 0,5 балл (50%)
Берілген сөздің көпшілігін пайдалана отырып, естігеннің 0,7 балл (70%)
мағынасын береді
Мағынасын түсінбей, кейбір сөздерді белгілеп алып отырады 0,3 балл (30%)
0-40% -дамудың төменгі деңгейі;
50-60% -дамудың ортанғы деңгейі;
70-100 % -дамудың жоғары деңгейі.
1