Материалдар / Эссе Жаркынбекова Куралай
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе Жаркынбекова Куралай

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен қандай мұғаліммін-тақырыбында эссе. барлық пән мұғалімдері үшін ыңғайлы. Жаркынбекова Куралай
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2021
728
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы, Келес ауданы

32 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Эссе

Тақырыбы: «Мен қандай ұстазбын»

Орындаған: математика пәні мұғалімі Жаркынбекова Куралай













2021-2022 оқу жылы

Ақсу ауыл

«Мен қандай –ұстазбын».

Сөзімнің басын: «Оқушыңды өзіңнің қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды» деген Л.Н.Толстойдың кереметтей сөзімен бастағым келеді.

Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең

Осы  тақырыпты  алғанда көп  ойландым.  Шындығында  мұғалім  барлық  мамандық   иесін тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Барлық мамандық иесі ұстаз алдында шәкірт болатыны мәлім.

 Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға  бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы.

Мұғалім – болашақтың білім нәрін себушісі
Ұстаз – оқушы алдында мәртебесі қашан да биік жан. Тәрбиенің қайнар көзі әрине білімде. Білімді өскелең ұрпаққа тәрбие беруде ұстаз рөлі ерекше. Жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни дарынды шығармашыл тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын, оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді ізденістерін, тәжірибиелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. Жастарға сапалы білім беріп қана қоймай соны мен қатар тәрбиеде бере білу қажет. Қазақстанның болашағы жастарда. Жастардың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев білім мекемелеріне айрықша көңіл бөліп олардың материалдық - техникалық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасап отыр. Оның барлығы білім саласын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің мәртебесін жоғарлатуға ықпал етеді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Жастарды мәдениетті, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, еңбекқор, ата - салтын, ана - тілін қастерлейтін, білім берген ұстаздарын әр қашанда құрметтеуге тәрбиелеу. апалы білім беру - бәсекеге қабілетті қоғам орнату негізі - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атамыз айтқандай. Білім жолы қиын да қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу - ұстаз алдында тұрған ең басты жауапты міндеті.
Ұстаз міндеті - жас ұрпаққа сапалы білім беру, ғылымға баулу, саналы тәрбие беру. Шәкірттің жақсы болуы - ұстаздың айтқан сөзінде ғана емес, көрсеткен үлгісінде. Меніңше ұстаз, ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен, үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық қабілет қажет.
Ұлы жазушы Ғ. Мүсірепов “жазушы жазуын қойған күні - өлгені”,- деген екен. Сол секілді мұғалім оқуын, іскерлік қабілетін тоқтатқан күні мектеп табалдырығын аттамаған дұрыс.

Қазір заман бөлек, талап басқа, оқушыға берілетін білім де терең. Сондықтан жаңашылдықтың дәуірін басынан кешіріп жүрген талантты да, талапты оқушыны тәрбиелеуде, осындай  жаңа  даму  үрдісі  ал­ға  басып  отырғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің, жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды болып табылады. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең маңызды ошағы – ұстаз берген білімде. Мұғалім - жас ұрпақ тәрбиешісі. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Сондықтан да мұғалімге жасалатын қамқорлық, жүктелетін жауапкершілік жас ұрпақ тағдырына, болашағына жан ашырлықпен қарау деп ұғынылғаны дұрыс.

Мен өз сөзімді ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың қаннатты сөзімен аяқтағым келіп отыр:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!