400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе "Жас ақын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе Жас ақын тақырыбына жазылды. Баланың арманы баяндалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас ақын

Мен - отбасымның тұңғышымын. Атым – Жарас, 6 сынып оқушысымын. Кішкентай кезімнен бастап, әкемнің сыңғырлаған домбырасының үнін естіп өсіп келемін. Менің отбасымды өнерге жақын отбасы деуге болады. Әкем жас кезінен домбыра тартуды, анам ән айтуды жақсы көреді. Менің де бойымда әкемнен, анамнан дарыған қабілеттілік бар болса керек. «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» демекші, әкемді үнемі үлгі тұта отырып,жастайынан домбыра шертуге әуес болдым. Атақты суырып салма ақындардың өнерлерін тыңдау жаныма жақын еді.Халық поэзиясының атасы атанған - Жамбыл Жабайұлы, айтыстың шебері - Сүйінбай Аронұлы сияқты, ақындық өнердің жолына түсіп, қазақтың көк туын желбіретіп, ұлт ақыны болу армандарымның бірі еді. Болашағымның кепілі – арманымның орындалуы деп білемін. Елімнің болашағы – біздердің, жас ұрпақтың қолында. Олай болса, аянбай еңбек етіп, әділ жолмен, елімізді, жерімізді көркейтуге атсалысайық,достар!

Ақындар көп қалада,

Мен олардан қалам ба?

Жамбылдай ақын болсам мен,

Халқыма жақын боламын.



Елімнің туын нық ұстап,

Тек шындықты теремін.

Махамбеттей ақынды,

Үлгі тұтып жүремін.



Домбыраның үнімен,

Қуанышқа бөлеймін.

Жарас – ақын атанып,

Әділ жолмен жүремін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.11.2023
289
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі