400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе, Жазда жанұямызбен

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе. Тақырыбы: Жазда жанұямызбен. Жазғы демалыс туралы. Жанұяммен демалыс. Жазғы өткізген қызық күндер. Жанұяммен қткен қызық күндер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Жазда жанұямызбен

Жазда біз жанұямызбен Отанымыздың түкпір-түкпірін аралап, менің туған жеріме, туған-туыс, бауырларыма Жаңаөзен қаласына бардық. Жаңаөзен – Қазақстанның мұнайлы өңірі. Менің бұлай көлікпен сапарға шығуым өмірімде бірінші рет.

Алатау бөктерін жағалап, шырайлы Шымкент пен Тараздан асып, тарихи Түркістанға тоқтадық. Түркістанда жаңадан салынған Керуен сарайды қызықтадық. Әсемдігіне сөз жоқ. Қазақ хандығы тұсында Ұлы Жібек жолы, Керуен сарайды, қолөнер бұйымдарды, сол кезде салынған базарларды көрдік. Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің орнында ақсақалды аталарымыз отырды.

Одан өте Қызылорданы артта қалдырып, Ақтөбеге тоқтадық. Шілденің аптап ыстығында самал желі мен нөсер жауыны Алланың бізге жіберген нығметі болды. Оралдан өтіп, Атырауға да жеттік. Атыраудағы тарихи мекен Сарайшық – бұрыңғы Қазақ хандығының астанасы, менің анамның туған жері. Мұндағы жеті ханның ордасы алыстан мұндалап тұрады. Сарайшық тарихта Сарай-бату аталған. Ұлы Жібек жолы осы қааламен өткен. Нағашыларымның ауылында 3-4 күн болып, Маңғыстау өңіріне жол тарттық. Жолдағы әсем-әсем таулар, жоталар менің көз алдымда. Жусан иісі аңқыйды.

«Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас», - деп бабаларымыз айтып кеткендей, шынымен-ақ туған жеріме еш жер тең келмейді екен. Сапарда көрген қалаларым қанша әдемі болса да, Жаңаөзенім ыстық-ақ. «Бөтен жердің гүлінен, Туған жердің тікені артық», - демекші, туған жерімнің аптап ыстығы, жантағы, шөл даласы, шудаларын шаң басқан түйелері, боздаған боталары, Каспийдің толқындары, мұнайдың құбырлары, бәрі-бәрі мен үшін ерекше.

«Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар», «Ағайының бай болса, Асағаның май болар», - демекші, асыл әжем, туыс-бауырларым барда менің тынысым кең. Қайда жүрсем де әжемнің ыстық құшағын, мейірім төккен көздерін сағынамын. Туыс-бауырларыммен ұшы-қиыры жоқ Каспий теңізінде бірнеше рет күнді батырып, айдың жарығымен суда малтығанымыз көз алдымда...

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қазан
435
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі