Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе жазу методологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
авторлы0 жоба,жазу реті,сипаты жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы

ЖОББ КММ











Эссе жазу методологиясы тақырыбы бойынша факультативтік курс бағдарламасы











































Қабанбай батыр ауылы .2023-2024 жыл

Қабанбай батыр ауылы «жалпы орта білім беретін» коммуналдвқ мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кеңесінде қаралық ,облыстық сараптамалық кеңеске ұсынылды .( хаттама № ,)





ПІкір білдірушілер :


1.

2.Ш.А.Абдрашева – Ақмола облысы, Целиноград ауданы , Қабанбай батыр ауылы «ЖОББ» КММ , Оқу ісінің меңгерушісі, педагог-зерттеуші.





Құрастырушы: Жайлаубекова Кымбат Тумабаевна – Қабанбай батыр ауылы ЖОББ КММ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі, педагог-эксперт.Курс бағдарламасы .Қабанбай батыр ауылы 2023,55бет.







Аңдатпа

Бұл факультатив курс бағадрламасы мемлекеттік емтиханның айтылым,жазалым,тыңдалым, оқылым модуліне мектептің жалпы сынып оқушыларына арналған ,эссе жазу мақсатында әзірленген .Бағдарлама 34 сағатқа құрылған.







Түсінік хат


Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны жүйесінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Себебі, білім алушылардың оқу және жазу сауаттылықтарын қалыптастыру-бүгінгі күннің талабы. Біздер, ұстаздар алдымыздағы оқушыларды жазу шығармашылық жұмыстарына баули отырып, ана тіліне қаныққан өзіндік пікір мен өзіндік позициясы қалыптасқан ұрпақ оқытуға қол жеткіземіз. Соның ішінде эссе жазу қазіргі оқу мақсаттарының негізгі және мектеп бітіруші түлектеріне қойылатын аттестаттау емтиханында да ана тілінен оқушы білімі эссе жазу арқылы бағаланады.

Эссе дегеніміз не? Эссе жанры өте ерте қалыптасқанымен бізге кеш жетіп отыр. Эссе деген-адамның жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін, шығармашылық жұмыс. Оның бірнеше түрлері бар. Эссе жазу арқылы оқушылар әдеби шығарманы талдап қана қоймай, ондағы басты құндылықтарды қазіргі өмірмен байланысын өзіндік көзқарасы тұрғысынан ашады, дәлелдейді, тезис арқылы пайымдайды. Эссе жазуға дағдыланған оқушы өмірде дұрыс коммуникативтік байланысқа түсе алады және сыни пікір қалыптастырады.

Аталған бағдарламада оқушылардың осы дағдыларын дамыту күтілетін нәтиженің ең бастысы деуге болады. Бағдарламаның жаңашылдық сипаты теориялық білім мен практикалық білімді ұштастыра отырып, эссенің барлық түрлерін еркін жаза алуға бағытталған тиімді жолдарын ұсынған мазмұндық сипатында деп білеміз. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері осы нәтижеге бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты: эссе жазуға дағдылану арқылы білім алушылар жазу сауаттылықтарын, шығармашылық қабілеттерін, өзіндік көзқарасын, сыни ойлауын қалыптастырады.

Міндеттері:-

-жазу сауаттылықтарын қалыптастыру;

-шығармашылық әлеуетін арттыру;

-өзіндік сыни көзқарасы қалыптастыру;

-жеке позициясы, сыни ойлауын қалыптастыру;

-салыстыра сипаттай алу танымын арттыру;

-сөздік қорын, сөйлеу мәнерін ,сөз саптауын көркемдік деңгейге жеткізу;

Күтілетін нәтиже:

-шығарма идеясын, тақырыбын өзіндік көзқараспен талдай алады; логикалық жүйелі жазу арқылы өз логикасының жүйелілігін арттырады;

-өз ойын, поэзиясын еркін айтуға, жазуға дағдыланады;

-өмірлік жағдаяттарға сыни көзқараспен қарап, ақ пен қараны ажырата алуға үйренеді;

-оқу және жазу сауаттылығы артады.

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Эссе жазу» атты арнайы курс бағдарламасы оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде ) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнын аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген.





Нормативті бөлім


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықпен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 3 сәуірдегі № 352 бұйрықпен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрықпен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы 217 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;



Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау






Сабақ тақырыбы



Оқу мақсаты

Сағат саны

Барлығы

Теория

Практика

1

Кіріспе. «Ойлы сөз айта білеміз бе?» еркін пікір алаңы

мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

1


1


2

Салыстыру: ауызекі сөйлеу, жазбаша пікір жазу және ауызша пікір айту(ерекшелік неде?

мақала, аннотация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

1



1

3

Ақпаратты талдап, ойды жинақтау.

оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазу;

1



1

4

Эссе жазуға дайындық

БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау

1


1

5

Ой қорытып жазу жаттығуларымен жұмыс

мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау

1


1

6

Эссе мен шығарманың айырмашылығы

тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі

1


1



мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау




7

Эссе жазу талаптары

мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

1


1

8

Ой түйіндері. Ой үзіктері абзацтар.

мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

1


1

9

Эссеге даярлық. Таңдалған тақырып.

Кіріспе жазу. Тезис.

тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру

1


1

10

- 11

Тезиске қатысты негізгі бөлімдегі ойлар және аргументтер, дәлелдер

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2024
915
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12