Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Түркістан облысы
Ордабасы ауданы
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Эссе жазуға үйретудің теориялық аспектілері
Құрастырушылар:
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Бұралхиева Мөлдір Датқабекқызы
2024 жыл
Досболова Ақмарал Оразбекқызы. Бұралхиева Мөлдір Датқабекқызы Эссе жазуға үйретудің теориялық аспектілері – 2024 жыл
Авторлық бағдарламада эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның шығармадан айырмашылығы жөнінде түсінік беріледі. Сонымен қатар эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгілері ұсынылып, оларға талдау жасалды. Эссе талаптары және бағалау критерийлері халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, бірнеше дереккөздердегі мәліметтерді қарастырып, сараптап, талдап ұйғарылған қорытынды шешім бойынша құрастырылды.
Авторлық бағдарлама жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға арналады.
«Эссе жазуға үйретудің теориялық аспектілері» авторлық бағдарламасының мазмұны
1. Түсінік хат.......................................................................................................
2. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім....................................................................
3. «Эссе жазуға үйретудің теориялық аспектілері» курсы бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспары..............
4. Ақпараттық – әдістемелік бөлім...................................................................
5. Тақырып бойынша жоспарлаған сабақ түрлері .........................................
6. Мәтінмен жұмысты жетілдіруге арналған тапсырмалар....................
7. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері, дидактикалық материалдар, сабақтың техникалық жабдықталуы........
8.Тақырып немесе бөлімнен кейін қорытындысын шығару түрлері
9. Қорытынды...............................................................................................
10. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................
Түсінік хат
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу міндеттелді. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген. Эссе – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді. Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер, дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп, мысал келтіріледі.
Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін, сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды. Л.П. Крысинның "Толковый словарь иноязычных слов" деген еңбегінде эссе "жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде қандай да бір мәселені сөз ететін очерк» деп берілген. Ол – ауызекі сөйлеу тіліне бағытталған, ерікті түрде , көбінде пародаксалды мазмұндалатын автордың дара ұстанымын танытатын проза түріндегі философиялық, әдеби-сын, тарихи-библиографиялық, публицистикалық жанр. " Әдебиеттің қысқаша энцикпедиясында: "Эссе – бұл жеке тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма»,-деп берілген. Эссе соңғы жылдары танымал бола бастады. Бұл жанрды қалыптастырушы ретінде М.Монтень ("Опыты", 1580 г.) саналады. Бүгінгі таңда эссе жиі қолданылатын тапсырма түрі ретінде ұсынылады. Эссе жазуды үйрену - білім алу процесінің жаңа түрлері мен форматтарын ашуға мүмкіндік береді.
Мектеп бағдарламасында эссе жазу - оқушыларға сыни ойлау, аргументтеу және түрлі түрлі мазмұндарды дамытудың бір бөлігі болып табылады. Бұл оқушыларға талдау және тақырыпқа байланысты ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Бағдарламаның өзектілігі:
Мектепте оқу процесін жетілдіруге бағытталған қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін оқыту саласындағы эссе жазу жолдарын меңгерту.
Бағдарламаның жаңалығы:
Эссенің құрылымын, оны жазу талаптарын зерделейді. Оқушыларға эссе жазуды дағдыландыру сабақтарын ұйымдастыру арқылы эссе жазу тәсілдерін меңгереді.
Бағдарламаның педагогикалық мақсаттылығы:
Оқушылар мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамыту.
Бағдарламаның мақсаты:
Оқушыларды эссе жазуға үйрету және оны бағалау аспектілері бойынша практикалық дағдылары мен теориялық білімдерін дамыту.
Бағдарламаның міндеті:
-
Оқушыларды эссе жазуға үйретудің теориялық аспектілері туралы білімдерін кеңейту;
-
Эссе түрлерін сапалы жазуға дайындайтын тәсілдер мен техникаларды зерделеу және талдау;
-
Бағалау критерийлеріне сәйкес эссенің бағалау өлшемдерімен танысу
Күтілетін нәтиже:
-
Эссенің түрлері, мақсаттары, жанрлық құрлымдық ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейтеді;
-
Оқушылар өз ойларын эссенің әр түрінде жеткізе білу техникасын біледі;
-
Эссені талдау және бағалау дағдыларында бағалау критерийлерін негізге ала отырып меңгереді.
Бағдарламаның ерекшелігі:
Эссені дұрыс жазу үшін, алдымен оны басқа жанрлардан ажырататын ерекшеліктерді ескеру қажет.
ТҰРАҚТЫЛАУ (МАЗМҰНДЫҚ) БӨЛІМ
1. Кіріспе. Эссе туралы ұғым – 1 сағат (Жалпы шолу. Эссе туралы ақпараттармен танысу.)
І тарау. Эссе құрылымы. Эссенің құрылымық бөліктері - 14 сағат.
(Топтық жұмыс арқылы эссе жазу талаптарды кластерге орналастырады.
Эссе құрылымын тірек сызба арқылы эссенің құрлымын меңгереді.
Әртүрлі тақырыпта құрастыру, өз ойын дәлелдеп, жүйелі жазуға дағдыланады. Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырады. Эссеге қажет сөз оралымдарына түсінік беріледі. Эссеге қажет сөз оралымдары жайлы ой бөліседі. Эссе құрылымының әр бөліміне жеке талдау. Кіріспе бөліміне тән белгілер, жазылу сипатына тоқталады. Бірнеше тақырыптарға кіріспе жазады. Эссе құрылымының әр бөліміне жеке талдау. Негізгі бөлім. Тезиске қатысты пікір. Пікірге қатысты аргумент. Абзацты қорытындылаушы сөйлемге тән белгілерге, жазылу сипатына тоқталады. Тақырыпқа сай негізгі бөлімді қамтып, ойын жүйелі жеткізе отырып өзіндік жұмыс орындайды. Эссенің алғашқы бөлігін мұқият тыңдайды. Эссенің не туралы екенін болжап, өз жауабымен салыстырады. Қорытынды бөлім жазады. Эссені мұқият тыңдайды. Эссенің мазмұнына қатысты көтерілген мәселені жұпта талқылайды, сөз оралымдарына тоқталады. Жұптық жұмыс.
Эссе мазмұнын түсіну бойынша жұпта таңдаған тақырыптары негізінде ақпараттарды жинақтап, постер жасайды. Өз пікірін білдіреді.
Эссенің мазмұнына қатысты мәселенің артықшылығын сипаттайтын сөз оралымдарын, ақпаратты анықтайды. Эссені мұқият тыңдайды. Мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, суреттер, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды. Мәтіннен негізгі, қосымша ақпарат пен көтерілген мәселені анықтайды. Жалпы және нақтылау сұрақтарын құрастырады. Эссені мұқият тыңдап, мазмұнын жұпта талқылайды. Эссеге қатысты сұрақтарға жауап береді. Ақпараттарды өмірмен байланыстырады. Эссені оқу арқылы автордың айтпақ болған ойын, эссенің қандай тақырыпқа арналғандығын анықтайды, қорытындыны жазудағы мақсатын түсінеді. Сөз оралымдарын тиімді қолданады).
ІІ тарау. Эссе түрлері – 14 сағат. (Оқылым страгияларын қолданып, тапсырмамен жұмыс орындайды. Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады (аргументативті эссе). Сұрақтан басталып, сұрақтан аяқталатын эссе жазу, ерекшелігімен танысады.Білім, білік дағдыларын бақылау. Жеке жұмыс. Мәтінді зерттеп-зерделеп оқудың маңызына тоқталады. Қажетті ақпараттардыорынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады (дискуссивті эссе). Рөлге бөліп оқудың қажеттілігі мен мағыздылығына тоқталады. Түрлі мәтінді рөлге бөліп оқуға дағдыланады. Мәтінді бірнеше бөлімге бөле біледі. Мәтін бөлімдерінің арасындағы логикалық, композициялық байланыс туралы біледі. Эссе жазуда қолданылатын сөз оралымдарын қолданады. Құрылымын сақтай отырып, эссе жазады. Жазба жұмыстарының мазмұны мен мақсатына қарай түрлерін топтастырады. «Үш жақты күнделік толтыру» әдісі арқылы оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады. Жоспар құру жазылымға дайындау кезеңіне жатады. Оқушылар берілген тақырып аясында талқылау жұмыстарын жүргізеді. Сипаттама эссе жазуды жоспарлауда кестені қолданады. Маркерленген мәтінді топтарда талқылайды, маркерлердің мәнін анықтайды.
(Жасыл түспен берілген сөйлемдер – тезистік сөйлемдер, көк түспен берілген сөйлемдер – қолдаушы сөйлемдер). Эссе жазуда қолданылатын сөз оралымдарын қолданады. Құрылымын сақтай отырып, эссе жазады. Мәтінді мұқият оқиды. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, дәптерге жазады. Қателерді түзетуде сөздіктер мен емле ережелеріне сүйенеді. Редакциялау әдісінде түзетудің төрт түрі: қайта оқып түзету, қысқарту арқылы түзету, өңдеу арқылы түзету, қайта жазып барып түзетулермен жұмыс жүргізіледі.Топтық жұмыс арқылы эссе жазуға қойылатын талаптарды кластерге орналастырады. Өз ойын жазбаша түрде жеткізеді және өз бетімен шығармашылық дағдыларын дамытады. Эссе жазу барысында қатаң сақталуы тиіс талаптарды топтық жұмыс арқылы және «Кластаер» әдістері арқылы жүргізіледі. Эссе талаптарын басшылыққа алып, ұсынылған эссе үлгілеріне талдау жасайды).
III тарау. Эссе жазудың жолдары – 4 сағат (Топтық жұмыс. «Жылжымалы дебат» әдісі арқылы эссенің әр бөліміне құрылымдық талдау жасайды.
Топтық жұмыс арқылы эссенің түрлерін кластерге орналастырады. Сұрақтан басталып, сұрақтан аяқталатын эссе жазу, ерекшелігімен танысады. Білім, білік дағдыларын бақылау. Жеке жұмыс.Эссе талаптарын басшылыққа алып, ұсынылған эссе үлгілеріне талдау жасайды. Тапсырманы орындау уақыты: 30 минут.
-
Эссе құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды);
-
Кіріспедегі тезистік ой;
-
Негізгі бөлігінде деректерді, шынайы пайымдамаларды, ғылыми мәліметтерді қолдану;
-
Тақырыптан ауытқымау;
-
Позициясы айқын, ойы жүйелі;
-
Сөз оралымдарын орынды қолдану;
-
Кіріспедегі ойдың қорытынды бөлімде түйінделуі;
-
Орфорграфиялық, пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолдану).
Қорытынды сабақ – 1 сағат. (Берілген тақырып бойынша эссе жазады).
«Эссе жазуға үйретудің теориялық аспектілері» курсы бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспары
|
№ |
Тарау, тақырып |
Теориялық бөлім |
Практикалық бөлім |
Сағат саны |
Мерзімі |
|
1 |
Кіріспе. Эссе туралы ұғым |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
І тарау. Эссе құрылымы. Эссенің құрылымық бөліктері |
|||||
|
2 |
Эссе жазу талаптары |
30 мин |
15 мин |
1 |
|
|
3 |
Эссе құрылымы |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
4 |
Абзац жазу жолдары |
15 мин |
30 мин |
1 |
|
|
5 |
Эссеге қажет сөз оралымдары |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
6 |
Эссе құрылымының әр бөліміне жеке талдау. Кіріспе бөлім |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
7 |
Негізгі бөлім. Тезиске қатысты пікір. Пікірге қатысты аргумент. Абзацты қорытындылаушы сөйлем |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
8 |
Қорытынды бөлім |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
9 |
Эссеге қатысты фразалар. Кіріспедегі сөз оралымдары |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
10 |
Өз пікірін білдіретін сөз оралымдары |
25 мин |
20 мин |
1 |
|
|
11 |
Қаралатын мәселенің артықшылығын сипаттайтын сөз оралымдары |
25 мин |
20 мин |
1 |
|
|
12 |
Көзқарасын тізбектейтін оралымдар |
25 мин |
20 мин |
1 |
|
|
13 |
Жаңа аргументтерді келтіретін сөз оралымдары |
25 мин |
20 мин |
1 |
|
|
14 |
Жеке көзқарас оралымдары |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
15 |
Қорытынды сөз оралымдары |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
II тарау. Эссе түрлері |
|||||
|
16 |
Эссе түрлері. Аргументті эссе |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
17 |
Аргумент не үшін керек? |
25 мин |
20 мин |
1 |
|
|
18 |
Дискуссивті (келісу/келіспеу) эссе |
25 мин |
20 мин |
1 |
|
|
19 |
Эссені өңдеу жолдары |
25 мин |
20 мин |
1 |
|
|
20 |
Әдеби эссе |
15 мин |
30мин |
1 |
|
|
21 |
Тапсырмамен жұмыс |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
22 |
Сипаттап /суреттеп жазу |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
23 |
Сипаттама эссе жазуды жоспарлау |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
24 |
Суреттеуші сөздер |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
25 |
Эссеге құрылымдық талдау |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
26 |
Анықтамалық эссе |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
27 |
Тексеруге, редакциялауға ұсынылатын эссе үлгілері |
25 мин |
20 мин |
1 |
|
|
28 |
Салыстырмалы эссе |
15 мин |
30 мин |
1 |
|
|
29 |
Тапсырмамен жұмыс. Эссе жазу |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
III тарау. Эссе жазудың жолдары |
|||||
|
30 |
Тақырыптан ауытқымау |
15 мин |
30 мин |
1 |
|
|
31 |
Ойды еркін жеткізу. Нақты мысалдар келтіру |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
32 |
Қорытынды жазу. Эмоцияналды-экспрессивті сөздердің қолданылуы |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
|
33 |
Берілген көлемді сақтау |
15 мин |
30 мин |
1 |
|
|
34 |
Қорытынды сабақ |
20 мин |
25 мин |
1 |
|
Ақпараттық – әдістемелік бөлім
Бағдарлама мазмұны 34 сағатты құрайды. Оның ішінде теориялық бөлім мен лекциялық бөлім кіріктіріліп жасалған. Лекция сабақ барысында іздену жұмыстарына, жазылған эсселерін талдау, жазу дағдыларының қалыптасуына назар аударылады. Себебі бағдарламаға кірген білім алушыға ойларын нақты және сауатты тұжырымдауға, ақпаратты құрылымдауға, негізгі ұғымдарды пайдалануға, тиісті мысалдармен тәжірибені суреттеуге, өзінің қорытындысын жасауға мүмкіндік береді. Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар. Сондықтан білім алушы өзінің хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын нәрсе туралы анық білуі керек. Курс барысында эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын саралап, оқырманның назарын өзіне аударатын, көңіл-күйін жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, құдіретті сөздерді дұрыс таңдай білуге дағдыланады. Білім алушы үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жазуға ықпал етеді.Эссені талдау сабақтары өтіледі. Талдау сабақтарында әр тақырып бойынша алған білімдерін тексеріп, жазу дағдыларын қалыптастырады. Практикалық жұмыс барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері шыңдалып, теориялық ұғымдарды терең меңгеруі, оны қолдана білу дағдысына ықпал ету мүмкіндіктері ескеріледі.
Эссе мен шығарманың айырмашылығы
Эссе де, шығарма да – шығармашылық жұмыс. Мектепте ғана емес, қазір жоғары оқу орнына оқуға түсу, арнайы білім алу, жұмысқа тұру үшін де эссе мен шығарма жазуға тура келеді. Өйткені адамның мінезі мен ойын, көзқарасы мен ұстанымын, ішкі көркемдік дүниесін, адамгершілік қасиетін оның жазған шығармасы мен эссесіне қарап ажыратуға болады. Ендеше екі жанрдың айырмашылығы неде, қай кезде қайсысын жазған ыңғайлы, соны анықтап алалық.
Эссе дегеніміз – ғылыми емес, автордың жеке көзқарасы мен ішкі ойын білдіретін прозалық мәтін. Егер шығармада автор жеке ойын барынша білдірмеуге тырысса, эсседе, керісінше автор жеке ойын білдіруге, оны дәлелдеуге тырысады. Эссені түрлі тақырыпта, түрлі сала бойынша жазуға болады. Мәселен, әлеуметтану, саяси, қоғамдық, публицистикалық, әдеби, тарихи тақырыптарда жазыла береді. Ал шығарма әдеби жанрға жақын болғандықтан, ол көркем тілмен жазылады.
Шығарма – оқушының әдебиеттен, халық әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымымен ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық жұмысы. Оқушы шығарманы көркем тілмен жазып, ой-пікірі мен көзқарасын терең талдап пайымдап, әсерлі, жүйелі, әдеби түрде баяндап беруі тиіс.
Эссе шығармаға қарағанда еркіндеу. Көркемдік-публицистикалық жанрға жақын, құрылымы тұрақты емес. Ал шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын жұмыс. Онда оқушы пәннен алған білімін барынша ортаға салып, көркем мәтінді қал-қадірінше талдап шығуы керек.
Эссенің жоспарын құру міндетті емес. Ал шығармада жоспар болуы тиіс әрі сол жоспар бойынша жазылады.
Шығарманың мақсаты – оқушының жазу тілін, сөз саптау мен логикалық ойлауын дамыту, шығармашылық қиялын жетілдіру мен алған әдеби білімін бойына сіңдіру. Оқушының әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алуы маңызды.
Ал эссенің мақсаты – оқушының сыни ойлау қабілетін дамыту. Оның көзқарасы мен ұстанымын дәлелді түрде бекіту, тақырыпты ашу үшін бар танымдық білімін ортаға салу, шығармашылық қабілетін шыңдау, жазу тәсілдері мен стильдерін таңдай алуын жетілдіру, ойын жеткізу кезінде сөз оралымдарын дұрыс қолдану, сөздік қорын байыту сынды қабілеттерін қалыптастыру үшін жазылады.
|
Эссе |
Шығарма |
|
Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai –тәжірбие, лат.т. exagium – құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазылу мақсатына қарай оған қойылатын талаптар да әртүрлі болады. Эссе жазушы мақсатқа сәйкес эссе түрінің талаптарын сақтап отырып жазады. |
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Шығарма – берілген белгілі бір тақырып бойынша жазылатын, міндетті құрылымнан тұратын, пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс. |
|
Эссенің қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес. |
Шығармада жоспарды жазу міндетті. |
|
Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді. |
Шығарма көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді. |
|
Эссенің мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтаудағы сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашылық жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану. |
Шығарманың мақсаты – жазылым тілін, логикалық ойлауды дамыту. Шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен тиісті орнын өз танымымен көркемдеп бере алу. |
Сапалы эссе жазу ұсыныстары
(Эссе құрылымы, назар аударатын деталь, ескерілетін элементтер, жазба көлемінің ауқымы)
Эссе құрылымы:
Кіріспе бөлім
-
Тақырыпқа қатысты түсінік беру сөйлемі, ой үзігі
-
Тезис
Негізгі бөлім
-
Тезиске қатысты пікір
-
Пікірді талқылау, ойды дәйектеу, дәлелдеу, жинақтау аргументтері
Қорытынды бөлім
-
Абзацта айтылған ойлар түйіні
-
Эссені қорытындылайтын ой тұжырымы
Эссе құрылымындағы ескерілетін ұғымдардың түсініктері:
Тезис – негізгі идея, тақырыпқа қатысты қысқа да нұсқа түйінді ой, көзқарас (сөйлем).
Тезиске қатысты пікір – жазып отырған адамның тақырыпқа байланысты ақпаратты «ой сүзгісінен өткізуін», мәлімет пен деректерге негіздеуін қажет ететін, соған арқау болатын жеке пікірі (сөйлем, ой).
Пікірге қатысты аргумент – тезиске, айтылған пікірге түсінік беріп, көтерілген мәселені әр қырынан қарастыру (сыни талдау, жинақтау, дәйектеу, дәлелдеу және т.б.).
Ой тұжырымы – көтерілген мәселе, берілген сұрақ немесе тақырыпқа байланысты тезисті (түйінделген ой, көзқарас, ұстанымды) қорытындылау: жалпы қорытынды шешім немесе өзіндік ұсыныс, өзіндік тың пікір (жазба иесінің ойлау ерекшелігіне орай, ой қозғайтын сұрақ, көпшіліктің ойын қозғауды көздеген екіұшты пікір болуы да мүмкін).
Эссе жазу шеберлігін қалыптастыру қадамдары
|
1. Берілген тақырыппен танысу |
||||||
|
2. Ойды жүйелеп алу |
||||||
|
Берілген тақырып аясында қандай мәліметтер маған таныс? |
Ақпарат, мәлімет, деректерді жинақтау, салыстыру, талдау барысында қандай пікірлер туды? |
Ой-пікірімді қандай мысал, дәлел, дерек, дәйексөздермен бекіте аламын? |
||||
|
3. Нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін әрекет, әдіс-тәсілдерді қолдану |
||||||
|
Мәселен, тақырыпқа қатысты өзі білетін ұғым, сөз, атау тізбегін жазып шығу. |
Дереккөздермен (кітап, баспасөз, интернет және т.б.) дереккөздермен жұмыс жасау. Пікіралмасу мүмкіндіктерін қарастыру. |
Тезис түрінде пікірлерді, ерекше әсер еткен ой, сұрақтарды жазып қою. |
||||
|
4. Жазылу құрылымы талаптарына сай бөлімдерді анықтап алу |
||||||
|
Кіріспеде не айтамын? |
Негізгі бөлімде не жазамын? |
Қалай қорытындылаймын? |
||||
|
Бұл – ашылатын тақырып пен мәселеге бастайтын ой басы. Тезис беріледі.
|
ақырыптың мазмұны ашылатын бөлім. Тақырып немесе мәселе туралы тоқтамды ой, толғандыратын сұрақ, дәйекті ой, дәлел, шынайы пікір жазылу керек. Жеке пікір өте маңызды. |
Мәселеге, тақырыпқа қатысты тұжырымды пікірімді білдіруім керек. |
||||
|
5. Өз жұмысын тексеру |
||||||
|
Эссе бөлімдерінің мазмұны талапқа сай ма? Тезис дұрыс берілді ме?
|
Аргумент, фактілер, дәлел, дерек, мәлімет, дәйектеу қалай жүзеге асты? |
Жеке пікір бұрынғы айтылған пікірлерді қайталап тұрған жоқ па? |
Ойды айқын, нақты да дәлелді жеткізе алған ба? |
Ой екпіні, ішкі көңіл-күй, интонацияға қарай тыныс белгілері дұрыс қойылды ма? Сөз саны қанша? Эссе көлемі талапқа сай ма? |
||
Эссе жазу бойынша кеңестер
Барлық эссе ережелері ұсынылатын кеңес түрінде болады. Жоғарыда берілген ақпараттарды ескере отырып, эссені қалай жазу туралы кеңестерімізді пайдаланыңыз және оқырманға бей-жай қалдырмайтын эссе жазыңыз.
Кеңестер:
-
Эссе жазу кезінде қысқа фразаларды ұзын сөз тіркестерімен кезектестіріп қолдану керек. Бұл жағдайда мәтін оңай оқылуға жеткілікті серпін болады.
-
Эсседе күрделі және түсініксіз сөздерді қолданбаңыз, әсіресе сөздің мағынасы шала таныс болса.
-
Мүмкіндігінше жалпы сөйлемдерді (фраза) аз қолданыңыз. Эссе автордың жеке басын көрсететін бірегей, жекеленген жұмыс болуы керек.
-
Әзілді өте мұқият қолданған жөн. Өйткені, сарказм және дөрекілік оқырманның ашуын келтіруі мүмкін.
-
Жеке тәжірибе, естеліктер мен әсерлерді көрсету – өз көзқарасыңды және оқырманның сенімін растаудың тамаша тәсілі.
-
Тақырыпты және негізгі идеяны ұстаныңыз, және одан ауытқымай, қажетсіз мәліметтерді сипаттаудан аулақ болу қажет.
-
Эссені толығымен аяқтағаннан кейін, баяндаманың барлық жерінде ойдың дұрыс жеткізілгеніне көз жеткізу үшін, оны қайтадан оқып шығыңыз.
-
Эссені деректер мен зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып жазу – сенімділік танытудың керемет мүмкіндігі.
Эссе түрлері
Эсселерді мақсатына, стиліне және мазмұнына қарай әртүрлі түрлерге бөлуге болады. Эссенің түрлері:
1. Сипаттамалық эссе: эссенің бұл түрі адамның, орынның, объектінің, оқиғаның немесе құбылыстың егжей-тегжейлі сипаттамасын беруге бағытталған. Мақсаты - оқырманның санасында жарқын көрініс жасау.
2. Баяндау эссесі: баяндау эсселері оқиғаны баяндайды және әдетте жеке тәжірибені қамтиды. Олар көбінесе хронологиялық құрылымға ие және кейіпкерлер, сюжет, жағдай және қақтығыс сияқты элементтерді қамтиды.
3. Түсіндірме эссесі: түсіндірме эсселер ақпаратты ұсынады, идеяларды түсіндіреді немесе ұғымдарды анықтайды. Олар тақырыпты теңдестірілген талдауды қамтамасыз етуге бағытталған және дәлелдерді, мысалдарды және логикалық дәлелдерді қамтуы мүмкін.
4. Сендіру эссесі : сендіру эсселері оқырманды белгілі бір көзқарасты қабылдауға немесе белгілі бір әрекет бағытын қабылдауға сендіруге бағытталған. Олар эмоцияларға, логикаға және сенімділікке жүгіну сияқты сендіру әдістеріне сүйенеді.
5. Аргументативті эссе: сенімді эссе сияқты, аргументативті эсселер мәлімдеме немесе дәлел келтіреді және оны қолдайтын дәлелдер береді. Алайда, дәлелді очерктер қарсы дәлелдерді де қарастырады және қарама-қарсы көзқарастарды жоққа шығарады.
6. Салыстыру эссесі: бұл эсселер екі немесе одан да көп пәндер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға баса назар аударады. Олар құрылым, функциялар, сипаттамалар немесе маңыздылық сияқты әртүрлі аспектілерге назар аударуы мүмкін.
7. Себеп-салдар эссесі: Себеп-салдар эссесі оқиғалар немесе құбылыстар арасындағы байланысты зерттейді. Олар белгілі бір нәтиженің себептерін немесе белгілі бір себептің салдарын анықтайды.
8. Процесс туралы эссе: Эссе тапсырманы орындау немесе мақсатқа жету үшін бірқатар қадамдарды түсіндіреді. Олар егжей-тегжейлі нұсқауларды қамтиды және иллюстрацияларды немесе диаграммаларды қамтуы мүмкін.
9. Аналитикалық эссе: Аналитикалық эсселер тақырыпты немесе мәтінді талдайды, оны құрамдас бөліктерге бөледі және оның негізгі принциптерін немесе тақырыптарын зерттейді. Олар көбінесе мұқият оқуды және сыни түсіндіруді қамтиды.
10. Рефлексиялық эссе: Рефлексиялық эсселер автордың белгілі бір тақырыпқа немесе оқиғаға қатысты ойларын, сезімдерін және тәжірибесін зерттейді.
Аргументативті эссе
Аргументативті эссе - бұл белгілі бір тұжырымды немесе ұстанымды қолдау үшін аргумент ұсынуға бағытталған эссе түрі. Дәлелді эссенің негізгі мақсаты - аудиторияны белгілі бір мәселе немесе мәселе бойынша авторлық көзқарастың дұрыстығына немесе бұрыстығына сендіру. Дәлелді эссенің кейбір негізгі белгілері:
1. Тезис: дәлелді эссе нақты және нақты тезистен басталады - автор эссе барысында қорғайтын негізгі тұжырым.
2. Аргументация: эсседе тезисті қолдайтын бірқатар дәлелдер бар. Дәлелдер фактілерге, статистикаға, беделді дереккөздерге, логикалық пайымдауларға немесе жеке тәжірибеге негізделуі мүмкін.
3. Қарсы аргументация: дәлелді эссені неғұрлым сенімді ету үшін автор ықтимал қарсылықтарды немесе балама көзқарастарды ескеріп, қарсы аргументтерді қамтуы керек. Содан кейін бұл қарсылықтарды жоққа шығару керек немесе олардың өз ұстанымынан гөрі салмағы аз екенін көрсету керек.
4. Ұйымдастыру: Аргументативті эссе логикалық және дәйекті түрде ұйымдастырылуы керек. Ол әдетте тезиспен кіріспеден, аргументациямен және қарсы аргументациямен негізгі бөліктен және қорытындыланатын және тезистің дұрыстығын растайтын қорытындыдан тұрады.
5. Тіл және стиль: аргументативті эссенің авторы анық, тартымды және логикалық тілді қолдануы керек. Эссе аудитория мен жариялау мақсаттарын ескере отырып, ресми стильде жазылуы керек.
6. Дәлелдер: әрбір дәлелдермен немесе мысалдармен растау маңызды. Дәлелдер неғұрлым сенімді болса, дәлел соғұрлым күшті болады.
7. Қорытынды: дәлелді эссе қорытындысы тезисті растауы, негізгі дәлелдерді қорытындылауы және тақырыпты әрекет етуге немесе одан әрі талқылауға шақыруы керек.
Аргументативті эссе - аудиторияға өз көзқарасы бойынша пікір білдірудің және сендірудің күшті құралы.
Аргумент не үшін керек?
Аргументтер аргументативті эссе мәтініндегі мәлімдемелерді немесе позицияларды негіздеуде және қолдауда шешуші рөл атқарады. Дәлелдердің маңызды болуының бірнеше негізгі себептері:
1. Сендіру: дәлелдер аудиторияны белгілі бір көзқарастың дұрыстығына немесе дұрыстығына сендіруге көмектеседі. Жақсы ұсынылған дәлелдер оқырманның пікіріне әсер етуі мүмкін және оларға талқыланатын мәселе бойынша авторлық ұстанымды қабылдауға көмектеседі.
2. Негіздеме: дәлелдер эсседе келтірілген тезисті негіздеуге қызмет етеді. Олар авторлық позицияның дұрыстығын немесе орындылығын растайтын дәлелдер, мысалдар, фактілер немесе логикалық пайымдаулар береді.
3. Сенімділік: жақсы ойластырылған және дәлелденген дәлелдер эссені сенімдірек етеді. Олар оқырманды автордың талқыланатын тақырыпты терең түсінетіндігіне және оны қолдайтын маңызды дәлелдер келтіре алатындығына сендіреді.
4. Қарсы аргументтерге қарсы тұру: дәлелдер эссе авторына ықтимал қарсылықтарды немесе балама көзқарастарды ескеруге және оларға жауап беруге мүмкіндік береді. Бұл мәтінді теңдестірілген және тартымды етеді.
5. Айқындық және логика: дәлелдер авторға өз ойларын құрылымдауға және оларды логикалық және дәйекті түрде ұсынуға көмектеседі. Жақсы ойластырылған дәлелдер мәтінді түсінікті және аудиторияға сенімді етеді.
Тұтастай алғанда, аргументтік эсседегі дәлелдер бүкіл мәтіннің негізі ретінде әрекет етеді және олар оқырманға сендіру мен әсер етудің негізгі элементі болып табылады.
Дискуссивті (келісу/келіспеу) эссе
Пікірталас эссе - автор белгілі бір тақырыпқа немесе мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастарды талдайтын, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін білдіретін және осы мәселе бойынша өз пікірін немесе ұстанымын білдіретін эссе түрі. Эссенің бұл түрі кейде рефлексивті немесе дәлелді деп те аталады, бірақ әртүрлі көзқарастарды талқылауға кеңірек бейімделген. Пікірталас эссесінің негізгі ерекшеліктері:
1. Әр түрлі көзқарастарды талдау: Автор талқыланатын тақырыптың әртүрлі аспектілері мен көзқарастарын талдайды. Бұл аргументтер мен қарсы аргументтерді ұсынуды, әртүрлі тәсілдерді немесе позицияларды сипаттауды, себептер мен салдарды зерттеуді және т.б. қамтуы мүмкін.
2. Фактілер мен дәлелдерді ұсыну: талдау мен дәлелдеуді қолдау үшін автор фактілерді, статистиканы, зерттеулерді, мысалдарды және басқа дәлелдерді қолдануға жүгінуі мүмкін. Бұл эссені неғұрлым сенімді және ақпараттандыруға көмектеседі.
3. Өз ұстанымын білдіру: эссе соңында автор талқыланатын тақырып бойынша өз пікірін немесе ұстанымын білдіреді. Бұл ұсынылған дәлелдерді талдауға немесе автордың жеке тәжірибесі мен сенімдеріне негізделуі мүмкін.
4. Объективтілік: автор өз пікірін білдірсе де, пікірталас эссе объективтілікке және әртүрлі көзқарастарды әділ ұсынуға тырысады. Бұл қарсы аргументтерді есепке алуды және әртүрлі көзқарастарды біржақтылықсыз ұсынуды қамтиды.
5. Құрылым және ұйымдастыру: пікірталас эссесі оқырманға аргументация мен талдау логикасын ұстану оңай болатындай етіп ұйымдастырылуы керек. Әдетте эссе кіріспеден басталады, онда тақырып пен контекст анықталады, содан кейін дәлелдер мен талдаулар ұсынылатын негізгі бөлім және қорытынды жасалады және автордың өзіндік ұстанымы көрсетіледі.
Пікірталас эссесі тақырыптағы әртүрлі көзқарастарды талқылау мен талдаудың бір түрі болып табылады және күрделі мәселелерді зерттеу мен талқылауды ынталандырудың тиімді құралы бола алады.
Эссені өңдеу жолдары
Эссені редакциялау мәтіннің сапасы мен анықтығын жақсартуға көмектесетін жазу процесінің маңызды кезеңі болып табылады. Эссені өңдеудің бірнеше әдісі:
1. Құрылым мен ұйымды тексеру: эссенің нақты және логикалық құрылымы бар екеніне көз жеткізіңіз. Әр абзацтың белгілі бір тақырыпқа немесе тақырыптың аспектісіне сәйкес келетіндігін тексеріңіз. Кіріспеде тезис бар екенін тексеріңіз, негізгі бөлім бұл тезисті дәлелдер мен дәлелдер арқылы дамытады, ал қорытынды қорытындылайды және тезисті растайды.
2. Логика мен дәйектілікті тексеру: аргументтер мен идеялардың логикалық реттілікте орналасқанына көз жеткізіңіз. Әрбір келесі абзац алдыңғы абзацқа логикалық түрде сәйкес келетінін және әрбір мәлімдемеге тиісті дәлелдер немесе дәлелдер қолдау көрсететінін тексеріңіз.
3. Когеренттілік пен келісімділікті тексеру: мәтіннің үйлесімділігі мен келісімділігін қамтамасыз етіңіз. Байланыстырушы тіркестер мен логикалық байланыстарды қолдана отырып, идеялардың бір-біріне тегіс және табиғи түрде өтетінін тексеріңіз. Әрбір абзац пен сөйлем эссенің негізгі тақырыбын қолдайтынына көз жеткізіңіз.
4. Грамматика мен тыныс белгілерін тексеру: грамматиканы, емле мен тыныс белгілерін мұқият тексеріңіз. Емле мен грамматиканы тексеру құралдарын қолданыңыз.
5. Стиль мен тілді тексеру: эссенің стилі мен тіліне назар аударыңыз. Өрнегіңіздің анық, дәл және ресми жазу стиліне сәйкес келетінін тексеріңіз. Жаргондардан, қажетсіз қайталаулардан және қажетсіз күрделі конструкциялардан аулақ болыңыз.
6. Нақты және логикалық дәлдікті тексеру: барлық фактілер мен дәлелдердің дұрыс екеніне және сенімді көздермен расталғанына көз жеткізіңіз. Эсседе логикалық қателер немесе жеткілікті дәлелденбеген мәлімдемелер жоқ екенін тексеріңіз.
7. Тапсырманың сәйкестігін тексеру: соңғы редакциялау алдында эссеңіздің форматты, көлемді және құрылымды қоса алғанда, тапсырманың барлық талаптары мен критерийлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Осы кезеңдердің әрқайсысын аяқтағаннан кейін, басқа адамға тексеру үшін эссе беру немесе мәтінге жаңа көзқарас алу үшін қайта оқымас бұрын кідірту пайдалы.
Әдеби эссе
Әдеби эссе - әдеби шығармашылықтың элементтерін аналитикалық және рефлексиялық аспектілермен біріктіретін эссе түрі. Бұл авторға өз ойларын, эмоциялары мен әсерлерін білдіру үшін пішінмен, стильмен және тілмен тәжірибе жасауға мүмкіндік беретін ерекше жанр.
Әдеби эссенің бірнеше негізгі ерекшеліктері:
1. Эмоционалды экспрессивтілік: әдеби эссе көбінесе автордың эмоционалды тәжірибесі мен әсерін жеткізуге бағытталған. Оған жеке әңгімелер, қауымдастықтар, сезімдер мен тәжірибелер кіруі мүмкін.
2. Көркемдік құралдарды қолдану: әдеби эссе авторы эффект жасау және оның ойлары мен эмоцияларын күшейту үшін бейнелер, рәміздер, метафоралар, құрылым сияқты әдеби құралдарды қолдана алады.
3. Пішіні мен құрылымы бар: әдеби эссе көбінесе еркін формасы мен ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. Автор бірегей құрылым мен эффект жасау үшін оқиғалар тәртібімен, баяндаушының көзқарастарымен, көзқарастарымен және т.б. бөлісе алады.
4. Жеке және әмбебап біріктіру: әдеби эссе жеке және жалпы адамзаттық тақырыптар мен мәселелерге сілтеме жасай алады. Ол жеке тәжірибеден алынған әңгімелерді адам табиғаты, қоғам, Өнер және т. б. туралы жалпы пайымдаулармен біріктіре алады.
5. Рефлексия: әдеби эссе көбінесе рефлексия мен рефлексия элементтерін қамтиды. Автор өз тәжірибесін талдай алады, өз ойлары мен сезімдері туралы ойлана алады және жаңа түсініктер мен тұжырымдарға келе алады.
6. Эстетикалық құндылыққа ұмтылу: әдеби эссе көбінесе әдемі, үйлесімді және эстетикалық тартымды мәтін жасауға ұмтылады. Бұл мәтіннің тілі, стилі, ритағы және дыбысы бойынша жұмысты қамтуы мүмкін.
Әдеби эссе - бұл авторға әдеби және аналитикалық әдістердің үйлесімі арқылы өзінің жеке басын, шығармашылық ойлары мен эмоцияларын білдіруге мүмкіндік беретін ерекше жанр.
Сипаттама / сипаттамалық эссе
- Сипаттама: сипаттамалық эссе - бұл объектіні, орынды, оқиғаны, кейіпкерді немесе құбылысты егжей-тегжейлі сипаттауға бағытталған мәтін. Сипаттама сипаттамалық мәліметтерді, бейнелерді, ассоциацияларды және сенсорлық әсерлерді қолдана отырып, оқырманның қиялының жарқын бейнесін жасауға тырысады.
- Жазуды жоспарлау: сипаттамалық эссе жазуды бастамас бұрын, сипаттағыңыз келетін негізгі аспектілерді анықтай отырып, жоспар құрған пайдалы. Бұл тақырыпты таңдауды, мақсатты аудиторияны анықтауды, негізгі идеяларды тұжырымдауды және эссе құрылымын жоспарлауды қамтуы мүмкін.
- Иллюстрациялық сөздер: сипаттамалық эссе жазу кезінде мәтінді өмірге келтіру және оқырманның санасында көркем бейнелер жасау үшін бейнелі және иллюстрациялық сөздерді қолдану маңызды. Бұл түстерді, иістерді, дыбыстарды, текстураларды және эмоцияларды сипаттайтын сөздер болуы мүмкін.
- Құрылымдық талдау: сипаттамалық эссенің құрылымы автордың қалауы мен тақырыптың ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Алайда, типтік құрылымға кіріспе, егжей-тегжейлі сипаттамалары бар негізгі бөлім және қорытынды кіруі мүмкін.
- Эссе үлгілері: мәтінді қалай дұрыс ұйымдастыру және құрылымдау керектігі, сондай-ақ кескіндер мен атмосфераны құру үшін тілдік құралдарды пайдалану туралы түсінік алу үшін сипаттамалық эссе үлгілерін тексеру ұсынылады.
Салыстырмалы эссе
- Сипаттама: салыстырмалы эссе екі немесе одан да көп нысандарды, идеяларды, тақырыптарды немесе құбылыстарды салыстырады және қарама-қарсы қояды. Мұндай эссенің мақсаты - олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау және олардың мәні немесе әсері туралы қорытынды жасау.
- Жазуды жоспарлау: салыстырмалы эссе жазбас бұрын салыстыру объектілері мен салыстырудың негізгі критерийлерін анықтау маңызды. Содан кейін сіз салыстырмалы талдауды ұйымдастыруға көмектесетін жоспар құра аласыз.
- Иллюстрациялық сөздер: салыстырмалы эссе жазу кезінде ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсететін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану пайдалы, мысалы, "айырмашылығы", "ұқсас", "салыстыру", "дәл солай" және т. б.
- Құрылымдық талдау: салыстырмалы эссенің құрылымын әртүрлі принциптер бойынша ұйымдастыруға болады, мысалы, семантикалық блоктар, салыстыру критерийлері немесе талдау аспектілері. Оқырман дәлелді оңай ұстануы үшін эссенің нақты және логикалық құрылымы болуы маңызды.
- Эссе үлгілері: салыстырмалы эссе жазуды жақсы түсіну үшін салыстырмалы талдау мен мәтінді құрылымдаудың әртүрлі тәсілдерін көрсететін үлгілерді зерттеу пайдалы.
Тақырып бойынша жоспарлаған сабақ түрлері
Қысқа мерзімді жоспар
Кіріспе. Эссе туралы ұғым
(сабақтың тақырыбы)
|
Бөлім: |
Кіріспе |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
|
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Кіріспе. Эссе туралы ұғым |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу) |
|
Сабақтың мақсаты: |
Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан эссе жазады. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурс |
|
Сабақтың басы
|
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу «1 минут жаттығуы»
|
І.Ұйымдастыру кезеңі: «1 минут жаттығуы» «Мен үшін эссенің маңызы қандай?» деген тақырыпта 1 минут сөйлейді. Өз пікірлерін ортаға салады. |
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
№1-тапсырма: Ой шақыру сұрақтарына жауап береді Мағынаны тану кезеңі Оқушыларға эссе туралы ақпарат беріледі.
|
№1-тапсырма: Ой шақыру сұрақтары
Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән. |
Дескриптор:
сұрақтарға жауап береді
ойын жүйелі жеткізеді;
эссе туралы мағлұмат алады
|
Таратпа қағаз |
|
|
№2-тапсырма: Тапсырма Төменде берілген кейіпкерлер тұжырымдарының бірін таңдап, ондағы мәселе мен идеяны өрбітіп, ойыңызды эссе түрінде жеткізіңіз.
|
№2-тапсырма: Баланың ойлау қабілетін дамытатын әмбебап әдістемелердің бірі – эссе. Біздің жаттанды шығармаларымызға қарағанда, эссе баланы өз бетімен ойлауға.. Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек. Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы - өзінің ОЙЫ ғана. |
Дескриптор: көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді;
ойын өрбітіп, эссе жазады;
ойын жүйелі жеткізеді;
ойын жеткізуде көркемдеуіш құралдарды орынды қолданады |
Жұмыс дәптері |
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия 1.Сәтті шыққаны .... 2.Келесі қадамда нені ескеру керек?
|
Рефлексия 1.Сәтті шыққаны .... 2.Келесі қадамда нені ескеру керек? Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды. |
Диалог,түйінді пікір. Сындарлы кері байланыс |
|
|
Оқу тапсырмасы: |
|
|
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
Әдеби эссе
|
Бөлім: |
Эссе түрлері |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
|
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Әдеби эссе |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу |
|
Сабақтың мақсаты: |
Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы
|
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу «Иә, бірақ...»
|
І.Ұйымдастыру кезеңі: «Иә, бірақ...» Оқушылар мұғалімнің берген пікірінен бастап, алдыңғы айтылған ойға қарама-қарсы пікір айтады. Сөздерін «иә, бірақ» деген сөздермен бастайды.
|
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
Мағынаны тану кезеңі Ойтүрткі сұрағы: Қалай ойлайсыздар, берілген тапсырма қандай эссенің түріне жатады? Неге? Теориялық білім. Оқушылар әдеби эссе мен оның түрлері туралы ақпаратпен танысады.
|
Мағынаны тану кезеңі Ойтүрткі сұрағы: Қалай ойлайсыздар, берілген тапсырма қандай эссенің түріне жатады? Неге? Әдеби эссенің құрылымын еске түсіреді. Теориялық білім. Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдеби-синтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе, әдеби-шығармашыл эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әрбір түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. Әдеби-дәлелдеме эсседе ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Әдеби-салыстырмалы эсседе туындыны басқа туындымен және сол туындыдағы кейіпкерлерді, оқиға жайларын салыстыра отырып, талдап жазады.Әдеби-шығармашыл эсседе әдеби туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады. |
Дескриптор:
сұрақтарға жауап береді
ойын жүйелі жеткізеді;
әдеби эссе туралы мағлұмат алады
|
|
|
|
№1-тапсырма: Тапсырма О.Бөкейдің «Атау кере» шығармасының көркемдік құндылығына баға бере отырып, әдеби эссе жазыңыз. Көлемі – 200 сөз |
№1-тапсырма: Тапсырма О.Бөкейдің «Атау кере» шығармасының көркемдік құндылығына баға бере отырып, әдеби эссе жазады. Көлемі – 200 сөз.
|
Дескриптор: -әдеби эссе талаптарын сақтайды; -көркем шығармадан кемінде 3 мысал келтіреді; -келтірілген мысалдарды көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдайды. |
Жұмыс дәптері |
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия Үш «М» Оқушылар сабақтағы ең маңызды болды деп санайтын үш сәтті жазып көрсетеді. 1М-.......................... 2М-.......................... 3М-......................... |
Рефлексия Үш «М» Оқушылар сабақтағы ең маңызды болды деп санайтын үш сәтті жазып көрсетеді. 1М-....................................... 2М-....................................... 3М-....................................... |
Диалог, түйінді пікір. Сындарлы кері байланыс |
|
|
Оқу тапсырмасы: |
|
|
|
|
Қысқа мерзімді жоспар
|
Бөлім: |
ІҮ тарау. Мәтін және жазылым дағдысы |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
|
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Дискуссивті (келісу/келіспеу) эссе |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу; («келісу, келіспеу» эссесі); |
|
Сабақтың мақсаты: |
эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу; |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурс |
|
Сабақтың басы
|
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу |
І.Ұйымдастыру кезеңі:
|
|
Оқулық
|
|
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
Сабақ мақсатына жету үшін оқушылар өткен материалды қайталайды.
|
Қалыптастырушы бағалау: |
|
|
Сабақтың ортасы
|
№1-тапсырма: Жазылым алды тапсырма «Дебат шеңберлері»
|
№1-тапсырма: Жазылым алды тапсырма «Дебат шеңберлері» Орындалу алгоритмі: - оқушылар сыныптың ішінде шеңбер құрып тұрады. - мұғалім «Астананың көркеюіне менің үлесім бар/жоқ» деген мәселені ұсынады. - Астананың көркеюіне менің үлесім бар деген оқушылар ішкі шеңбер құрады, ал үлесім жоқ деген оқушылар сыртқы шеңбер құрайды. - келесіде олар өз көзқарастарын ұстанып бір-бірін өз позициясына тартуға тырысады. - мұғалім пікірталасты тыңдап, олардың түсінуін бағалайды. - Оқушылар өз көзқарастарын қалыптастырған соң олар сыртқы және ішкі шеңберде кезекпен өздерінің қандай көзқарасты таңдағандарын айтады. - «Астана – әсем қала» видеосын тамашалайды. Эссеге қажет фактілер мен тірек сөздерді түртіп алады. |
Дескриптор:
|
Оқулық, дәптері |
|
|
№2-тапсырма: «Астананың көркеюіне менің де үлесім» деген тақырыпта эссе жазады. |
Жазылым тапсырмасы «Астананың көркеюіне менің де үлесім» деген тақырыпта эссе жазады. Эссе көлемі 35-40 сөзді қамтиды.
|
Дескриптор: -Берілген тақырыпқа сай эссе жазады; -Эссенің тақырыбынан ауытқымайды; -Абзацтар жүйесін сақтайды; -Келісу-келіспеу себептерін айқын жазады. |
Оқулық, жұмыс дәптері |
|
|
Жазылымнан кейінгі тапсырма «Конвейер» әдісі
|
Жазылымнан кейінгі тапсырма «Конвейер» әдісі Оқушылар шеңбер құрып отырады. Сағат тілімен жылжыта отырып, бірінің жұмысын екіншісіне беріп, жазған эссе жұмыстарымен танысады. |
|
|
|
Сабақтың соңы
|
«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады. |
«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі
|
Сындарлы кері байланыс |
|
|
Оқу тапсырмасы: |
«Астана болашақтың қаласы» тақырыбында эссе жазады. Сөз саны – 70-80 |
|
|
|
Мәтінмен жұмысты жетілдіруге арналған тапсырмалар
1- тапсырма
1. Суреттерді мұқият қарап, онда Қазақстанның қандай жерлері бейнеленгенін жұпта әңгімелеңіз. Суреттер арқылы тыңдалым мәтінінің тақырыбын болжап, талқылаңыз.

Дескриптор:
- бейнеленген суреттер бойынша жұпта әңгімелеседі;
- суреттер арқылы мәтіннің тақырыбын талқылайды.
2. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, талқылаған тақырыптарыңызбен салыстырыңыз және мәтіннің келесі бөлігі не туралы болатынын болжаңыз.
Қазақстанның көрікті жерлері
1-бөлігі
Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап, әдемі жерлер көп. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде белгілі бола бастайды. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.
2-бөлігі
Жоғарыда аталған демалыс орындарының әрқайсысының табиғаты ерекше. Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлердің табиғаты көркем, ауасы таза, суы мөлдір.
Мұнда денсаулығы нашарлаған адамдардың тынығып, күш жинап, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіруге барлық жағдай жасалған.
Дескриптор:
- жұпта талқылаған тақырып пен мәтінінің тақырыбын салыстырады;
- мәтіннің келесі бөлігіне болжам жасайды.
2-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Аспалы бақты кім салдырды?
2. Патшаның сүйікті жарының есімі кім?
3. Бақ қай шахарда орналасқан?
4. Бақты салуға не себеп болды?
5. Бақтың жойылып кетуіне не әсер етті?
6. Кім қазба жұмыстарын жүргізді?
Семирамиданың аспалы бағы
Тигр және Евфрат жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз қойнауына талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет туындысы – Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдырған аспалы бағы. Оның тарихы былай еді: кәмелетке толған Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Шамурматқа (грекше Семирамида) құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ көркіне ақылы сай ассириялық ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр ашып сөйлеспейді. Жатса-тұрса елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті райхан гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. «Қайткенде сүйіктімнің бабын табамын?» деп көп ойланған патша «туған жерін көз алдына келтірем» деп, айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса құнарлы май топырақ төгіледі. Құнарлы топыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның беті солтүстік батысқа қарайды, күнбатыстан соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін жадыратады.
Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәтижесінде аспалы бақтың қалдықтары Ирактағы Хилла қаласынан табылады.
Дескриптор:
- мәтіннің мазмұнын анықтайды;
- сұрақтарға жауап береді;
- детальді ақпаратты анықтайды.
3- тапсырма
Төменде берілген пікірмен сіз қаншалықты келісесіз? Өз пікіріңізді білдіріп, эссе жазыңыз.
Бүгінде Астана қаласы адам танымастай өзгерді. Қонақтардың көбі бұрынғы астанамыз Алматымен салыстырғанда, қала көшелерінде ұлттық нақыштағы ою-өрнектер кең қолданыс тапқандығын айтады. Тіпті, көшелерге берілген көне қала атаулары мен қазақтың ақын-жазушылары, билері мен хандарының есімдері қалаға ерекше күш беріп тұрғандай.
Дескриптор:
- берілген жағдаятқа сай эссе жазады;
- эссенің тақырыбынан ауытқымайды;
- абзацтар жүйесін сақтайды;
- өзіндік көзқарасын білдіріп,
- келісу-келіспеу себептерін айқын жазады.
Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері, дидактикалық материалдар, сабақтың техникалық жабдықталуы
Бағдарламада ұсынылған әдіс-тәсілдер оқушылардың оқу және ойлау белсенділігін арттыруға бағытталған. Коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалым алды, тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс.
Тыңдалымға арналаған сабақ құрылымы:
Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау.
Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет.
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда тыңдалым/ айтылым дағдысы қатар жүреді. Мұғалім тыңдалымнан кейінгі айтылым тапсырмаларын дискуссия, дебат, сұхбат және т.б. белсенді жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырады.
Оқылымға арналаған сабақ құрылымы:
Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.
Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі тапсырмалар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.
Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап
бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай құрылуы керек.
Жазылымға арналған сабақ құрылымы:
Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Яғни өнімді дағды дегеніміз – тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге сүйене отырып сөйлеу немесе жазу. Жазылым түрлері: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.
Жазылым түрлерінің әрқайсысының өздеріне сай ерекшелігі болады. Ол жазылым түрлерінің құрылымына және мақсаты мен шешуі тиіс міндеттеріне байланысты болып келеді.
Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылым үдерісі.
Егер жазылымды үлгі беру арқылы үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Сонымен қатар, үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді.
Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұлд жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалауға, яғни өз жұмысының артықшылығы мен кемшіліктері туралы ойлануға мүмкіндік береді.
Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:
-
Әуелі жазылуы көзделген нәрсені анықтап алу;
-
ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау;
-
шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру
-
түзету және редакциялау ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру)
-
тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу)
-
дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.
Бағдарламада жоспардағы оқу мақсаттарын жүзеге асыруда ұсынылған әдіс-тәсілдермен қатар, мұғалім өзі тиімді деп тапқан басқа әдіс-тәсілдерді де қолдана алады.
Тақырып немесе бөлімнен кейін қорытындысын шығару түрлері
Авторлық бағдарлама үш тараудан тұрады. Олар:

ІІ тарау. Эссе түрлері.
III тарау. Эссе жазудың жолдары.
Тарау бойынша бағалау тапсырмалары мұғалімге оқушылардың бөлім бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар оқушыларға ұсынылады. Тапсырма дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылады.
Бағдарламада бағалауға арналған тапсырмалар үлгілерімен тапсырманы орындау үшін нақты қадамдарды анықтайтын дескрипторлар көрсетілген. Сонымен қатар, белгілі оқу мақсаттарына сәйкестендіріліп жасалған бағалау критерийлері ұсынылады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, эссе жазу жұмысының маңыздылығын біз мәтінді талдау нәтижесінен біле аламыз. Оқушылар шығармашылықпен айналысу арқылы тек сауаттылықты арттырып қана қоймай, сонымен қатар әр түрлі өмірлік міндеттерді шешу үшін алған дағдылар мен білімді пайдалану қабілетін қоса шынықтыра алады. Біздің ойымызша, қазақ тілі пәнінде эссе жазуды бір жағынан, өзін-өзі тану құндылықтарын анықтау құралы ретінде қолдана аламыз, екінші жағынан, тапсырмалардың кейбіреулері оқушыларға өз әңгімелерін құрастыруға және құндылық мәнін қоғамға, сыныпқа жеткізуге көмектесе алады.
Қазіргі заманда оқыту технологияларын меңгерту өте күрделі де ұзақ үрдіс. Оқу ағарту ісін қайта құру жаңаша ойлау қабілетіміз бен ізденістерімізге байланысты. Ахмет Байтұрсынов: "Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім" деген.
Эссе жазу жолдарын меңгертуде түрлі тақырыптың мәтіндерді қабылдату үшін көптеген жұмыстар жүргізіледі. Эссенің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім эссемен жұмысты жүйелі жүргізгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бешімбаева Е.Б. «Эссе жазу әдістері курсы»–Астана 2017 ж
2. Қазақ тілі мен әдебиет журналы 2018ж №5 Жаңа форматты эссе жазу
3. ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ (қосымша оқу-әдістемелік құрал) Шымкент 2016 ж
4. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/60762/
5. Ахметова М.К. Суреттеу мәтінінің құрылымы. А., 2002
6. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық пен хрестоматия. «Арман-ПВ» баспасы, 2019
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз