Материалдар / Эссе (жемқорлық - қоғам дерті)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе (жемқорлық - қоғам дерті)

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушы позицясын білдретін сапалы эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2024
179
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе Жемқорлық

Тоқтауын білмес жемқордан,

Оттауын білер мал артық

Арман Бердалин

Жемқорлық... Атауының өзі құлаққа қалай жағымыз естіледі ия?!... Жалпы бұл індет барлық елде, барлық салада кездесеуі мүмкін.Індет деп атау себебім-қазіргі заманда етек алып, таралып бара жатыр.Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.Ол- қандай да бір саладағы қызметкердің өзінің бас пайдасы үшін, қызметін асыра пайдаланып жасалған заңға қайшы әрекет. Жемқорлық жасау арқылы барлық, қоғам, әлеумет, жастардың болашағы бұзылып жатыр.Пайда болған ортасы міндетті түрде бүлінеді,өзінің орасан зор зиянын тигізеді.Тек экономикалық жағынан ғана емес, рухани жағынан да тигізер әсері көп.Жоғары билік өкілдері арасында да, білім , медицина саласы сиякты салаларда да жайылып бара жатыр.Әлемде ақша билік заманда ,жемқорлықтың да көбейері сөзсіз.Қазір заманда ақша үшін адамдар не істемей жатыр?!Қателік жасап, пара алып, пара беріп өз мақсаттарына пайдаланып жатыр.Алайда ертең әшкере болса, соңы немен аяқталатынын ойланбай жасалуда.Негізі «жемқорлық-қоғам дерті» деп айтылуының бірден бір себебі осы.Кесірінен: жалқау , білімсіз ұрпақ тәрбиеленуде, еліміздің көркеюі кейінге қалуда,сапасыз жасалынған кез келген жұмыстың нәтижесінде,теріс әсер беріп , жасалынған шарулар өрге баспасы анық.

Қазіргі кезде жемқорлықпен күрес жүргізу үшін көптеген іс шаралар жасалып жатыр.Оның ішінде мектеп оқушыарында-тәрбие сағатын өткізу арқылы санасына ондай жаман қылық жасамау керек екені түсіндіріледі.Болашақ ұрпақтарға мұны түсіндіру өте маңызды.Себебі келешек ұрпақ оның қандай зияны бар екенін біліп өссе, болашақта түбегейлі жойылмаса да, азайтуға септігін тигізеді.Ал ересектерге ондай сабақ өткізу мүмкін болмағанмен түрлі акциялар, еріктілер өткізетін іс-шара арқылы үндеу жолдау арқылы, халықтың санасына аз да болсын сәуле кіргізіп, соңы немен аяқталатынын түсіндіріледі.Сонымен қатар жемқорлыққа қарсы ұйымдардың жұмыстары да қарқынды жүруде.Жемқорлық фактілерін анықтап, соған қарсы жұмыстар атқарып жатыр.Егер болашақта жемқорлық жойылмаса, онда біздің еліміздің болашағы қараң болары анық.Сыбайлас жемқорлықты тек белгілі органдар ғана емес, қарапайым адамдардың арыз –шағымы арқылы да анықтауға болады.Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.Сол себепті « Қазақстан-2050»стратегиясында дамыған мемлекеттердің жаңа саяси байымдылықтарының бірі ретінде осы кеселді атап көрсетті.Еліміздің әр азаматы мен азаматшасы мемлекетіміздің заңдарына бағынып,құрметтеп, сақтауға міндетті.Заң бәріне ортақ болғандықтан, кім болсын , қарапайым халық болсын, жоғарыда отырған шенеулік болсын оны бұзуға құқығы жоқ.Бұзған жағдайда өзіне тиесілі «сыбағасын» алады.

«Қылмыстың өтеуі- жаза» деп бекер айтылмаған. Біздің еліміздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты заңымыз 1998 жылы 2 шілдеде қабылданған.Осы уақыттан бері көптеген күрес түрлері атқарылып келе жатыр.Қылмыс фактілері анықталған жағдайда,осы іске қатыстының бәрі жазаға тартылады.Қандай шаруа болмасын,заң бұзып, сотталғанша, адал іспен,маңдай термен еңбек етіп, барлығына өзіңнің күшіңмен қол жеткізудің мүмкіндіктерін қарастыру қажет.Қай уақытта да, қай заманда да адал жасалған іс-әрекет міндетті түрде жемісін береді.Өкінішке орай қазір күнделікті жаңалықтардан жемқорлыққа байланысты заң бұзушылықтары үшін ұсталып жатқаны туралы еститін болдық.Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылғандардың саны 11 пайызға артқан.Бөлініп жатқан қаражат мұқият әрі тиімді жұмсалуы тиіс.Бұл-әр теңге тиынына дейін өзінің мақсатына жұмсалуы керек деген сөз. Әрине бұл қуантатын жағдай емес , тіпті кейде миллиондап, миллиардтап қаржы құйылған нысандар өздігінен қабылғалары сөгіліп, салынған жолдар жарты жылға жетпей,жүруге келмей қалған жағдайларда, тіпті білім ордаларында, ауруханаларда сауатсыз мамандардың жүргенін көргенде ішің удай ашитыны анық.Соған қарап, кейде келер ұрпақ қандай болады екен деген қорқыныш пайда болатыны айдан анық.Сол себепті,ел болып, қауым болып бұл жағдайдың орын алуына кедергі келтіріп, болашақта түп тамырымен жойып жіберуге ат салысуымыз керек.Ең алдымен оны өзімізден бастағанымыз абзал.Кейін отбасы, туған-туыс, дос-жаран, осылай әдетке айналдырып әрі қара жалғастыра берсек, бір күні дүптеген мақсатымызға жететініміз айдан анық.Мен Қазақстанның ертеңі, болашағы жастардың қолында екенін білемін.Болашақта жемқорлық түбегейлі жойылып, еліміз көркейіп, өркендеп, әлем елдерінің алғашқа қатарларында көрінетініне кәміл сенемін.Бұл жолда аямай еңбек етіп, өзімнің титтей де болсын үлесімді қосып, келешек ұрпаққа «жемқорлықсыз жаңа, әділ мемлекет» құруына маңдай терімді аямай төгіп,елімізді алға жетелеймін.Осы ретте өзім шығарған, жүрекжарды өлеңіммен аяқтағым келеді:

Жемқорлық дерті бойылсын елімізде,

Бар жақсылық келе берсін жерімізге,

Адалдық пен іскерлік мәңгі орнап,

Жемқорлықсыз ел орнасын төрімізге

Қазақ деген халқыммен мақтанамын,

Елім тыныш болса егер, шаттанамын

Елбасымыз, еліміз аман болсын

Келешегі кемел болашаққа аттанамын!!!

Еліміздің шетін жау баспай,осы бейбіт заманда, жемқорлықсыз мемлекет болып,болашақта тек «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман болатынына сенемін!!

Бағлан ұлы Мурат 2006жыл 06қаңтар

Сарқан Политехникалық колледжі

Жетекшісі:Батырханова Роза Керімбековна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!