Эссе. Жұлдызды жарқырату өнер.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе. Жұлдызды жарқырату өнер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының шығармашылық жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жұлдызды жарқырату өнер

Жанатова Аяулым Ертаевна

«№23 ЖББМС» КММ

11 «Ә» сынып оқушысы

Қарағанды қаласы


«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет», ұстаз - бұл тұман басқан қараңғы түнекке жарық сыйлап, өмірге деген әрбір тұлғаның өзіне тән мінез-құлық пен айналасындағы өмірге жарқын ойлы көзқарасты қалыптастыратын қиындығы мен қызығы жетерлік, сол жолды таңдаған сәттен-ақ үлкен жауапкершілікті талап ететін дара жол. Сол бір тарыдай ғана білімнің түпкі өмірінен мүлдем хабары жоқ, бейқам бүлдіршіндердің бойына білімді сусындатып, тәрбие ұрығын сеуіп, үлкен өмірге ешбір күмәнсіз аяқ басатын жас ұрпақты тәрбиелеп шығады.

Қазіргі таңда білімнің алыс та, қызығы мол сапарына оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды жетектеп және сондай-ақ ақ пен қара қатар жүретін өмірдің қыры мен сырын ұлағаттылықпен, үлкен еңбекпен жеткізіп келе жатқан ұстаздарымыздың қарасы көбеймесе, азайған емес. Бұл жолда талай жан үлкен ілтипатпен, үлкен күшпен еңбек етуде. Өзінің қарапайым жылы лебізімен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды емес пе? Ұстазға өз ойын сапырылыстыру үшін емес, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі.

Мұғалім деген атау – қасиетті, себебі «мұғалім», «ұстаз» деген атаулардан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғындырады. «Елдің надандылығымен алысатын адам – мұғалім» дегендей осы кезекте ең әуелі барша қазақ халқының, ұлы даланың кеудесін көкке керген Сарыарқа даласының ұстазы Бекенұлы Мағжан Жұмабаев атамызды айтып өткім келеді. Сол кезеңдегі кеңістікте өткен дәуір мен қазіргі дәуір арасын жалғайтын биік алтын көпірді дәл осы кісі қалай білді деп ойлаймын? Ел ертеңі үшін, жастардың болашағы үшін, Ұлы елдің жарқын тәуелсіз күндері үшін аласапыран кезеңде өзінің қарабасының ғана қамын жемей, өз басын бәйгеге тігіп, қайратты құрыш қанаты бар жастардың тәлім-тәрбиесімен айналысып, бүгінгі күнде баршаға үлгі боларлықтай ұстаз бола білді. Сенім неғұрлым жоғары әрі көп артылса, жауапкершілік соғұрлым жоғары болады дей отыра, Алаш жастарының басын қосқан болатын. Оған дәлел ретінде «Мен Жастарға сенемін» атты өмір жолында айқындалған мына жолдар есіме түсіп отыр. Ұлы елдің болар баласы осылай сөйлесе керек. Әр адамның жолы, маңдайға жазғаны бөлек. Бірақ ұлт мұратының алдында өз елін қызғыштай қорғауға даяр қазақтан асқан ұлт аз. Осы сөзіме сеніңіздер. Жетісуда, Алтай мен Арқа да ұлтын сүйетін ұлдарға кенде емес. Жастар, сіздер де соны жалғастырыңыздар.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың!

Сендер барда, жастар аман тұрғанда, мына мен Мағжан да өздерің айтып отырған Алаштың оқығандары да тек биікке самғайды. Тілдерің таза, жолдарың ақ болсын! Бостандық елдікі. Қанды отты тарихы бар, терең бай тілі, өзгелерге үйлеспейтін шаруасы бар қазақтікі. Бостандық үркердегі оқығандікі немесе жуан қоныштыныкі емес, алты миллион Алаштыкі екенін ұғуымыз керек. Алаштың қызметшісі екенін ұғыну керек. Сондықтан тізе қосып, іс қылатын заман келді. Іске көшейік, жас буын. Осылайша баяғы кезеңнен-ақ қазақ жастарының көзін ашып, сауатын ашып барша ұлт ұстазы бола біліп, бойындағы сәуле арқылы жұлдыздарды жарқырата білуді көздеп, басты мақсат еткен.

Өз басым бала күннен бастап арманым дәл Мағжан аталарымыз секілді шәкірт тәрбиелеп, бойындағы сәулені жарық жұлдыз етіп паш етіп жарқырату болатын



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.05.2024
323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі