Эссе
«Тәрбиеші
–ұлы тәрбиенің тірегі»
Мектеп
жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі
ұлттық даму стратегиясымен тығыз
байланысты мемлекеттік саясаттың
ажырамас бөлігі болып отырғандықтан
тәрбиешілерден үлкен жауапкешілікті
талап етеді.
Бала
– біздің болашағымыз. Олай болса,
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
баланың ғана емес, еліміздің де жарқын
болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім
берудің алғашқы деңгейі. Ал тәрбиеші
жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту
үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның
қыр – сырын анықтап , мүмкіншіліктері
мен қабілетінің дамуына жағдай туғызады.
Жаңа
кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі
жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие
беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани
бай адамды қалыптастыру оның туған
кезінен басталуы керек.
Тәрбиешінің
ең бастапқы формалары педагогтың
балалармен мазмұнды қатынасында,
жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің
құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға
арналған шығармаларымен, суретшілер
туындыларымен танысу негізінде іске
асады.
Мұндай
мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс
еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық
пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге,
көп дүниені өз қолымен жасай алуды және
жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға,
үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға
тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Қарапайым
әдеттерді тәрбиелей отырып педагог
балдырғаннның бар істі шын пейілмен
әрі саналы атқаруына қол жеткізеді,
яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі
жан дүниесін, оның ережеге деген
көзқарасын айқындайды.
Атақты
педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш
жастан он екі жасқа дейінгі аралықта
әр адам өзінің рухани дамуына қажетті
нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің
негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана
сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі
биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы
мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да
игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ
тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік
мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп,
қиялға қанат бітіретін, жас баланың
рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің
мол қоры бар рухани азық, деп атап
көрсеткен.
Адамгершілік-адамның
рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік
бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне
жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік
тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып
табылады.
Ол
тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен
сапалары, қарым-қатынастарында
қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық
сананың ең басты белгілерінің бірі
болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы,
іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен
сипатталады.
Олар
адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік,
кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық,
ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық
т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық
деп қарайтын жеке адамның қасиеті,
адамгершілік және психологиялық
қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік
тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек
емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік
қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың
басты міндеті. Адамгершілік әр адамға
тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің
қайнар бұлағы- халқында, отбасында,
олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр
адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс
— тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан
бойына сіңіреді.
Көрнекті
педагог В. Сухомлинский «Егер балаға
қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала
солай бола алады», — дейді. Демек,
шәкіртке жан-жақты терең білім беріп,
оның жүрегіне адамгершіліктің асыл
қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек,
ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік
көзқарасының қалыптасуына, айналасымен
санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай
заманда болмасын адамзат алдында тұратын
ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы —
өзінің ісін, өмірін жалғастыратын
салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ
тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол
келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген,
ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі
озық етіп тәрбиелеу .