Материалдар / Эссе Кәсіпқой маман болу оңай ма?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Эссе Кәсіпқой маман болу оңай ма?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді? тақырыбына эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2022
1478
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?

Жалпы кәсіби маман дегеніміз- жоғары білімге ие, тәжірибесі мол, өз саласында аянбай еңбек ететін, қолынан келгенін аямайтын , қоғамның дамуына зор үлесін қосатын маман иесі.

XХІ ғасыр заманның, техниканың, ақпараттық технологияның дамыған заманы. Елімізде әр адамға кәсіп таңдауға , кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасап отыр.Еліміздің жастары өз елімізде де, шетелдерде де оқып, білім алуда.

Кәсіпқой маман деп - өз мамандығын жетік меңгерген, аянбай еңбек ететін адамды айтамыз. Кәсіпқой мамандар барлық салаларда өз кәсіптерін ашып, халықтың қажетіне,игілігіне қарай еңбек етуде. ХХІ ғасыр технологияның қарыштап дамыған кезі.Оқимын, жұмыс істеймін немесе кәсіп ашамын деген адамға мемлекетіміз жағдай жасап отыр.Бірақ, істің көзін біліп, оны ары қарай жалғастыру да оңай емес.

Жастардың ісіне кедергі келтіретін де тұстар бар.Ол жастардың мамандықты өз қалауымен емес, ата-анасының немесе заман талабына сай деп таңдай салуы.Осыдан келіп олардың өз мамандығына қызығушылығы болмайды.|Сондықтан адамның өзі таңдаған мамандығына деген қызығушылығы,ынтасы, оны жақсы көре білуі керек деп ойлаймын. Нағыз маман болу үшін әуелі өз мамандығының алдында жауапкершілікті сезіну міндет болып табылады. Егер ол өз ісіне тиянақты қарамаса, біреудің бұғауында ғана күйбең ісін жалғастырып жүре береді. Сол себепті, нағыз маман болу үшін барлық кертартпа мінездерді доғарып, мамандығыңның шыңы болатындай әрекет жасау керек.

Әр мамандықтың қоғамға , елге пайдасы бар, оны еліміздің көркеюі, болашағы үшін пайдалана білу – біздің яғни жастардың міндеті.

Мен бастауыш сынып мұғалімі мамандығын таңдадым, бұл менің алдымда тұрған үлкен жауапкершілік.Өйткені кішкентай бүлдіршіндерді адамгершілікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, олардың бойындағы Отанға, ұлтымызға деген патриоттық сезімдерді ояту негізгі міндетім деп білемін.

Еліміз дамыған елдердің қатарына кіріп , экономикасы шарықтаған ел болу үшін , балалардың сауатын ашып, оқуға , білімге ынтасын арттыру қажет.

Кәсіпқой маман болып, елімізге адал қызмет ету жолында ,қазақ алфавитін құрастырған А.Байтұрсынов атамыздың, қазақ балаларына мектеп ашып, білім нәрімен сусындатқан Ы.Алтынсарин атамыздың халық үшін жасаған еңбектері әрдайым бізге үлгі болады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!