400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эссе «Кәзіргі заманға сай өзгеріс»

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға қажет деген ойдамын, қазіргі білім саласындағы өзгерістерді білу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тірек мектеп (РО) Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ» КММ

тарих, география пәнінің мұғалімі Ахметова А.С

Эссе

Тақырыбы: «Кәзіргі заманға сай өзгеріс»

Диірменнің тасындай дөңгелек дүние. Иә, өзгермелі әлемде өзгермейтін ештеңе жоқ. Қазір ғалам қарыштап өзгеруде. Ақпарат ағымының жылдамдығы сонша - бірін түйсініп үлгергенше, екінші бір жаңалық алдыңызда орап жатса, таң қалмаңыз. Білім саласында да осындай түбегейлі өзгерістер жүріп жатқаны баршаға аян. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған әр Жолдауында білім беру мәселесіне нақты тоқталып, маңызды мақсат-міндеттер қойып келеді. «Біздің келешектегі қоғамымызға гүл бітіретін жетістіктердің қозғаушы күші мұғалімдер болады»- деп, дамыған мемлекеттердің қатарынан көріну үшін әр салада сауаттылығы жоғары мамандар дайындаудың қажеттігін баса айтып жүр. Бүгінде Америкадағы Кембридж Университетінің Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының оқыту үрдісіне жаңаша өзгерістер енгізу мақсатында үш айлық деңгейлік оқыту курсы жүріп жатыр. Мен осы курстың үшінші деңгейлік бағдарламасынан дәріс алдым. Нәтижесінде курстан түсінгенім: Оқыту мен оқуды түбегейлі өзгерту. Өзіндік білім алу дағдыларын қалыптастыру деп білемін. Осы бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Ал күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі түрде дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.

Деңгейлік оқыту бағдарламасының басым бөлігі түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясына негізделген. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылады.

Үш айлық деңгейлік оқыту курсына барып келгелі мен қалай өзгердім? Біріншіден, менің сабаққа деген көзқарасым өзгерді. Себебі, ауыл мектебінде тарих, география пәнің оқытуда деңгейлік оқыту бағдарламасының жеке тұлғаны дамытудағы тиімділігін байқадым. Оқушының өзін еркін сезінуі, өзін-өзі реттей алуы, сыни тұрғыдан ойлауы дұрыс қалыптасуын, өзгенің пікірімен санасуы, ресурстарды жүйелі пайдалануы, ойын, үйренгенін қорытындылауы және өзіне жаңалықтар аша білуі. Екіншіден, мен дәстүрлі және СТО сабақтарын салыстыра бастадым.

СТО  сабақтарда

Дәстүрлі сабақтарда








Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

Оқушы  бірден жұмысқа

кірісіп кетпейді.

Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері  басым.

Белсенділік орташа,

мұғалімнің көмегін керек етеді.

Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр

оқушының жауапкершілігі басым.

Шығармашылығы бірқалыпты,

ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

Нәтижесінде түсінгенім, дәстүрлі сабақта  оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса; сыни тұрғыдан  ойлау  сабағында  оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.  Үшіншіден, шынайы сыныптағы білім беру мен оқыту тәжірибемдегі    жеті модуль бойынша сабақ беру тәсілдерімен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында екенін байқадым. Тарих, география сабақтарында қолданатын көптеген стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге,  ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына,  үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Жұмыстың ыңғайына  қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады.   Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын іс-тәжірибемде пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім.

Төртіншіден, ауыл мектебінде тарих, география пәндерін оқытуда ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолданудын маңыздылығы зор екенін түсіндім. Менің өз іс-тәжірибемде үнемі пайдаланатын ақпараттық –коммуникациялық технологиялар,мысалы: слайд жасау, интербелсенді тақтамен жұмыс жасау, интернет желісіне шығу үшін ұялы телефонды пайдалану, таныстырылымдарды қорғау оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын, танымдылығын, белсенділігін арттыруда атқаратын рөлі зор екені анық.

Бесіншіден, менің өзгерісім оқушылардың да өзгеруіне алып келді. Олардың сабаққа деген көзқарасы, қызығушылығы және белсенділігі артты. Сонымен қоса, жеті модульге негізделген сабақтарды өткізуім оқушылардың білім сапасының көтерілуіне жағдай жасады.

Ауыл мектебінде жеті модуль бойынша сабақ беру тәсілдерін тек оқушыларға ғана емес, әріптестеріме де үйретудемін. Мұғалімдермен өткізген әр семинар, шебер – сыныптарымнан рефлексия кезінде әріптестерім өте жоғары күйде болып, нәтижелі білім сапасын көтеруге көп мүмкіндіктер беретінін айтты. Деңгейлік оқыту бағдарламасы -оқушының білім сапасының көтерілуіне, жүйелі ойлауына, ғылыми шығармашылық қабілеттерін арттыруға, сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіруге бірден - бір оқыту үдерісі екені анық. Өз ойымды қорытындыласам, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»- деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден - бір қызмет етуі керек, - деді. Елімізде жаңашыл біліммен қаруланған жаңа форматты, сапалы білім беретін, кәсіби ұстаздар көп болса, оқушылардың білім сапасының арта түсетіні сөзсіз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
625
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі