400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Киелі Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл эссе оқушының туындысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Киелі Қазақстан

Қазақстан – сан ғасыр тарихы мол әлем таныған ұлан байтақ, бай, кең өлке, киелі мекен. Қазақстан - киелі жер, Ұлы мекен.

Әр адамның Туған жері- өзі үшін киелі болып саналады. Мен білетін Оңтүстік Қазақстанда киелі жерлер көп: қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелері осы аймақта орналасқан.

Арыстан баб кесенесі жанында емдік қасиеті бар өте тұзды құдық бар. Мен Арыстан баб кесенесіне барып көргенмін. Ол жақ өте әдемі, табиғаты да керемет, ауасы да таза. Біз жыл сайын барып, демалып қайтамыз.

Сондай ақ, мұсылмандар «екінші Мекке» санайтын киелі Түркістан да осы аймақта. Түркістан қазіргі кезде дүние жүзіне танылып тұрған қалалардың бірі. Себебі екінші Мекке Мадина  атанған Қожа Ахмет Йасауи кесенесі орналасқан. Бұл жерге дүние жүзінен адамдар ағылып келіп жатады. Қ.А.Йасауи кесенесі XIV-XV ғасырлар аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі. Сонымен қатар, Кезінде Түркістан қаласы – қазақ хандығының астанасы, қазақ халқының бас қаласы болды.

Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой,

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.

  • деп Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай, өлең жолдарынан қаншама тарих сыр шертеді.

Ал, Сайрам ауылындағы Қарашаш ана кесенесі   XIIІ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Кесене Қожа Ахмет Яссауидің анасы Қарашаштың (Шын есімі Айша бибі) басына тұрғызылған. Заманында өте білімді адам болған. Медресе ашып, қыз -келіншіктерді жинаған. Оларға ілім- білім берген, құранды араб тілінен түрік тіліне аударған. Қарашаш Ананы бүкіл түрік әлемі ардақ тұтады. Ол ізгі аналықтың символы іспеттес. Бұл киелі мекен, киелі адамдардың рухы мені болашақта тек ізгілікке жетелеп, ертеңіме зор үмітпен қарауыма септігін тигізеді.

Ия, жоғарыда айтып өткенімдей, мен өзім осындай қасиетті мекенде туылғаныма бақыттымын.






Тауирбаева Ақбаян

6«Ә» сынып

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
2193
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі