Материалдар / Эссе "Компьютер əлемінде" 5 сынып

Эссе "Компьютер əлемінде" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушымның жазған жұмысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1107
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Компьютер әлемінде Мен биыл 5-ші сыныпта білім алып жатырмын. Бастауыш сатыдан орта буынға өткен кездегі сабақтардың ішінде өзіме ерекше ұнайтын пәндердің бірі «информатика» пәні. Маған бұл пән өте қатты ұнайды. Компьютер сыныбына барып ондағы дербес компьютерлермен жұмыс істеуді үйреніп жатырмыз. Ұстазымыздың арқасында компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережесін, компьютерді қосып, сөндіруді, онда қағаз жазу, жазылған құжаттарды сақтау, компьютердің қосымша құрылғыларын және олардың қандай қызмет атқаратындығын үйрендік және әлі де үйренеріміз өте көп. Жалпы бүгінгі заман талабына сай компьютерді бұл сыныпқа келмей тұрып үйрендім десемде болады. Анама көмектесіп үйде компьютер алдына отырып алып аздаған дүниелерді үйреніп келдім. Бүгінгі күнде информатика мұғалімінің арқасында қосымша үйрену үстіндемін. Сонымен мен қатысқым келген, қызығушылық танытқан байқау тақырыбына сай «Компьютер әлемі» тақырыбында өз ойымды айтсам деймін. Бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайында өскелең ұрпақтың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылатын «Информатика» пәніне жете мән берілуде. Бүгінгі ХХІ ғасырда қоғамға қажетті қарапайым ақпарат көздерін қолдану, ересектермен әңгімелесу,компьютерлік ақпараттар және олардың мазмұнына қызығушылықтарын қалыптастыру, балалардың пәнге деген қызығушылығын ойындар арқылы туындату және заманауи, білімді тұлға даярлау әрбір ұстаздың алдына қоя білген мақсаты деп білемін. Бүгінгі күні информатика пәніне деген өзімнің де сыныптастарымның да қызығушылығы басым десем де болады. Себебі ұстазымыздың әрбір өткізіп жатқан сабағы түрлі ойындар, жылдамдыққа берілетін тапсырмалар, заман талабына сай үш тілділік бойынша информатика терминдарын және қосымша құрылғыларды жұмбаққа жасыру арқылы жауаптарын үш тілде айту, сергіту сәттері сияқты қызыққа толы сабақтар өтеді.Жалпы қорытындылай келе, менің ойыма түйгенім информатика пәні бізге бүгінгі өмірімізге өте қажет пән. Барлық оқушыларға да сыныптастарыма да айтарым пәнге деген қызығушылықтарын азаймасын. Дәл бүгінгідей қызығушылықпен оқысақ жоғары оқу орнына барған кезде де осы ақпараттық технологиялар кездеседі, яғни осы ақпараттық технологияны меңгертуге негізделген осы пәнді тереңірек түсінсек, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлға болып шығарымыз сөзсіз және оған сенімім мол.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ