жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Эссе "Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту"
Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». деп еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев
атап көрсеткеніндей технологияны пайдаланудың төмендегідей артықшылығы бар: білім мазмұнының заман талабына сай болуы, болашақта қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен меңгеру, өзін-өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуы, өз жетістігін көре алуы, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды.
Мен қаламыздағы қара шаңырақтардың бірі №2 орта мектебінде ақпараттық дамыған жаңа технологияларды жаңа әдіс тәсілдерді сабақта қолдану арқылы кейінгі ұрпаққа бағалы білім мен тәрбиелі тәртіп беруде еш аянбай жұмыс жасағаныма міне, 3 жыл болды.
Менің аты –жөнім Бексариева Шолпан Бөгілқызы. Мен 2012 жылы Ақтау қаласындағы Ш.Есенов аты университетін «Информатика» мамандығын бітіргенмін, санатсызбын.
Әрбір мұғалімнің оқуға, үйренуге өз тұғырнамасы болуы қажет деп санай отырып, өзіме оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
проблемалық тақырып етіп алдым.
Информатика пәнін оқытуда алдыма қойған мақсатым:
Сабағымда ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді мақсат етіп қойдым.
Білім беру үрдісінде оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамытатын,өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді атқарып келемін
-
Оқытудың тиімді әдістерін пайдалана отырып, оқушының информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру
-
Теориялық алған білімдерін практикада іс жүзінде көрсете білу
-
Әрбір оқушының жеке мүмкіндіктеріне сүйене отырып, оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың білім деңгейін көтеру және шығармашылық ой-өрісін арттыру
-
Болашақта өз елін, салт-дәстүрін, тарихын қастерлеп, қадірлейтін ұлтжанды азаматтар болып өсуге тәрбиелеу
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудан негізгі құрал компьютер болып табылады. Компьютер – білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.
-
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану – оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияны пайдаланып, ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасау. Мұның нәтижесінде информатика пәні бойынша оқушылардың ізденіп, оқу материаланың мазмұнын, негізін ашуға ықпал етіп, сол арқылы жан-жақты шығармашыл білімді азаматтар тәрбиелейміз
-
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
-
Технологияны пайдаланудың артықшылығы , білім мазмұнын заман талабына сай болуы, болашақта қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен меңгеру, өзін-өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуы, өз жетістігін көруі үшін оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу
Өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.Қараевтың «деңгейлік оқыту» жүйесіне, «сын тұрғысынан ойлау», «сатылай кешенді ойлау», жүйесіне сүйеніп сабақ жүргіземін.Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда «Информатика әлемінде», «Жұлдызды сәт» сияқты ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, сергіту жаттығулары, кеңінен қолданамын.
. Оқушының пәнге деген қызығуын және сабақтың сапасын арттыру үшін: логикалық ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландырып, оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызып, оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамытып, оқушының жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыруға жағдай жасауға ұмтылудамынү
Білім беру мен білім алудағы жаңа технологиялар арқылы оқушылар белсене әрекеттер атқарады
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Жеке шығармашылық тапсырмалар арқылы
Тест , блок- схемалар арқылы
Ребустар, сөзжұмбақ құрастыру арқылы
Компьютерлік ойындар , логикалық есептер арқылы
Мектептегі 7- сыныптың біріне жүргізген сабағымда, яғни іс-тәжірибемде мына нәрселер айқындалды.
Сабақтың тақырыбы:
«Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері, өлшем бірліктері»
2.АКТ
3. Сыни тұрғыдан ойлау модуліндегі-Семантикалық карта
4. Кім жылдам ойыны.Дарынды және бейім
6. Жуан, жіңішке стратегиясын қолдану
Сабақ барысында сынып оқушылары 3- топқа бөлінді. Әр топтағы оқушылар өздерінің тобы үшін бар білімін ортаға салды.
Нәтижесінде: оқушылар тапсырманы орындап шықты.
Соған байланысты әр топтағы оқушылар деңгейіне, шамасына қарай бағаланды. Оқушыларға тапсырмалардың оңай және қиындығы айтылды. Оқушылардың біліктілік деңгейіндегі кемшіліктер бірте – бірте деңгейлік тапсырмалар беру арқылы жетілдіріп отырдым. Сабақ соңында оқушылар топтық жұмыстың ұнағанын, бір-бірінен көмектесе отырып тақырыпты меңгергенін, осындай сабақтың жиі болғанын қалайтынын айтты.
Не сәтсіз өтті? Оқушылар әліде болса топтық жұмысқа бірдей араласпай отырды. осы жерде оқушылар өздігінен талқылап үйренбегендіктен біраз қиындықтар туындады.
Нені өзгерткім келеді? Топтағы араласпай отырған оқушыларды сабаққа тарту, оқушыларды сұрақ қоя білуге және жаңа тақырыпты талқылай білуге үйрету.
Нені дамытар едім? Топтық жұмыста барлығының бірдей қатысуын қамтамасыз ету. Тәжірибе жинақтап сабақты түрлендіріп өту.
Менің сүйенетін күштерім? Сыныппен қарым-қатынасым жақсы деңгейде болды. Мен өзімді еркін ұстадым.
Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
Әдістемелік және педагогикалық шеберлігімді көтеру,іздену,білімді жетілдіру мақсатында 2013 жылы Ақтау қаласының ОблБАИ-да «Web парақтарды құруда FrontPage бағдарламасының мүмкіндіктері», «Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу негізіндегі педагог қызметкерлердің АҚТ- құзыреттілігі» тақырыптарында білім жетілдіру курстарынан өттім.
Курстан алған іс-тәжірибелеріме сүйене отырып, проблеманы шешу мақсатында сабағымда ойынның тәсілдері арқылы төзімділікке, шапшаңдыққа, ептілікке,икемділікке оқушыларды баули алдым.

Жаңаөзен қалалық «Алтын диск» байқауы

Информатика пән мұғалімі: Бексариева Ш

2015 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген