Материалдар / Эссе "Конституция - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе "Конституция - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата Заңымыз туралы мәлімет біле алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2020
3451
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Конституция - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі



Конституция мемлекетті шын мәніндегі бақытты қоғамға бастауға қабілетті құндылықтарды өмірге әкелуге қуаты мен ықпалы жетерлік тарихи құжат деп білемін. Мұнда мемлекеттік басқару мен бұқаралық биліктің үйлесімді түрде ұштасуы бар. Еліміздің Ата Заңы қоғамдық құндылықтың алтын арқауы және мемлекеттік биліктің бастауы. Ата Заң – бізді өткенмен де, болашақпен де байланыстырып тұрған алтын арқау іспеттес. Оның тұтас болмысынан мемлекетіміздің мерейі мен халқымыздың қалауы менмұндалайды.Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты - Ата заңы болып табылады. Қазақстан халқы осыдан 20 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, бағыт-бағдарын айқындап, алға қойған мақсаттарына жету жолында жаңа қадам жасап, жаңа Конституцияны бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көп ұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге жар етіп, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екендігін танытқан болатын. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында еліміз Қазақстан Республикасының Ата заңы өмірге келген болатын.Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деген сөздермен басталады. Бұл мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі болып табылады.

Еліміздің Ата заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат деп білемін. Ата заңымыздың өзгешелігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз дамуының мемлекеттік тұғырын, басқару тәсілін, билік тармақтарын бекітіп, «байырғы қазақ жерінде мемлекет құрылғанын» жария еткен. Конституция бізге, адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің жақсы дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік береді. Сондықтан құқықтық мемлекет, заңның жоғарғы мәртебелілігі, Конституцияның мызғымас беріктігі, ұлттық идеологияның негізі және түп қазығы екенін мойындауымыз керек деп есептеймін.Татулық пен бейбітшіліктің мекені болып табылатын кең байтақ елімізде жүздеген ұлттар өмір сүреді. Бүгінде олар достық туын жоғары көтере біліп, Қазақстан мемлекетінің экономикасын өркендетуге орасан еңбегін сіңіріп келеді. Мұндай жетістіктерге халық пен мемлекеттік билік бірлігінің және де Ата заңымыздың мызғымастығының бірден бір кепілі Қазақстан Республикасының Президенті мен салиқалы саясаты және қажырлы еңбегінің, алғыр басшылығының арқасы деп айтсақ артық болмас деп білемін.Конституция қабылданғаннан бергі уақыттағы тарихи өлшемдер біз үшін бүкіл өткен жолымызды таразылап, ой елегінен өткізуге және толық мүмкіндік беретін белгілі бір үлкен кезең болып табылады. Ол Парламенттің рөлін көтеруді, оның үкіметке ықпал жасау және бақылау жасау тетіктерін жетілдіруді қамтамасыз етіп отыр. Елімізде жергілікті өзін өзі басқару органдарының дамуына кәзіргі кезде ойдағыдай жағдай туғызылып отыр. Сайлау жүйесін реформалау, саяси партиялардың рөлін арттыруға бағытталған маңызды көптеген тарихи қадамдар жасалды. Қазіргі кездегі біздің ел Қазақстан нағыз шын мәніндегі бірден бір президенттік-парламенттік республикаға айналып отыр. Бұл істегі Конституцияның алатын орны мен ел өміріндегі атқаратын рөлі уақыт өткен сайын жақсарып тұғырлана түсіп, әлеуеті ұлан-ғайыр бола түсуде.Еліміздің осы негізгі Заңы уақыт сынынан сүрінбей өтті. Оның негізгі қағидалары барлық халықаралық стандарттарға сай келіп, қоғам мен мемлекетті дамытудың осы кезеңдердегі ең жетілдірілген үрдістерімен үйлесім тауып отыр. Мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту және экономикалық реформаларды жүргізудің басты құралына айналған бұл Ата Заң адамдардың барлық азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, олардың өздерінің мемлекеттің сенімді қорғауында екенін терең сезінулеріне жағдай туғызып отыр. Осы арқылы қазірде бүкіл қылмыстық-құқықтық саясатты ізгілендіру үрдісі де жүзеге асырылуда. Елбасымыз өзінің өткен жылдардағы бір Жолдауында «… саяси жаңару процесі ең әуелі биліктің заң шығарушы тармағының саяси беделін күшейтуді талап етіп отыр.Мұны қолданылып жүрген Конституцияның шеңберінде атқарған жөн және солай істеу қажет деп есептеймін. Еліміздің Конституцияның әлеуеті әлі де толық пайдаланылып біткен жоқ» деген болатын.Қазақстан Республикасының Конституциясы қазіргі кезде қазақ елінің бірден бір мызғымас бірлігінің символы және оның заңдық тұрғыдан алғандағы құқықтық қамтамасыз етуші құжаты болып отыр. «Бірлік бар жерде тірлік бар», демекші бұл дүниеде тату-тәтті тіршілікке, ынтымаққа жетер ештеңе де жоқ деп білемін. Демократиялық құқықтық мемлекет құру жолындағы Конституцияның өміршең болатындығы ешқашан да күмән туғызбайды деп сенемін. Еліміздің заңдарын өмірге келтіруде зор еңбектер сіңірген көрнекті заңгер Сұлтан Сартаев былай деген болатын: «Тәуелсіздік алған елге бірлік керек» деген болатын. Заманымыздың қиыншылығына қарай ақылдан бұрын ашу жүрмесін. Ашу кернеп, жалаң тілді алға салмайық. Әр істеген ісімізде ой қорытындысы, парасаттылық болсын. Әлеуметтік, саяси, экономикалық бостандықты орнықтыру, жаңалыққа жол ашу үшін күпірлі сөзден аулақ болып және дүбірлі ортақ істің бабын баптап, халқымыздың қажыр-қайратын жасампаздық арнасына бағыттап, ел алдындағы парызымызды орындайық, қарызымызды қайтарайық», - деген болатын. Иә, осындай ұлы мақсаттарды орындау жолында жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтіндей неғұрлым ізгілікті жетістіктерді пайдалана отырып, Конституциямыздың әлеуетін арттыра берсек дейміз.Тәуелсiз елiмiздiң қарыштап дамуына қай заңның шарапаты көп тидi? Жалпы, Ата Заңымыздың мемлекетiмiздiң өсiп-өркендеуiне қосқан үлесi қаншалықты?» деген сұрақ мені жиі мазалайды.Сондықтан да Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек. Өйткені, Ата Заңымыз – Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғы-шарттарын жасап берген жасампаз құжат.

Халықаралық қауымдастық мойындап, Қазақстандағы батыл жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың негізінде қол жеткізіп отырған жетістіктердің бәрінің қайнар көзі саналатын Қазақстан Республикасы Конституцияның да өз тарихы бар. Ол Елбасы атап өткендей, бірнеше қиын экономикалық, саяси және идеологиялық кезеңінен өтті. Елбасы жаңа Қазақстан мемлекетін орнату кезеңінде жирырма бес жылдық тарихымыздағы ұлы оқиғалардың қайнаған өзегінде жүріп, салиқалы да сындарлы шешімдер қабылдап, халқын кемелдікке жеткізуге ұмтылған қазіргі заманның ең көрнекті реформаторлары қатарына енді. Жиырма бес жылдық қысқа мерзім ішінде жаңа мемлекеттің туын тігіп, тұғырын биіктетті. Еліміздің Конституциясы – бұл заң қарпінде өрнектелген жалпыұлттық идея деп білемін.Ол біздің ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтарының азаттық және өз тағдырын өзі шешу мүмкіндігі туралы, билік барша халықтың мүддесіне қызмет ететін мемлекет туралы, бүкіл әлемге белгілі әрі құрметтелетін тәуелсіз ел туралы армандарының осы заманғы құқықтық түсініктерін бейнеледі.Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Осы Ата заңымыз қабылданған сәттен бастап, тәуелсіздік туын желбіретіп, дербес, егеменді елдердің қатарына қосылып, алға қарай дамуымыздың жаңа сатысына көштік.Құндылықтарымыздың негізін айнытпай орындаудың нәтижесінде аз ғана уақыттың ішінде тұғыры берік, туы биік мемлекеттігімізді орнатып, тәуелсіздігімізді паш еттік. Конституция біздің еліміздің бірлігінің, тұтастығының белгісі іспеттес болды. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.Қорытындылай келе мен осындай елдің азаматшасы екеніме мақтан етемін,және еліміз жылдан-жылға көркейіп,дамып келе жатқанына шын жүрегімнен қуанамын. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая түсуде.Мен әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! 

Начало формы


Конец формы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!