400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе: "Мамандығым - мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға өз мамандығының маңызын білуге үйретеді. Өз мамандығын сүюге, құрметтеуге, қызметін адал істеуге үйретеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе.

«Мамандығым - мақтанышым».

КММ№14 мектеп-бақшаның

қазақ тілімұғалімі

Қайыржанова Гүлмира Тоқтамысқызы.



Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бірін біл,

Өз тіліңді құрметте!

(Қадыр Мырза Әлі)

Жүрек түбінен ақтарылып шыққан осы сөз маржандары арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесінің өсуі мен бала болашағы менің қолымда екендігі туралы ой өрбітпекпін.

Бала болашағы менің қолымда! Мемлекеттік тілді қолдану мен оны дамыту - менің басты міндетім, адами және кәсіби борышым! Себебі: мен тәрбиешімін, ұстазбын. Әр күні менің алдымда көздеріндегі нұрларынан таудан биік, сүттен таза армандары оқылатын елдің болашақтары, бүгінгі балалар ертеңгі болашақтар отыр. Оқу мен тәрбие атты егіз ұғымды оқушы бойына ата-баба қанымен тараған ана тіліміз арқылы сіңіріп, ертеңімізге қол жеткіземіз. Ертеңгі армандарға қол жеткізуде ата-ана, оқушы, мұғалім үштігінің бірлігі қажет. Біз ертеңге бірге барамыз. Санасында арман, жүрегінде қайраты жоқ жаннан ештеңе шықпайды. Біз араманға жол сілтейміз! Арман ұрламаймыз, бала бойына арман ұялатамыз. Себебі: біз ел болашағын кішкентайынан тәрбиелеп жүрген бағбанбыз.

Ақылгөй Жүсіп Баласағұн: «Адамның мінезді, білімді, болып өсуіне үш жағдай: қоршаған орта, достары, тәрбиеші ұстазы әсер етеді» деген екен. Өзімнің ар жолында, адамдық жолында, ауыр да, құнды жолда жүргеніме қуанамын. Қуанам да мәңгілікке жалғасқан, арманменен астасқан, мұраттарға бастатқан ұстаздық ісіме құлшына, мейірлене кірісем. Бір күні бір оқушым: «Мұғалім, мен де сіз сияқты екі тілде сөйлей аламын ба?» деп сұрады. – Иә, сөйлейсің, сөйлей аласың, ол үшін жақсы оқып, аянбай еңбек ету керек дедім. Ол мәз болды. Мен де қуандым. Шәкірттеріме сенемін, олар ойға алғандарына жетеді. Өйткені, олардың армандары – мемлекеттік тілді еркін меңгеріп,ел үшін еңбек ету. Сенім бізді болашақтағы армандарға жетелейді. Олар армандарына жетеді. Себебі: олар өздеріне сенімді, еліміздің болашағы. Біздің шәкірттеріміз елімізді гүлдендіретін, тіліміз бен үнімізді келешектің шыңына жеткізеді. Олар армандарды жүзеге асырады. Әрбір шаңырақта келешекке үмітпен қарайтын балалардың қаулап өсіп келе жатқаны тәуелсіз Қазақстанның мәңгілік ертеңінің кепілі деп білемін. Қазақстанның өсуі, болашағының жарқын болуы – қазақ тілінде және жас жеткіншектердің қолында. Осы жас жеткіншектерді жан-жақты дамыған тұлға етіп қалыптастыру, сол үкілі үміттердің түзу өсуі - ұстаз деген –ұлы есімге ие болып жүрген мына біздердің қолымызда.

Бала болашағы – елдің болашағы. Бала болашағы – менің қолымда! Барша ұстаздар солай түсініп, солай тәрбиелеуге міндетті. Бұл – менің ұстанатын басты қағидам.

ХХІ ғасырдың ұрпақтары ана тілін, тарихын біліп, қазіргі заманға сай озық біліммен қарулануы, отаншыл болуы керек. Меніңше, еліміз алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына енуі үшін – «кішкентай жүректерден», яғни бала болашағынан бастауымыз керек.

Бала болашағының бір тұтқасы менің қолымда екенін ойлағанда, бойымды мақтаныш сезімі билеп, өзімді бақытты сезінемін. Көкірегімді кернеп, қиялыма қанат бітірген мынадай жыр шумақтармен ойымды аяқтағым келеді.


Тек білімге жұмсап қуат күшін де,

Жас өркендер ҚАЗАҚ ТІЛІН құрметте!

Мен ұстазбын- нардың жүгі мойнымда

Мақтанамын сол тағдырым үшін де.


Мен өзімді мемлекеттік тілді үйретудегі мың қарлығаштың бірімін және бірегейімін деп білемін!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі