Мамандығым
- үмітім!
Адамның
жасына қарап емес,
мәдениеттілігі
мен біліміне қарай бағалауымыз керек
(с)
Уинстон Черчилль
Мектеп
партасында отырғанда «кім боласың?»
деген сұрақтарды көп еститін едім. Сонда
бала арманында шек бар ма? Қиялға батып
кейде бірнеше мамандықтарды айтып, мәз
болатынбыз. Мектепті бітіре сала жоғарғы
оқу орнында дәл сен қалаған мамандық
құшақ жая қарсы алардай көрінетін.
«Өмірде
өз орныңды табу үшін жақсы маман иесі болу
керек», дегенді де естігенім бар. Содан
болар жас қанат болып ұшарында «мамандық
таңдауда шатаспа», деп жатады. Қанатың
қатаймай өмір жолында қандай да бір
шешім қабылдау оңай емес екендігін
мойындау керек. Өйткені балалық шағыңда
сол мамандықтың тек қаймағына құштар
болатының сөзсіз.
Мамандық
– бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана
жасайтын ісі, ертеңгі болашағы. Әр
адам мамандығын өзі таңдауы және оған
құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық
таңдау үлкен жауапкершілікті қажет
етеді. Сонымен бірге, олардың
әрқайсысының өз ерекшеліктері де бар.
Сондай
ерекше мамандықтың бірі әрі менің
таңдауым – әлеуметтік
жұмыс маманы.
Әлеумет -
қазақ халқының дәстүрлі
түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында
қолданылған ұғым.
Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-жұраттан бастап,
ел-жұрт мағынасына дейін қамтиды.
Мысалы, халық ауыз
әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған,
әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде
әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын.
Әлеуметтану
(франц., sociologie – қоғам туралы ілім) –
бұл біртұтас жүйе ретіндегі қоғам мен
олардың тұтас қоғаммен байланысын
қарастыратын жекелеген әлеуметтік
тәртіптер, үдерістер мен топтар туралы
ғылым.
Әлеуметтанудың
шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады.
Бұдан мыңдағын жылдар бұрын грек
ойшылдары әлеуметтануға қатысты
мәселелермен айналысқанын байқаймыз.
Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы
ІY ғасырда өмір сүрген гректің ұлы
ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет
туралы» еңбектері мен Аристотельдің
«Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды,
салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара
қарым-қатынастарын зерттеп, оларды
қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын
одан әрі жетілдіруге бағытталған
практикалық ұсыныстар жасады.
Әлеуметтану
түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19
ғасырдың француз ойшылы Огюст Контпен
(1798-1857) алғаш рет қолданылды. Ол қоғамдық
өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік
аспектілерінде біліп тануға талпыныс
жасады.
Жеке
қасиеттері:
Шыдамдылық,
сабырлылық, коммуникациялық қабілет,
есте сақтау қабілетінің жақсы болуы,
байқағыштық, біліктілік, жылдам реакция
таныту, табандылық, тәртіп, ең бастысы
- жауапкершілік.
Әлеуметтану
ғылымының назарында:
біздің
өз мінез-құлқымыз;
біздің
мәдени деңгейіміз;
адам
еркіндігінің дәрежесі;
адамның
әлеуметтік институттардың ішіндегі
орны және т.б. туралы мәселелер бар.
Қазіргі
әлеуметтанудың негізгі
мәселелері:
Жағдайы жоқ әлеуметтік аз қамтылған
отбасыларға көмек, жетімдерге көмек,
мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек,
қарттарға көмек, асыраушылары жоқ
отбасыларға көмек, психологиялық көмек,
әр адамның қоғамдағы орнын көрсету.
Жұмыс
істеу орны мен мансап:
Халыққа
қызмет көрсету орталығы, мектептер,
әкімшілік, әлеуметтік орталық,
балабақшалар.
Менің
осы мамандықты таңдаудағы мақсатым –
қазіргі әлеуметтанудың негізгі
мәселелерін шешуге өз үлесімді қосу,
сол арқылы еліме, жұртыма пайдалы болу.
Қорытындылай
келе, «Шабытынды
шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын
қамал тұрған жерлерден жол ашады», - деп
атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбэлл
айтқандай, адам шың жүрегімен қатты
қалаған, талпынған ойы міндетті түрде
жүзеге асады деп ойлаймын. Ал ол үшін
талпыныс қажет. Алға талпыну – тыныштықты
жоғалту, бір орында қалып қою – өзіңді
жоғалту болып саналады. Одан соң болжау,
нақты қайда бара жатырсың, не үшін бара
жатырсың, соны болжап, нақтылап алып
болған соң ғана талпынуымыз керек. Ал
жетістіктерге қол жеткізу үшін, әрекет
етіп қана қоймай, қиялдауымыз да керек,
жоспарлап қана қоймай, сенуіміз керек.
Ең бастысы – сенім. Алға қойған мақсаттарым
үшін еңбек етсем, сол мақсаттарым
болашақта елім үшін қызмет ететін
болады. Мен оған сенімдімін. Маған және
Отаныма еңбек ететін мақсатты дұрыс
таңдағаныма сенімдімін!
Қолданылған
әдебиеттер:
А.
Жүсіпова Әлеуметтану негіздері
Ж.
Нұрбекова Сарыбаева И.С. Отандық
әлеуметтану тарихы
Ю.
Вишневский Социология