400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе: "Мамандығым- мақианышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығым мақтанымым атты эссе тәрбиеші деген кім оның балалармен жұмыс жайлы тәрбиеші мамандығының қыр қырлары туралы айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Хасенова Асемгуль Болатовна

«Балауса» бөбекжай- балабақшасының тәрбиешісі


Мамандығым– тәрбиеші



Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?!

Олай болса, уысыңнан шығарма.

Қатты тәртіп көрсе, бала күнінде

Өнерімен қуантады түбінде.


Тәрбиеші – жеке тұлғаны қалыптастырушы, тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, арманын қанаттандырушы тұлға.

Тәрбиешілерді «анамыз» деп айтқан сөзді естудің өзі бір ғанибет емес пе?!

Менің педагогикалық өтілімім 6 жыл. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.

Балалармен жұмыс жасау - үлкен бақыт екенін осы «Балауса» балабақшасына келгенімде түсіндім.

Шындығымды айтсам, тәрбиеші болуды армандамаған едім. Оқуымды аяқтаған соң балабақшаға орналастым. Жастық шақ, көптеген бүлдіршіндер-біреуілері жылайды, біреулері шулап жатыр.... қазір де есімде - мен осы 25 балаға қалай ие болам екен? қалай жинап аламын? Қалай ша жылап жатқан баланы уатам екен? - деген басыма көптеген сұрақтар пайда болды.

Ал, қазір... бәріде өзгеше. Балабақша есігін ашсам - «Бақытты балалық шақ» әлеміне түсетінімді түсінемін. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Тағы бір шындығымды айтсам, кейде жұмыстаң соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып балаларымның маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем шаршағаным ұмытылып та кетеді. Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашаң басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала-пәк, бала-тап-таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңіз! Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту-тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

Ұстаз-киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету-өте қиын шаруа. Бір рет отыз, қырық баламен сабақ өткізіп немесе шығармашылық жұмыс жүргізген адам ғана оны түсінеді. Тәрбиеші күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.

Мен жас өскіндерге арнаған осы уақыттарды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп есептеймін. Тобымда бүлдіршіндеріммен болған әрбір сағатым- мені жаңа әлемге енгізгендей болады. Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл-күймен келетінін ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!

«Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі - ата-анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбыларынан» - деп ұлы Абай айтқан. Жасыратын жоқ, қазіргі кезде ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдерді, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине, заман талабына сай, бірақ ең бастысы – адамгершілік, инабаттылық тәрбие – тәрбиенің бастамасы екендігін ұмытпағанымыз дүрыс. Қазіргі бас иіп, жақсы айтты деп сүйсініп, жаман айтты деп өкініп жүрген шет елдерден ғылым мен озық технологияларды алмасақ, үлгі-өнеге, жарасымды тәрбие алмайтынымыз анық.

«Өзгенің бақытын аялаған, өзінің уақытын аямаған» адам ғана тәрбиеші болып жұмыс істей алады. Ондағы жұмысқа уақытпен санаспай өзін ұстаз ретінде емес, тәрбиеші ана ретінде кірісуі абзал. «Жұмыс уақыты біткенше ғана тобымдағы балалардың өміріне жауаптымын» деп ойлайтын тәрбиешілер қателеседі. Тәрбиеші балаларды бауырына басып, басынан сипап, еркелететін жерде еркелетіп, ақыл айтып, жан дүниелерін түсінуге тырысса, олар да жақын көріп, анасы сияқты сырын айтып, өз балаңдай болуы күмәнсіз. Өзі де тәрбиелі, мәдениетті, әдепті болуы керек. Егер өзі өрескел мінездермен балаларға ұрыса берсе, оның талаптары көздеген мақсатқа жете алмайды.

Балалардың да мінез-құлықтары әртүрлі, ерке, шолжаң, бұзық. Қаншама тырысқанмен тәрбиеге көнбейтіндер кездеседі. Тәрбиешінің жұмысының алға басуы оның шеберлігіне байланысты екенін жақсы түсіндім. Бұл жерде А.С.Макаренко: «Балаларды тәрбиешінің сенімді әрі айқын білімі, білгірлігі, қолына келмейтіні жоқ ісмерлігі, жұмысқа әрдайым дайын тұратындығы қызықтырады» деп көрсеткен.

Тәрбиешінің шеберлігі-бұл балалардың ыңғайын табудың жаңа жолдарын іздестіру, оларға ықпал ету білу. Балаларға тәрбиелік ықпалдың тиімділігі олармен көбінде қарым-қатынас жасай білуіне байланысты. Бұл оңай емес. Басқалармен бірден ортақ тіл тауып, араласу қиын.

Меніңойымшатәрбиешініңміндеті – тәрбиеленушілердіқоғамдықөмірдеөзбетіменжұмысістеугедағдыландыру, өмірге, болашаққадегенсенімдерінбекіту.

Халқымыздамынадайсөз бар: «Лашынқұсқаауақадірлі, жүйрікатқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі». Шығысданалығы: «Бірбаланыадаметіпөсіргенше, біршаһаропатболады» дейді, яғнибірбаланыадаметіпшығаруүшінқаншашыдамдылық, жауапкершілік, ізденіс, уақыткерек. Сондықтанолардыңбілімді, тәрбиелі, ұлтжанды, халқынсүйетіназаматболыпөсуі – мен үшінүлкенмәселедепойлаймын.

Кішкентайбүлдіршіндерімніңкүлкіге баулу, ата-аналардыңбақыттыжүздерінкөру, қуаныштысезімдерінекиіну – мен үшінбұладамдарғаүлкенбақытәкелудепесептеймін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі