400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Мамандығым- мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім мамандығы жайлы жазылған ойым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы :Аймаханова Светлана Асылтурсыновна

Ақмола облысы,Целиноград ауданы, Қосшы ауылы,Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебі

Мамандығым –мақтанышым

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек.Өйткені ,әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі –бәрі ұстаздан білім алған.Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.Осы жерде Абай атамның ұстаз жайлы айтқан бір шумақ өлеңі ойға оралады:

Ақырын жүріп, анық бас

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Менің мамандығым –мұғалім. Осынау қызығы мен қиындығы мол мамандықты мен бала күнімнен армандадым.Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап даярлық сыныбында жүргенде алдыңғы партаға отырып алып, мұғалімнің сөйлеген сөзінен бастап, жүрген жүрісі, киген киімі, тіпті жұпар иісіне дейін мені қызықтырып отырушы еді.

1999 жылы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжді бітіріп келіп, сол жылы Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылындағы №162 орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым.Ең алғаш «Ұстаз» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды.

«Бала жүрегі –кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» -деп, М.Шаханов ағамыз айтып кеткендей ,әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.

Мен бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан балаларды дұрыс сөйлеуге, ойын еркін жеткізе білуге үйретіп қана қоймай, оларды қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, мемлекеттік тілді қадір тұтып, сыйластықпен қарауға үйретемін.Мұғалімге қойылатын жауапкершілік зор.Сонымен қатар бүлдіршіндердің соған сай үйренсем – білсем деген талаптары күннен күнге өсіп келеді.Мерекелік ертеңгіліктерде, үйірме жұмыстарында қазақ тілінде тақырыпқа сай тақпақ, жұмбақ, мақал- мәтелдерді жатқа айтқызып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға тырысамын.

Ұстаз бала алдында өзінің жүріс тұрысымен , киім киісімен, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен яғни барлық жағынан үлгі болуы қажет.Сонымен қатар ұстаз үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.

Ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

-Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

-Кәсіптік білім мен біліктілігі

-Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

-Ұйымдастырушылық қабілет

-Заманға сай жаңашылдық

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді.

Елбасымыз: «Біз білім- ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады»,- деген болатын. ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністермен ерекшелінеді.Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау , ой – өрісі жоғары дамыған , халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр мұғалімнің міндеті.

Қ.Р.Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Педагог мәртебесі туралы» Заңның маңыздылығы жайлы ерекше тоқталып өтті.Мақаладан үзінді келтіретін болсам:

«Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бастамалардың бірі.Бұл сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам. Жалпы кез келген қоғамда ұстаздың орны бөлек. Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады.Ұстазға құрмет көрсетіп, қадірлеу- бәріміздің міндетіміз.Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп,алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек.»

Ұстаз болу –жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу- адамның асылдығы,- деген Ғафу Қайырбек ағамыздың өлең жолдарын оқығанда , мен өзімді бақытты сезінемін.Өйткені мен мамандық таңдауда ешқандай қателескен жоқпын.Менің мамандығым- менің мақтанышым.Адам жанының бағбаны мұғалім болғаныма еш өкінбеймін.





Бастауыш сынып мұғалімі:Аймаханова Светлана Асылтурсыновна

Ақмола обл

Целиноград ауд

Қосшы ауылы

Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі