400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе. Мамандығым -мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығым туралы эссе. Жалпы тәрбиеші жұмысы қиын да қызығы мол жауапты жұмыс. Балабақшаға кіргенде бүлдіршіндердің жағымды үндері, сыңғырлаған күлкісі мені бір сергітіп, серпілтіп тастайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе: «Мамандығым – мақтанышым»


Адам өзінің болашақ мамандығына әр түрлі жолмен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, ал мен үшін ол – қайтып келмес арман болған. Менің бала күнгі арманым әскери адам болу еді. Өйткені жанұямда әскери адам болғандықтан, өскенде менде сондай болсам деп армандайтынмын. Бірақ ол кезде ол мамандыққа екінің бірінің қолы жетпейтін. Отбасымда әкем мәдениет үйінде ұлт аспаптар оркестрінде ойнайтын. Әкемнен дарыған болар менде өсе келе мәдениет үйінде ән айтып, ел аралап жұмыс жасадым. Кейіннен отбасылы болып, бала күтімімен үйде біраз отырып қалдым. Бір күні ойым өзгеріп, алдыма жаға мақсаттар қойып, Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжге түсіп, тәрбиеші мамандығын бітіріп шықтым. Осылайша тәрбиеші болып «Арай» балабақшасына жұмысқа орналастым.

Ең алғаш бөбектің сауат ашып, түстерді ажыратып, пішін айыра білуге, жаңа нәрсеге үйренетін орталығы – балабақша. Бұл ғимараттың ерекшелігі – ертеңгі ұрпаққа тәлім – тәрбие беруінде. Балабақшада тәрбиеленген бала белгілі бір тәртіпке дағдылана бастайды және оны заңдылық ретінде қабылдап, өзін бейімдейді. Мәселен, бала біріншіден күн тәртібіне бағынады. Уақытылы ас ішу, ойнау, теледидарды өз уақытымен көру, түскі уақытта ұйықтау секілді дүниелерді әдетіне айналдыра бастайды. Мұнан соң өзін – өзі ұстаудың қарапайым қағидаларымен танысып, оны сақтауды үйретеді. Сонымен қатар бала өз бетінше жұмыс жасауды меңгереді. Өз ойнаған ойыншықтарын ретімен жинап қоюға, қатарлас достарымен бірігіп ойнауға және өзінен үлкен адамдармен сыпайы сөйлесуге бейімделеді. Көңілді ойындар, қызықты ұйымдастырған оқу қызметіне, дамуына жағдай жасайды. Әрине осының барлығы тәрбиешінің тынымсыз еңбегі мен балаға деген махаббатының арқасында. Жалпы тәрбиеші жұмысы қиын да қызығы мол жауапты жұмыс. Балабақшаға кіргенде бүлдіршіндердің жағымды үндері, сыңғырлаған күлкісі мені бір сергітіп, серпілтіп тастайды. Күнде таңертең жұмысқа келгенде, балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге, жаңа құлшыныстарға жетелейді. «Баласыз үй – мазар, балалы үй - базар» деп ата – бабамыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр. Алдымызға келген балалар – біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жан дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузына шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жан дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузына шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда балалардың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз тәрбиешілердін еншісінде. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек бала ғана ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым – қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажеттігіне сенемдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның маған деген ыстық ықыластарын, тәтті қылықтары, сыңғырлаған дауыстары есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлеміне» бойласам ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен өз мамандығымды мақтан тұтамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
413
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі