400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Мамандығым-мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандықты таңдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен, Интымакова Айгул психология ілімінің құдіретіне, адам баласының жан дүниесін терең түсініп, өміріне ықпал ете алатын тылсым күшіне бас иемін. Бүгінгі қарама – қайшылығы көп, нарықтың алмағайып заманында әрбір адамның бір басына жетерлік қайғы мұңы, таусылмас проблемасы жетерлік. Немесе жеке өмірінде, отбасында жан күйзелісіне түсіп, қиналып жүргендер қаншама. Сондай сәтте оларға қол ұшын беретін, оның қайғы қасіретін, өкінішке толы мұң – зарын түсініп, бағыт – бағдар беретін, қиындықтан жол тауып шығудың жолын көрсететін психолог мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін.

Мен мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырамын. Бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес тұлғаның құқықтарын қорғауына көмектесемін. Білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік саласының үйлесімділігіне себін тигіземін және әлеуметтік бейімделе алмаушылық туындауы профилактикасы бойынша алдын алу шараларын жүзеге асырамын.

Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларын айқындайтын және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес беру) көрсету бойынша шаралармен жұмыс жасаймын. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды шешуде көмек көрсетемін. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностиканы жүргіземін.

Мен Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР "Білім туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" "Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді, қарым-қатынас жасау әдістерін, әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әдістерін, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби консультация берудің қазіргі заманғы әдістерін, баланың қалыпты және аномальді дамуын диагностикалау және түзетуді, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен ережелерін және санитариялық қағидаларды білуге міндеттімін.

Балабақшада қызмет атқарған жылдардағы тәжірибеме қарап отырсам әсіресе балаларға психологтар жәрдемі ауадай қажет.

Мәселен, отбасында ата – анасы балаға орынсыз жиі – жиі зекіп ұрса берсе, ол бала ешкімнен сүйеніш таба алмаған соң өмірден түңіледі. Өзін ешкімге керексіз санайды. Шарасыздық жайлап, қатты қиналады.

Балабақшада сондай жан күйзелісіне тап болған балаға әрине психолог қана жәрдем бере алады.

Егер бала қатты күйзеліп қалаған кезде оған тәрбиешісі немесе тағы басқа жанына жақын тұратын жандардың бірі оның ішкі жан дүниесін түсінбей тағы ұрсатын болса ... Мұндай кезде ашулы бала қыңыр болып кетуі де мүмкін.

Бір дана келе жатса алдынан тас тиелеген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатырсың?» - деп сұрайды дана одан. Ол: «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін» - деп жауап береді. Алдынан екінші арбаны сүйреген кісі шығады. Сондай сұраққа ол: «Не істейін ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін», - дейді. Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал, сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: «Мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» - деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқандары мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әртүрлі.

Міне, жақсы психолог пен жаман психолог деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға жауап тапқандаймыз. Ол өз қызметіңе, алдыңғы ісіңе, яғни балаға деген қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен.

Әсіресе психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ балабақшада психолог болып қалай болса солай қарым – қатынас жасауға мүлдем болмайды. Өз мамандығыңды сүйсең қайткен күнде де сол жұмысты сапалы, шығармашылықпен нәтижелі орындап, білмеген сауалдарға өзің ізденіп жауап табуға талпынасың. Керісінше, қызметке кездейсоқ келген адамнан бойкүйез, негізгі мәселеге салғырт мансапқор шығады.

Ұзақ тұрып әрең кезегің келе бергенде «Екі сағаттан кейін кел», - деп есікті тұмсықтың алдынан тарс еткізетіндер де бар. Оларды кезекте бірақ адам қалғаны, оның қандай кісі екені, мұқтаждығы ойландырмайды. Осындайлар туралы «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын», - деп халық тауып айтқан. Психолог маманға мұндай қасиет мүлдем жараспайды.

ХХІ ғасырдың нағыз психологы қандай болуы керек? Әрине ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш – жігерін, парасат – қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай – ақ психолог күнделікті өзінің көп қырлы еңегінде мазмұны әртүрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның шешімін табуға дайын болуға тиіс.

Сондықтан да психологты әр баланың жан дүниесін танып білуші және оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

Психолог болу – менің бала кездегі арманым еді. Баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Педагогикалық әдеп психологтың кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір психолог кәсібін айтпай – ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады.

Әр мамандықтың өз қиындығы бар, өз қызығы бар. Психологтың жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам кейде жұмыстан соң үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін.

Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді. Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала – пәк, бала – тап – таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңізші!

Осы еңбек пен жауапкершіліктің, балалармен қарым – қатынастың арқасында көптеген жетістектерге жете білдім. Атап айтатын болсам, 2014жылдың ақпанында балабақша ішінде «Үздік тәрбиеші» байқауына қатысып,ІІІ -дәрежелі дипломмен, 2015 жылдың сәуірінде «Ең үздік тәрбиеші» байқауына қатысып, ІІІ- дәрежелі дипломмен, 2017 жылдың қыркүйек айында Республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік «Алаш ұстазы» журналына өз материалымды жариялап, республика ұстаздарымен тәжірибемді бөліскенім үшін Алғыс хатпен марапатталдым.

Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру, психологиялық дамыту жұмыстары мен тренингтер өткізу менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Пәк көңіл балалармен қарым – қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Себебі, мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр педагогтың бақыты деп ойлаймын.

Эссе

«Мамандығым-мақтанышым»

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі