400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе Мамандығым-мақтанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық аудиторияға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мамандығым-мақтанышым»

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Абай.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өзінің жетінші қара сөзінде адамзат баласының бұл өмірге екі түрлі мінезбен келетіндігі туралы айтып кеткен. Біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам болса, екіншісі білсем, көрсем, үйренсем деген жан құмарлығы. Адам өскен сайын жан-жағын танып, біліп, байқап өне-бойына Абай атамыз айтпақшы, жан азығын жинай бастайды. Мектеп табалдырығын аттап жаңа өмірге аяқ басқалы отырған түлектің алдында «Кім болсам, қайда барсам, не істесем?» деген үлкен сұрақтар тұрады. Осы кезде болашақ мамандығыңды таңдау мүмкіндігі туады. Мамандық-сенің бүкіл өміріңді айқындап, қоғамда адам боп қалыптасуыңа, дүниеден өз тетігіңді тауып кірпіш болып қалануыңа тікелей септігін тигізетін сара жол. Ұлылардың бірі айтқандай бұл өмірде жар таңдау мен мамандық таңдаудан қателеспеу керек.

Осыдан он жыл бұрын менің де алдымда болашақ мамандығымды таңдау мүмкіндігі тұрды. Мен көп ойланбастан өзімнің алдағы өмірімді барлық мамандықтық атасы саналатын ұстаздықпен байланыстыруды жөн деп санадым. Үміт оты жанымды кернеп, жалындаған жастықтың буымен, сөмкемді арқалап Өскеменге жол тарттым. Өзімнің жоспарымды іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, қазақ тілі және әдебиеті мамандығы факультетіне оқуға түстім. Қазіргі уақытта мен жүрегім таңдаған мамандығымның арқасында, өзім қалаған білім ордасы- №2 Жаңа Бұқтырма орта мектебінің қабырғасында қазақ тілі пәні мұғалімі болып қызмет етіп келемін. Иә, арине, ұстаздық жол-ауыр жол. Қиындығы мен қызығы астасып жатқан, мол еңбекті, асқан шыдамдылықты талап ететін қызмет. Ұлағатты ұстаз-ең алдымен өз шәкіртін ойлайды. Шәкіртсіз ұстаз- тұл болғандықтан әрбір ұстаз қанатының астындағы оқушыларына өмірді, білімді үйретеді. Болашаққа жол сілтеп, оларды бағыттаушы да ұстаз. Ұстаз-жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегін гүлдендірер бағбан іспеттес. Ұстаз-қолына түскен тастарды әрлеп, сәндеп, зерделеп, ішінен ең асылын таңдап іске асыратын зергер сияқты. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін ұстаздан білім алады. Мемлекет тізгінін ұстаған ел ағалары да, көк аспанды бағындырған ғарышкер де, атағы жер жарған әнші, күйшілер де, небір ғалым, даналар да ұстаздың алдынан өткен. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бәрі бас иеді. Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский мектеп - қоғамдық тәрбиенің орталығы, ал мұның ең маңызды тұлғасы-мұғалім деп бағалады. Қазіргі жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші-білім деңгейімен өлшенеді. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаздың қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Міне, менің ұстаздық жайлы ішкі ойым осы. Ал енді өзімнің еңбек жолыма оралатын болсам, 24 жылдық тарихы бар №2 Жаңа Бұқтырма орта мектебінде сегізінші жыл қызмет етіп келемін. Біреуге көп, біреуге аз көрінер осы аралықта жүздеген оқушыға білім беріп, шама-шарқынмен жетелеп, аз да болса пайдамды тигізуге тырыстым. Әлі де болса шәкірттеріммен бірге өсіп, өркендеп, бойыма өмірлік сабақ алып келемін. Ұстаздық қызметте, шәкірттеріммен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеті болу керек екендігін түсіндім. Ұстаздың негізгі құралы-сабақ. 45 жыл бойы сабақ берсең де 45 минутына дұрыстап дайындалу керек. «Бала жүрегі-кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілті тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кез сол кілт тұру керек»-деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, бала жүрегіне жол табу, мамандығына деген сүйіспеншілікті ояту мұғалімнің қолында деген пікірдемін. Алдыма келген балалар-біреудің тұңғышы, кенжесі, біреудің жалғызы, енді біреуінің еркесі. Дегенмен де, мен үшін олардың барлығы тең дәрежеде. Менің ойымша, білім мен тәрбие қатар жүру керек. Егер де бір келешегі зор, сапалы, саналы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе ең алдымен оның тәлім-тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз шарт. Ұстаз болғандықтан мені оқушыларымның білімінен гөрі олардың тәрбиесі көп алаңдатады. Себебі менің түсінігім бойынша білімнің бастауы-жақсы тәрбиеде. Тәртіп пен тәрбие жоқ жерде білімнің де болуы мүмкін емес деп есептеймін. Қазіргі заманауи қоғамда, компьютерлендірілген заманда біздің жастарымыздың тәрбиесі бәсеңдеп қалған сияқты. Мен өзімнің сабақтарымда оқушыларыма тек қана білім беріп қоймай, меңгертіп отырған тақырыбым арқылы тәрбиемен де сусындандырып отырамын. Кез-келген тақырыптан тәлім-тәрбиенің көзін іздеп тауып бағыттап, ненің жаман, ненің жақсы екендігіне көп мән беремін. Бәлкім, оның бірден-бір себебі менің орыс мектебінде жұмыс істегенімнен болар. Өзге ұлт өкілдеріне жай ғана сабақ берумен қатар олардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, тілге деген құрметін, қызығушылығын оятуды да жоспарға ала отырамын. Орыс тілді мектепте қазақ тілін меңгерту біраз басқаша жүзеге асады. Кейбір оқушыларымның мемлекеттік тілге, ұлттық құндылықтарға деген көрқарасының бұрыс екендігін байқаған кезде жүрегім сыздап, қынжыламын. Бірақ, ештеңеге қарамастан оларды ұлттық нақышта, патриоттық рухта оқытып, тәрбиелеп келемін. Басқаларға белгілі бір тілді үйреткің келсе, сол халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениеті арқылы оқыт деген қағидаға сүйенемін. Өзім тәуелсіз елде өсіп, отандық білім, қазақи тәлім-тәрбиемен жетілсем де аса көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренконың педагогикалық идеологиясын ұстанатын адамдардың қатарынанмын. А.С.Макаренко қызметте табысқа жетудің бірінші қайнар көзі тәрбиенің мақсатын анық та айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес. Макаренконың ұжымдық теориясын оның айтуынша әрбір жеке тұлғаға әсер ету үшін ұжымға әсер ете отырып оның әрбір мүшесі болып табылатын жеке тұлғаға әсер етуге болады. Оқу мен тәрбие сол мұғалімнің сапалы сабағына байланысты болады. Әрбір сабақтың сапалы болуы-мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде деген екен.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінгі мұғалімдердің алдына үлкен жауапкершілікті жүктеді. Қазіргі күнде білім-ғылымға үлкен ден қойылып отыр. Ол дұрыс та шығар. Себебі әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуіне, бәсеге қабілетті ел болуына білім ошағының қосар үлесі зор. Президенттің көтерген Мәңгілік ел идеясын қолдау мақсатында қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ұлттық тәрбие, салт-дәстүрі қайта кең етек жаюда. Жиырма бірінші ғасырдың мұғалімі қандай болу керек? Қазіргі заманауи қоғам ұстазы-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, өнеге бастаушы, арманын көкке самғатушы. Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін тәлімгері де осы дәрежеге сай болу керек. Қазіргі таңда ұстаздардың біліктілігін көтеру мақсатында көптеген курстар ұсынылып жатқандығы бәріне аян. Басекеге қабілетті елу елдің қатарына ену жоспары тұр. Тәуелсіз еліміздің тізгіні- осы өскелең ұрпақтың қолында. «Ел боламын десең-бесігіңді түзе» демеп пе еді халқымыз. Бұл тұрғыда мұғалімдерге де көп жүк артылған. Әрине, сөзсіз, ұстаздардың алдына қойылған бұл талаптардың оңды жағы да бар шығар. Дегенмен де, жаман айтпай, жақсы жоқ демекші, менің кейбір жәйттармен келіспей жатқан тұстарым да бар. Мәселен, менің айтайын дегенім, не де болса қазіргі заман мұғалімдерінің жұмысы шаш етектен. Талаптармен қоса олардың арқасына жүктелген міндеттері де көптеп үйіліп тасталған. Оған қоса бітпейтін есеп-қисап, бума-бума қағаз. Қазіргі ұстаздар өзінің негізгі сабақ беру міндетімен қатар, полиция қызметкері, дәрігер, заңгер, прокурор, тіпті ата-ананың рөлін де атқарып үй аралап кетеді. Бұл ел ағаларының «Заманың түлкі болса, тазы боп қу» дегендері ме? Мүмкін менің пікірім қате пікір. Бірақ мен бұл білім қазанында қайнап жүрген мұғалім ретінде, жеке тұлға ретінде өз азаматтық көзқарасымды айтуға құқылымын деп есептеймін. Бәрін айт та, бірін айт, ұстаз қай дәуірде, қай заманда, тіпті қай дәрежеде болса да өзінің мәдениеттілігін, ұлылығын, қадір-қасиетін, мәртебесін жоғалтпауы абзал.

«Мамандығым- мақтанышым» атты тақырыпта өрбіген эссемді аяқтай келе, сөзімді жүрегімді жарып шыққан авторлық өлеңіммен аяқтағым келеді.

Мамандығым-мақтанышым бұл менің,

Өзіңменен бірге өсіп, түлеймін.

Мамандықтың арғы атасы саналған,

Ұстаздықтан басқа кәсіп білмеймін.

Жас ұрпаққа білім нәрін себемін.

Шәкірттермен бірге өсіп келемін.

Ұстаз деген ұлы тұлға бала үшін,

Бағыт сілтеп, тауып берер керегін.

Ұстаздардан білім алған дана да,

Ұстаз-үлгі, ұстаз-асыл, ана да.

Тәлім менен тәрбиеге баулыған,

Ұлағатты ұстаздарды бағала.

















Өмір деген қас- қағым

Көрерсің басқа жазғанын

Құлпырып бірде гүлдесең

Өшесің бірде

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
689
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі