жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Эссе: "Мамандығым-мақтанышым"
Эссе
«Мамандығым-мақтанышым!»
Мен үшін өмірімдегі ең қастерлі, әрі қасиетті мамандық ол – тәрбиешілік. Балабақшада тәрбиеші болу – кез келген өнер сияқты көп қырлы және ауыр еңбек. Әртүрлі жағдайларға байланысты тәрбиешінің түрлі рөлдерге жиі енуіне қажеттілік болып жатады: балалар үшін ол барлығын білетін ұстаз да, ойын кезіндегі жолдасы да, жан-дүниеңді түсінетін және қиын сәтте қол ұшын беретін жақын адам да. Тәрбиеші дегеніміз –балалардың ақыл сұрап баратын данасы, ересек досы.
Менің ойымша, жақсы тәрбие беру – бұл бақшадағы материалды меңгерудің жоғары көрсеткіштері ғана емес, ең біріншіден ол – балалардың қуануы, күлімдеуі. Баланы сүйе білу дегеніміз – ол көп ойлану, іздену, қандай да бір жаңа жолдарды ашу, керек десеңіз үйреншікті әдеттеріңді өзгерте білу. Педагог болу – біреуді де сүйе білу, және өзіңді де құрметтеу.
Бүгінгі таңда балабақшаның,
тәрбиешінің ең басты міндеті – рухани бай, жеке қабілеті дамыған
тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық
әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп-тамырынан нәр алып
жатады. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын
тәрбиелеудегі, мектепке дейінгі білім берудегі озық ұстанымдарымен
байланыстыра отырып, әр баланың, бүлдіршіннің қабілеті, ептілігі
мен дарындылығын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, болашағына
жол ашуына түрткі жасауымыз қажет. Тәрбиеші – маңызды тәлім-тәрбие
өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып,
арманына қанат бітіретін басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі
әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында бала-бақшаның
маңызы зор екендігі белгілі. Бала – адамзаттың болашағы
болғандықтан, мектепке дейінгі тәрбие саласында жасалатын жұмыстар
қыруар дегім келеді. Жаңа заманда мектепке дейінгі жастағы
балаларды тәрбиелеудің үздік жаңашыл тәсілдерін шеберлікпен
үйретудің ең сапалы траекториясын құру керекпіз. Өйткені, білім мен
тәрбиеміз заман талабына сай озық болса ғана өркениет көшінің
алдыңғы легіне ілесе аларымыз хақ. Өзімізді өзгелерге таныта
отырып, ілгері басуымыз керек.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның
бақыты – балада» деген екен. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе,
екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді.
Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз
бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың
жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің
мәні – өз ұрпағы.
Елбасымыздың салиқалы саясатын іске асыру үшін өзіміздің жан-тәнімізді де, күш-жігерімізді де, сүйіспеншілігімізді де, өмірге құштарлығымызды да аянбай, бере білуіміз қажет. Бұл жерде, әрине, оларға өз бойындағы жақсылықты ғана дарытқан жөн. Өйткені, тәрбиеші – адамды жасаушы адам. Ол табиғаттың таңғажайып құбылысын – баланы, өзінің нұрлы ақылымен, жылы жүзімен тәрбиелейді. Болашақ үшін қызмет ету – парасаттылық, ал парасаттылық – сен адамдарға, қоғамға, халқына, бала өсіріп отырған әрбір отбасына әкелетін қуаныш.
Балабақшадан бастап, тәрбиені түрлі өнермен, мысалы, музыка сабақтарымен ұштастырған жөн деп есептеймін. Балалардың жан-жақты болып дамуы өте маңызды. Сол болашақ жеткіншек үшін әрбір тәрбиеші тынымсыз еңбек етуге борышты. Жапон халқы озық технологияны меңгеруден бірінші орында тұрған мемлекет. Дәл сол жапондықтар бүлдіршіндерді аспапта ойнауды екі жастан бастап үйретіп, өнерге баулиды, ал кез келген жапондық баласы екі жаста-ақ скрипка аспабында шағын этюд ойнай алады екен. Бұл, әрине, бала тәрбиесіндегі үлкен жетістік. Айтайын дегенім, елімізде бала оқыту барысында дамыған елдердің үздік технологияларынан қажеттісін алып, тәрбиешілердің күнделікті тәжірибесіне енгізу тәрбие қызметіндегі көптеген жақсы өзгерістерге әкеліп жатыр.
Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі – қазақ халқы. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлылық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрге ұрпақтарының салауаттылығы, білімділігімен де өлшенеді. Шығыстың ұлы ғаламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Біздің халық жас бүлдіршіндерді адамгершілік әдетке баулығанда, оның санасына дұрыс салмақ салуға көп көңіл бөлген. Сана арқылы адамның дүниетанымы, өмірге көзқарасы, рухани мәдениеті қалыптасады. Осындай ізгі қасиеттерді баулу үшін тәрбиеші бала көңілінен су ішуі керек.
Балабақшада жұмыс істеу кезінде мен өз мамандығымды таңдағандығыма ешбір күмән келтірмедім. Менің ойымша, тәрбиеші – өте қызықты мамандық: сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді, ал мен болсам, олардың өмірімен бірге өмір сүремін, табыстарына қоса қуанамын. Мен шығармашыл болуға ұмтыламын, сондықтан да болар, маған тек балалар бауыр басып қана қоймай, олардың ата-аналары да жиі келіп жатады. Біз олармен бірігіп, әр баланың балалық шағын бақытты ету үшін көп күш саламыз.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген