400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Мамандығым-мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір адам дүниеге есігін ашқанда оның бойынан кездесетін туа біткен қасиеттер, өсе келе қалыптасатын қызығушылығы, армандары мен мақсаттары оның болашағын қалыптастырады. Адам өмір бойы жан-жағына қарап саралап, сабақ алады, алға қарай жылжиды, армандарына ұмтылады, сол арқылы тағдырын өз қолымен жасайды. Ұлы Абай атамыздың «сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген өлең жолдары ойыма әрдайым оралады. Бала кішкентайынан «мен кім болам?» деген сұрақпен өмір сүреді. Өзін әртүрлі мамандық иесіне балап, қызығып, арманының алғашқы қаңқасын құра бастайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Мамандығым- мақтанышым

Әрбір адам дүниеге есігін ашқанда оның бойынан кездесетін туа біткен қасиеттер, өсе келе қалыптасатын қызығушылығы, армандары мен мақсаттары оның болашағын қалыптастырады. Адам өмір бойы жан-жағына қарап саралап, сабақ алады, алға қарай жылжиды, армандарына ұмтылады, сол арқылы тағдырын өз қолымен жасайды. Ұлы Абай атамыздың «сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген өлең жолдары ойыма әрдайым оралады. Бала кішкентайынан «мен кім болам?» деген сұрақпен өмір сүреді. Өзін әртүрлі мамандық иесіне балап, қызығып, арманының алғашқы қаңқасын құра бастайды. Мен де бала кезімде көп ойлап, армандайтынмын, осы кезде сол арманымның бір сатысына жеткеніме қуаныштымын. Ұстаз болуды кішкентайымнан армандадым, осы мамандықты таңдағаныма өмірімнің соңына дейін ешқашанда өкінбек емеспін. Ұстаз болу дегеніміз не? «Ұстаз болу - жүректің батырлығы» -демекші, ұстаздық жолын таңдаған әрбір адам ол бірінші кезек - батыр деп есептеймін, қан майданда соғысып жан тапсырмаса да, қасық қаны қалғанша жаумен тайталаспаса да, ілімімен, тәжірибесімен қаруланған ұстаз білім атты биік шыңға жеткізу үшін шәкірттеріне қараңғы жолда жеті қарақшыдай жанып, жол көрсетіп, сол шыңға жеткізеді. «Шәкірт – біліммен толтыратын бос құмыра емес, ол жануға дайын тұрған шырақ, ал ұстаз шырақшы ғана...». Қызығы мен шыжығы мол осынау мәртебелі мамандықты кез-келген адам таңдай алмайды. Тек бұл мамандықты шын жүрегімен жақсы көріп, мол жауапкершілікті сезіне білген адам ғана таңдайды.

Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты, жаны таза, рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын, адамның өзі де қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін ұстаз, мұғалім. Әрбір ұстаз оқушыларының шырағын жағу үшін ең алдымен үлкен жүректі батыл болу керек, екінші баланы жақсы көру керек. Одан кейін білімді, жан-жақты болу керек. «Асықпай жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға, ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай білімді, білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Басқа мамандықтармен салыстыруға келмейтін, сыры көп, сыртқа әлі шықпаған, киелі мамандықтардың бірі. Еліміздің тұңғыш президенті кемеңгер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтын тағдыры ұстаздың қолында» -деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру - ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Сондықтан біздер, ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек. Осындай жауапкершілігі мол жұмысты орындау - әрбір ұстаздың қасиетті парызы.

Мен де өз Отанымның алдында қасиетті парызымды орындау үстіндемін. Ұстаздық жолын таңдап, құдіретті қазақ тілінің маманы болуды тағдырым шешті десем қателеспеймін. Орналасқан мектепте сара жолын салған нағыз майталман мұғалімдерді көріп, солардан ақыл-кеңес алғаныма бақыттымын. Үйретері көп нағыз тәлімгерлерім де бар, жас маман болып келіп, қазіргі таңда санаты бар мұғалімге айналдым, сол үшін де алдымен тағдырыма басымды иемін. Қазақ тілі мен мен әдебиет пәнін таңдауымның себебі де сан ғасырлық тарихымыздан белгілі қазақ тілі - рухты тіл, бұл тілде ата-бабаларымыз бай ауыз әдебиетін қалыптастырып, бізге үлкен қазына ретінде аманат етіп тастап кеткені. Талай аузы дуалы билер мен шешендер, хандар мен төрелер қайсар, отты тілімен талай соғысты, дауды жеңіп отырғаны тарихымыздан белгілі. Осындай құдіретті тіліміздің тарихын, әлемді таң қалдырған ауыз әдебиетімізді оқушыларға үйретпеу мен үшін қылмыспен тең.

Ал екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім…- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқан осынау өлең жолдары менің ойыммен пара-пар. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып оқушыларды білім нәрімен сусындатып, әрбір шығарманы оқи отырып оларды сол ғасырға түсіріп, кейіпкермен беттестіріп, автормен тілдесіп, бейтаныс сезімдерді сезіндіруге үйретемін. Әрбір өлеңді оқи отырып сұлулықты тани білуге, сүйе білуге дағдыландырамын. Қазақ тілін оқыта отырып, оның тарихы мен қоса оның қадір-қасиетін ұғындыруға үлес қосамын. Оқушылардың көзінен көрген кішкене ғана ұшқынды лаулатқым келеді, заңғар жазушылар мен ақиық ақындармен ары қарай таныстырып белгілі бір толқында қалғып бара жатқанын байқағым келеді. Әрине ол барлық балада байқалмайды. Бірақ сол сыныпта отырған бір баланың жетістігіне мен іштей қанаттанып отырамын. Оларды құстар тізбегіне елестетіп, басқа балалар да осы тізбекке ерсе екен деп армандаймын. Болашағынан үміт күттіретін оқушылар да аз емес. Кейін атақты жазушы, ақын болады-ау дегін үміт те бар менде. Бірақ сол үшін мен аянбай еңбек етуім керек екенін түсінемін. Мектептің, сыныптың білім жарығымен жарқырап тұрғанын көру өзімнің кішкене ғана үлесім деп білемін. Мен мектепте баланың шырағын жағу үшін жүргенімді түсіндім, дәл солай барлық ұстаздар жаққан әлемдік сәулеге өз үлесімді қосып жүргеніме мақтанамын. Мамандығым - менің мәңгілік мақтанышым!


Ергалиева Жазира Султангалиевна

Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы

№272 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
1127
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі