400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе: "Мамандығым-мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр тұлға бала кезден " кім боламын?" ,-деген сұрақпен жүреді. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілік. Өз і қалаған мамандық иесі болу,басқа нәрсе. Өзің сүйіп айналысатын істен тек ләззат аласың.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым- мақтанышым

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы

Ғафу Қайырбеков

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі,»- деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай дүниедегі мамандық атаулының төресі - ол ұстаздық. Мұғалім - барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін, білім нәрімен сусындататын жан. «Мұғалім мамандығы- барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан болмайды.

Қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім -мектептің жаны» деп бағалаған. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ сияқты. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Ұстаз болу - жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз- білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.

Ұстаздар жайында Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші жан - Ұстаз. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Сондықтан, мамандығым- мақтанышым.

Мен 2019 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Математика» факультетінің «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атандым. Содан бері қаладағы білім беру орталықтарында сабақ беріп келдім. Осы 2021 жылы Жезқазған қаласы № 13 орта мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, ұстаздық қызметімді орындап келемін. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңіріп келемін.

Математика пәнінің мұғалімі екенімді мақтан етемін. Себебі математика- ғылымдардың атасы. Себебі, ұстаз болу-жай мамандық емес. Ұстаздық-қызық та бейнеті көп мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, шыдамдылықты мейірімділікті қажет ететін мамандық та- ұстаздық мамандық. Себебі, мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. Мұғалім- үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, үйренсем, білсем, таныссам деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, өз еңбегімнің жемісін көріп, мектеп деген үлкен өзенде жүзіп келе жатқаным өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден, өз мамандығымды сүйдім, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз істеріме сүйсіндіре білу- негізгі мақсатым.

Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Сондықтан, ұстаз өз мамандығын, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйе отырып, осы іске деген қызығушылықпен, әрбір ізденіс, әрбір іс- қимылымен тек оқушыға, оның біліміне, оның болашағына ғана арнаса, ақылды да алғыр, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелейтіні анық. Сондай тұлғаны тәрбиелейтін менің мамандығым - әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан, мен мамандығымды мақтан тұтамын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі