Материалдар / Эссе Мамандығым мақтанышым.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Эссе Мамандығым мақтанышым.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығым мақтанышым. Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2022
1852
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мамандығым - мақтанышым


Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандыңын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сонымен бірге, олардың әрқайыссының өз ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі – мұғалім дер едім. Ұстаз баланы оқытып, тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын ақ халатты абзал жандар – дәрігер мамандығының ерекшелігі, олар ауырған жанның тәнін ғана емес, ішкі жан дүниесін де емдейді. Мамандық таңдау – бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз.

Қазіргі кезеңде мамандықтар мен кәсіп түрлері өте көп. Әр мамандықтың өзінің ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, сондықтан оларды басты және болмашы деп бөлуге болмас. Әрқайсысының өмірде өз орны, өзіне тән белгісі бар.

Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы – жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.

Ұстаздық мамандықтың ерекшелігі тек оның оқушыға білім беретіндігінде емес, біз балалар үшін барлық жағынан үлгі боламыз. Осы басты мәселе. Біз жұмысымыздың, біліміміздің, шеберлігіміздің үнемі елге, халыққа қажет екендігін, ертең бізден білім алған әрбір адамның үлкен, дербес өмірге қадам басатынын ұмытпағанымыз абзал. Барлық адам, президенттен бастап қарапайым жұмысшыға дейін, ұстаз «жасаған өнім».

Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болу қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Өзімнің алдағы төрт жылғы іс – тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде оқушыларымның білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмыс жобамның негізінде оқушыларымның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім. Мектепішілік, аудандық білім мен тәрбие жұмыстарын жүйелейтін реитінгілер мен байқауларда жүлделі орындарға ие болдым(жетістіктерім слайдта көрсетілген). Дегенмен менің мамандығымда мен білмейтін қыр сыры әлдеқайда көп екен. «Білетінім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз», деп осы мамандықтың бір ұшын ұстап жүрмін. Бастысы бұл мамандықты сүйіп атқарып келемін және маған өзгелердің көзінде білімге деген қызығушылық шамын жағу қызық.

Биология мұғалімі де «жасаушының» бірі, алдыңғы қатарлысы десе де болады, себебі осы ғылымның, пәннің ерекшелігі солай. Біз басында айтып өткендей, адамның «мазмұнының» негізін құрайтын дүниетаным, адамгершілік және имандылық тәрбиеде биологияның орны ерекше.

Өмірді, тіршілікті оқыту оңай ма? Кез келген кітапта, көрнекі құралда, тірі ағзалар жөніндегі киноларда өмірді көрсете ала ма? Жоқ! Өмір дегенді, оған жақындамай, ұстамай қалай түсінуге болады? Кез келген тірі нысанды оқуда оның өмір деп аталатын үлкен айдында басқалар сияқты бір нүкте екенін өзіміз ұға, түйсіне аламыз ба? Бөлшектерін оқып, тұтастығын түсінігіміз келеді. Тіршілікті, өмірді біртұтастықта қабылдауға тәрбиелеу – биолог-ұстаздың ең басты парызы.

Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сирек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын

идеялық – адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлілігі мен қабілетін өздігінен еркінен дамуын ұйымдастыра алатын, және ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар әр шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс. Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технология пайдаланады. Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс. Сөйтіп, өмір талабының артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый – құрметіне бөленбек.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!