400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Мамандығым-мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
технология пәні мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мамандығым – мақтанышым.

(эссе)

Әр ана өз баласын өмірдің бұрылысы мен қақтығысында қапыда қалмау үшін оған әрдайым қол ұшын созып, тура жолға бағыттауды көздеген, жақсылық нұрын таратуға үлесін қосуға атсалысып жүрген кереметтей мамандық иелері бар. Осындай қымбатты мамандық иесі ол – мұғалім. Мен өзімнің мектеп қабырғасында оқыған кезден бастап, анамның қол еңбегіне деген құштарлығымды оятуда зор ықпал етуінің арқасында осы қолөнерді, яғни технология пәні мұғалімдігінің жолын таңдадым. Себебі атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық қолданбалы өнердің өзі мәдениетіміздің дамуына ықпалын тигізеді. Пәнім бойынша өткізген әрбір тақырыпты түсіну және тапсырманы орындау оқушының зеректігіне, шеберлікке ғана емес, мұғалімнің тапқырлығы мен түсіндіре білуіне де байланысты. Егерде оқушы пәнге ондағы тапсырмаларға қызығушылығы болмаған жағдайда пәнін сан түрлі әдіспен үйретіп, ұғындыра білуі қажет. Ол үшін күн сайын әр тақырып бойынша, мысалы: бисер, кесте, гобелен, т.б типті өзім білмеген мәліметтерді ақтарып, оны оқушыларға жеткізудің сан түрлі тәсілді меңгертуге тырысамын.

Мұғалім жаны шығармашылыққа толы, ал шығармашылық жұмыс әрдайым рухани азық іздеп отырғандығы жасырын емес.

Мектептегі алғашқы мұғалімдік жылдарым басталғанда, тәжірие жинау жолында маған анам сол кезде кітапханашылық қызметте болғанда және өзімнен жоғары аға буынның көп көмегі тигені рас. Жас мұғалім ретінде маған тәрбие ісін жүргізуде, оқу процесінде де үйреткендері шексіз. Мектеп қабырғасында тәрбиеленетін әр оқушы сынды менде осы мектептен жеке тұлға ретінде қалыптасуыма ұстаздарымның орны ерекше.

Ұстаз еңбегі - оқушы білімі мен жетістігімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушының жүрегіне жол таба білуі. Оқушылар жақсы мен жаманды, пайдалы мен пайдасыздың не екенін оқып білгенімен, шын мәнінде қалай болатындығын айналасы арқылы танып біледі. Осы жолда оның ата-анасынан кейінгі үлгі тұтары біз болатынымызды ұмытпауымыз керек.

Мен оқушыларымның мен арқылы көп ізденістің арқасында технология пәнінің қыр сырын ұғынып, қолөнердің тек мектеп қабырғасында түрлі сайыстардан жеңуге мүмкіндік беріп қана қоймай, болашақ келін, ана ретінде де өмірлік жоғалмайтын өнер екенін ұғындырып қана қоймай, адам деген атқа лайық болуды үйренгенін қалаймын. Бәлкім барлығы бірдей қолөнерді маңыздылығын түсіне қоймас, бірақ олар еңбектену мен ізденудің арқасында жақсы адамның қандай болатындығын ұғыну қажет. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерім мені маман ретінде дамуға ғана емес, мұғалім ретінде өзімді тануға итермеледі. Оқушыларымның адал көңілінен кейін ғана қаншалықты осы мамандықтың мен үшін қажет екендігін, жақсы көретіндігімді сезіне бастадым. Қазіргі заман мұғалімі ретінде түсінген басты қағидаттарымның бірі осы болды. Өзімнің мойнымдағы мұғалім деген ауыр жүктің салмағын сезіндім, енді алдағы уақытта да дәл осы атқа лайық болу үшін еңбек етемін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі