400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Эссе "Мамандығым мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал кез-келген оқушыға, студентке қажет болады, мамандық тақырыбында қысқыша эссе жазғанда қосып жазар кқмекші құрал ретінде пайдаланса болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе.

Мамандығым - мақтанышым!

Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …



Алтын ұя мектебім мен қоштасар сәттен бастап, қай мамандықты таңдауым туралы көп ойландым. Дегенмен мұғалімнің ыстық ықыласы мені мұғалімдік мамандығын таңдауға жетеледі. Шындығында  мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  деп  қалай  дәл  тауып  айтқан. Ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары  анық.

Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі — бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім  алған,  сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

Қиындығы  да, қызығы  да  жетерлік, ең  бастысы  —  жауапкершілігі   жоғары  мамандықтың  бірі  ұстаздық  ету  екені  ақиқат. Өйткені  бұл  мамандық  иелерінің  мойнына  ешнәрседен  хабары  жоқ, мыңдаған  тарыдай   ғана   бүлдіршіндердің   бойына  білім  нәрін  сеуіп, тәрбие  ұрығын  егіп,  таудай  азамат  етіп  шығару  міндеті  жүктелген. Сондықтан  басқа  мамандық  иелерінің  баршасы да  ұстаздарға борыштар деп  ойлаймын.

Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зерттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

Сондықтан да мұғалім оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай, ал оқушы оқыған тақырыптары бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге арнап ұйымдастыра алатындай деңгейге көтерілуі керек деп ойлаймын.

Қорыта айтқанда, Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігін сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашан да қиын жауапты екені белгілі.

Қорыта келгенде, осындай  жаңа  даму  үрдісі  ал­ға  басып  отырғанда  Елбасы Н.Назарбаев  «Болашақта  еңбек  ет­іп,  өмір  сүретіндер  – бүгінгі  мектеп оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде болады.  Сондықтан  ұс­тазға  жүктелетін  міндет  ауыр» – деген  еді.  Біз  осы  сөзге  сай  болуымыз  керек.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі