эссе. "Маманның құзыреттілігі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

эссе. "Маманның құзыреттілігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандық адам өмірінде ерекше орын алады. Себебі адам өмірлік жоспар құрғанда өзінің қандай адам ретінде, қандай маман ретінде қалыптасатынына үлкен мән береді. Болашағыма жоспар құрған кезде таңдайтын мамандығымның маңызы қандай, елім үшін, қоғам үшін берері не деген үлкен сауал туындайды. Бұл сауалға жауап іздей келе, еңбекке баулу және технология пәндерінің мұғалімі болуды жөн көрдім. Себебі ұлттық мәдениетімізді ұлықтау, жүйелеу, тамыры терең жайылған қолөнерімізді ұрпаққа жеткізу технология саласы бойынша жүзеге аспақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Маманның құзыреттілігі

Дамыған технология заманының,

Білім қуған құзырлы маманымын!

Мамандық адам өмірінде ерекше орын алады. Себебі адам өмірлік жоспар құрғанда өзінің қандай адам ретінде, қандай маман ретінде қалыптасатынына үлкен мән береді. Болашағыма жоспар құрған кезде таңдайтын мамандығымның маңызы қандай, елім үшін, қоғам үшін берері не деген үлкен сауал туындайды. Бұл сауалға жауап іздей келе, еңбекке баулу және технология пәндерінің мұғалімі болуды жөн көрдім. Себебі ұлттық мәдениетімізді ұлықтау, жүйелеу, тамыры терең жайылған қолөнерімізді ұрпаққа жеткізу технология саласы бойынша жүзеге аспақ.

Атадан балаға мирас болып келе жатқан қолданбалы өнердің өзі ұлттық мәдениетіміздің дамуына ықпалын тигізеді. Адамның эстетикалық сезімін және әсемдікті түсіну қабілетін дамыту, өнерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін оятуда еңбек, өнер, бейнелеу өнерінің орны ерекше. Жасалатын бұйымның,салынатын ғимараттың, тігілетін киімнің технологиясын білмей оны жүзеге асыру мүмкін емес. Барлық істелетін іс технология саласында өтеді.

«Ұлттық бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік деңгейімен анықталады». Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін әрбір адам өз мамандығы бойынша кәсіби құзыретті болу керек. Әсіресі «Технология» пәнінің маманы ерекше құзіретті болу керекдеп ойлаймын. Себебі адам еңбексіз өмірін қалыптастыра алмайды.

Қазіргі таңда Жалпы білім беретін Сырым орта мектеп-балабақша кешенінде өз кәсіби құзыреттілігімді жетілдіріп, талабымды қайрап, шыңдалып жатқанымды мақтан тұтамын.

Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруда компьютермен жұмыс жасаудың маңызы зор. Заман басқа, ағым басқа, көп нәрсе техниканың күшімен істеледі. Компьютермен және интернетпен жұмыс істеуменің суретсалу, түстік шешім табу, әсемдеу, интерьер бейнелеу, үйлесімділікті таба білу өнерімді шыңдайды. Сабақ өткізуде оның көмегі шексіз. Қарапайым таратпа материалдар жасаудан бастап, бұйымдар, олардың тарихы, жасалу кезеңдері мен технологиясын анимация көмегімен жанжандырып жіберу қиындық келтірмейді. Сол сияқты интернет арқылы әлемнің әр түкпіріндегі түрлі галереяларды аралау, ұлы әлем суретшілердің шығармаларын оңай тауып, тамашалау, қажетті энциклопедиялар мен анықтамаларды қарау оқушылардың қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Осы мүмкіндіктерді мен әрдайымөз сабақтарымда қолдануға тырысамын.

Коммуникативтік құзыреттілігім оқыту процесінің педагогикалық-психологиялық заңдылықтарын меңгеру арқылы шыңдала түсуде. Сабырлы, эмоциялық тұрақты болу, сөйлей және тыңдай білу, тез тіл табысу қасиеттерім оқушылармен, мектеп ұжымыммен және достарыммен қарым-қатынаста қиындық туғызған емес.

Қоғам қажеттілігіне және нарық талаптарына сәйкес білікті, бәсекеге қабілетті маман болу үшін алдыма қойған мақсатыма жетуге, жоспарлы жұмыс істеуге, жан-жақты, белсенді болуға, өз әрекеттерімді басқаруға тырысып бағамын. Бұл менің өзін-өзі басқару құзыреттілігімнің қалыптасқанын көрсетеді.

Технология - барлық мамандықтың негізі, себебі «Бақыт кілті- еңбекте». Еңбек – қоғамның экономикалық байлығын арттырудың көзі.

Еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтидесінде қалыптасқан білім мен білік – болашақты дамытатын сенімді құрал. Қазіргі таңда қазақтың қолданбалы қолөнерінің оқушыларға беретін тәрбиелік мәні зор болмақ. Осы мақсатта қоғам қажеттілігі мен талаптарына сай білікті, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті маман болатыныма сенімдімін.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1283
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі