400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

'Эссе "Мәңгілік Ел – біздің ізгі мұратымыз."

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, оқушыларға шығарма жазу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мәңгілік Ел – біздің ізгі мұратымыз.



Саттыбаева Гүлбану Сапарғалиқызы

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

физика-математикалық лицей»




     Әрбір адам өз елінің пендесі, бір тал шөп шықса да сол пенденің үлесіне жаратқан алланың сыйы екен, өз елімнің бір гүлі ретінде жапырағымды жайнатар сөз тарату менің де мәңгілік ел болар елім үшін қосқан үлесім деп білемін.

 

           Мәңгілік ел –бұл мен үшін қазақтың өткен тарихы мен бүгінінің жалғасын тапқан телегей теңіз шежіресі. |Өткен тарихымызға үңілер болсақ, біз қиындыққа төзе білген, ауыртпалықты жеңе білген, өткеніне өжеттілік танытып,бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деп кешегі тарихын, тіл арқылы бүгінге жеткізе білген, сол арқылы бүгінгі ұрпағын намысшыл,өжет, ерлігі мен елдігін ойлайтын етіп тәрбиелей білетін, болашағына сене білген нар қазақпыз. 550 жылдық тарихты бүгінде бір ауыздан, бір баладай танып, сол тарихымыздың жақсылығын асырып, ұрпағымызға жеткізуіміз кешегі өткен бабаларымыздың орасан зор еңбектерінің жемісін татуымыз деп танимын. Бүгінде тәуелсіз еліміздің терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік, тарихы танулы, ол біздің бабаларымыз Керей мен Жәнібектің қалап кеткен іргетасының құламай, жанданып жаңаруының арқасы. Осы ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігіміз еншімізгі тиіп, мәңгілік ел атануымыз елбасымыз жасап отырған игі әс десем қателеспеймін. Елбасының биылғы Жолдауда айтқан «Мәңгілік Ел» идеясы да осыдан туындаған деп ойлаймын.«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент. Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы тағы бір данамыз Асан қайғының осы тектес идеясымен де астасып жатыр. Бұл – «Жерұйық» идеясы. Бұл да- өте терең,ғажап идея.Халқының болашағын ойлап,ел аласы,ру таласы болмайтын жер іздеуі баяндалады.Елбасы Жолдауында ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын Асан қайғы армандаған «Жерұйық» идеясының жалғасы деп қарастыруымызға болады. Сөйтіп,Қазақстан халқының, дәлірек айтқанда, қазақ халқының ұлттық идеясы анықталды.Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Алтын Күн шуағын шашқан Көк байрағымыздың астында қазақ қана емес, 130 ұлттың өкілдері береке-бірлікпен тату-тәтті өмір сүруде. Елбасы:«Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ. Бізге бабалар тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады», деді. Сонымен бірге Қазақстанды Мәңгілік елге айналдырудың жолдары,түрлі иірімдері мен тетіктері,кезеңдері нақтыланып көрсетілді. «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы», - деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып,орын алатын тәуелсіз мемлекет құру еді.Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтүні түзу ұшқан,ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болуы еді.Осы армандар ақиқатқа айнала бастады.Мәңгілік елдің іргетасы қаланды.Ендігі жердегі Қазақстан дамуының мақсатының бастысы – ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.Бұл – аса биік,астамшыл мақсат.Бірақ оны ендігі жерде ешкім қиял деп айта алмас,себебі біз аз уақыт ішінде талай жоспарларды шындыққа айналдырдық.Күні кеше, бұдан 25 жыл бұрын бізде ұлттың экономикасы да,қазіргідей қалыпты мемлекет те,заңдастырылған шекара да болмаған еді.Қазір бұлардың бәрі бар.Қазақстанда қазір көшбасшы ұлттармен тең дәрежеде өмір сүріп отыр.Біз өзімізді оларға мойындаттық.Ендігі олар бізбен санасатын болды.Дана халқымыз: «Қиындыққа мойыма,ұмтыл-дағы іспен жең.Мақсатсыз жан өмірде қанаты жоқ құспен тең»деген.Тілекжан Хасенұлының айтуынша,дамыған елдерге тән ерекшелік – халқының, азаматтарының рухы ояу,асқақ болады.Олар өздерін ешкімнен кем санамайды.Олар басқаны сыйлайды,басқалармен санасады,басқалардан үйренеді,сонымен бірге өзіне де сенеді,өзін де мақтан тұтады.Дамыған елдің адамы – нағыз патриот: өз елін,өз жерін,Отанын сүйеді,өз тілін,дәстүрін,әдебиетін,тарихын біледі,қадір тұтады.Елбасымыз қазақстандық патриотизм туралы,әрбір азаматтың патриоттық сезімін ояту,қалыптастыру туралы тектен-тек айтып жүрген жоқ.Патриотизм біздер үшін – қуатты күш,қосымша инвентиция.Оның негізінде рух,намыс жатыр.Қазіргі ел аузындағы Мәңгілік ел, Нұрлы жол деген тіркестер бейнелі түрде кездейсоқ айтылған емес.Бұл-қазақтардың ғана емес,бүкіл қазақстандықтардың таяу жылдардағы бетке ұстар идеясы,өмірлік нысанасы.

Мен өз ойымды жүрекжарды жырыммен түйіндегім келеді.

Арман болған кеше ата-бабама,

Мәңгілік ел бүгін менің қолымда,

Тарих танып, өткенімді бағалап,

Тағзым етем салып берген жолыңа.

Мәңгілік деп мақтан тұтам елімді,

Ұлан –байтақ әлем білген жерімді.

Батырларым сенің арқаң қашанда.

Ұмытпаспын талмай төккен теріңді.

Толқынында тарихымның тербеліп,

Өткенімнің осалдығын таныдым.

Ата-баба рухы сірә дем беріп.

Мәңгілік боп жалғасты енді жан үнім.

Тәуелсіздік туы аспанда желбіреп,

Күнім де тұр демеу болып елжіреп.

Қыран құсым қанатымды қатайтып,

Тұлпарларым ер жетуде өр жүрек.

Тәуелсіз ел, биікке өрле, жетеле,

Мен пендеңмін жетегіңе еремін,

Елім деген жұртым болса елімнің,

Мәңгілік боп қаларына сенемін!!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
4181
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі