Нұр-Сұлтан қаласы
«№38 мектеп-лицей»КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Ахметова Макпал
Болтириковна
«Мемлекеттік тілді білу
-парызымыз» эссе
Мемлекеттік тіл тәуелсіздік
ұғымымен тікелей байланысты, яғни бабалардан аманат болып келе
жатқан күмбезді тілімізді саф күйінде келер ұрпаққа жеткізу біздің
заманымыздың үлесінде. Тілдің тағдыры – елдің тағдыры, ол тек
мемлекеттің саясатымен, мемлекеттік мекеменің ісімен шешілмейді.
Мемлекеттік тілдің дамуы жолында қазақ халқының әр перзентінің
атқаратын қызметі мен қосатын үлесі зор деп білемін. Өйткені, тіл
мәселесі өте маңызды мәселе, біріншіден, тіл – өзімізді ұлт ретінде
сақтаудың қорғаны, екіншіден, барлық қазақстандықтарды біріктіруші
ортақ байлығымыз. Олай болса, мемлекеттік тілді білу – әр жанұяның,
әр ұжымның негізгі міндеті, біз тіл арқылы ғана ата-бабамыздан келе
жатқан ұлттық құндылықтарымызды келер ұрпаққа аманаттай
аламыз.
Қазіргі кезде Қазақстан
дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтерілді. Ашық демократиялық қоғам
орнатып, әлемдік кеңістікке кіру үстінде. Қазақстанның даму жолы
бүгінгі күні посткеңестік елдердің көпшілігіне үлгі-өнеге боларлық.
Мұндай жетістікке қол жеткізуде көптеген даму стратегиялары
белгіленіп, сол стратегияларды жүзеге асыруды басымдықтармен
жіктеп, оның жүзеге асырылуын Президентіміз қатаң қадағалап,
жылма-жылғы халыққа Жолдауында дүйім жұртқа мәлімдеп
отыр. Сондықтан, басты нысананың бірі – мемлекеттік тіл мәртебесіндегі қазақ тілінің, ұлттық
тіліміздің даму үрдісін дамыту,
мерейін
асқақтату, толыққанды өз қызметін атқара
алатын, еркін өмір сүре алатын жанды, өшпес жүйе
ретінде
орнықтыру.
Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі. Тіл –
ұлттың төлқұжаты, мемлекеттің тұғыры. Сол болашақтың берік
іргетасын бүгін қалауымыз
қажет.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан
балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам
ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының
қандайына болса, да қарсы тұруы
тиіс.
Қазақ тілі ең басты
байлығымыз. Қазақ тілі - ең ұлы тамаша тіл.
Менің
ана тілім
-
қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекттік тіл. Бұл – ауыр тіл, бірақ әрбір
құрметті азамат, соның ішінде қазақ
азаматы мен азаматшасы оны
білу
керек.
Ана тілі
-
халық болып
жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене
беретін, мәңгі құламайтын
бәйтерегі,- деп
Жүсіпбек Аймауытов айтқандай
елін, жерін сүйген әрбір азаматтың
көкірегінде ана
тіліне
деген сүйіспеншілік пен мақтаныш
сезімі
болуы керек. Себебі,
қазақ тілі
–
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның
ана
тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп
дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен
тірегі деп
ойлаймын. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы
туралы
тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең
басты
дүниесі тек ғана байлық
емес, сонымен қатар
ана
тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық
қатынастардың барлық салаларында қолданылатын
тіл
болғандықтан, жүргізілетін барлық
іс-қағаздары мен құжаттар
мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің
өрісі
қашанда білікті де,
саналы
ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай
елдердің санатына енуді көздеген халықтың
басты
мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Сауатты
ұрпақ
тәрбиелеу дегеніміз, өз
ана тілінде
еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген
ұрпақ. Тіл тағдыры - ел тағдыры
екенің
ешуақытта ұмытпауымыз қажет.
Әрбір адам
өз ана тілін білу және
мемлекеттік
тілін меңгеру міндетті.
Мен қазақ тілімен мақтанамын
және мемлекеттік
тілді құрметтеймін!
Ең тәтті де – тіл,
Ең ащы
да
– тіл,
Ең жұмсак та – тіл,
Ең қатты
да
– тіл.
Тіл
–
ұлттың жан
дүниесі.
Тіл жоқ жерде - ұлт
жоқ.
1989 жылы 11 қыркүйекте
қабылданған тіл туралы заңда
"Тіл- халықтың ұлы
жетістігі, әрі
оның ажырамайтың
және
бөлінбейтін белгісі”делінген.
Ал бірінші
баптың бірінші
тармақшасында
"Қазақ тілі – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
тілі болып
табылады” деп жазылған. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев "Қазақстанның болашағы –
қазақ тілінде” деген
тұжырымдаманы
үнемі айтып
келеді.
Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік
деңгейге
көтерілген кейінгі
жылдары
бұқара
жұртшылық та ана тілі
үшін белсенділік
танытуда.
Сондықтан, кез –келген
мемлекет
өзінің
салт-дәстүрін, ана
тілін еррекше
қорғауы
керек. Ана тілін
дамыту,
қорғау дегеніміз
–
өз ана тілінде
таза сөйлеу
және оны жақсы біліу.
Сүйемін
туған тілді
– анам
тілін, Бесікте
жатқанымда-ақ
берген
білім. Шыр етіп
жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс
үнін,
- деп С.Торайғыров ағамыз
жырлап
өткен. Қазақ
тілінің күші
мен құдіретін халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің
басы деп санаған. Мысалы: "Өнер алды – қызыл тіл”, "Тіл тас жарады, тас жармаса
бас
жарады”, "Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні
бар” қазақ
халқымыздың орынды
сөзге қандай
мән бергенің
көрсетеді.
Абайдың даналығына, Махамбеттің батылдығына,
Бұқардың
ақылгөйлігі мен
халқына деген
жанашырлығына,
Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен
Қабанбайдың ерліктеріне
сүйсініп, рухани
өмірімізге
азық етеміз. Солардың салған сара
жолымен бізде тіл тұғырын биіктетерміз деген
сенімдемін.