Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Эссе "Мен - заманауи ұстазбын!"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МЕН – ЗАМАНАУИ ҰСТАЗБЫН!
№ 44 мектеп - гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Қойшыбекова Айнұр
Қойшыбекқызы
«Өткеннің өнегесі – бүгіннің
баға жетпес байлығы»
Н.Ә. Назарбаев.
Мамандық таңдау болашақты таңдау. Өмірде мамандықтың сан алуан түрі бар. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшелігі тағы бар. Әйтсе де мектеп қабырғасын қимастықпен аяқтаған сәттен бастап мамандық таңдау аса маңызды іс болғанымен, мен үшін еш қиынға соқпады. Себебі, қоғамдағы сан алуан мамандықтардың ішіннен жан-жақтылық пен білімділікті, ең бастысы мейірімділікті қажет ететін мұғалім мамандығының иесі атану бала кезгі арманым еді.
2016 жылы Павлодар қаласындағы Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінде «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша өте жақсы деңгейде аяқтап, № 37 жалпы орта білім беру мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым.
Ең алғашында жаңа ортаға тез қалыптасып, ұжымға жылдам сіңісіп кету қиындау болды, шәкірттеріме дұрыс бағыт-бағдар беру, сыныпта тату, бірлікте болуды, білім нәрін бере аламын ба деген үрейде болдым.
Әйтсе де алға қойған мақсатым – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол, қоғам сұранысына жауап берер білімді шәкірт тәрбиелеу қызметін адал еңбекпен жүзеге асыру. Жақсы ұстаз атану – әр жас маманның борышы.
Нағыз ұстаз болу бақыт, әрі абырой. Шындығында мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.
«Ел есінде бір жыл қалғын келсе – ас бер, он жыл қалғын келсе ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе бала тәрбиеле» дейді халық даналығы.
Ұжымым барлығы өзім сияқты ауылдың қарапайым да аңғал, ақ жүректі адамдары. Бір қызығы, олардың арасында менімен қатарлас, тіпті менен бір-екі жас үлкен жас мамандар да бар.
Әр сабақты түсіндірген сайын бойымды қорқыныш сезімі билейтін. Әйтсе де ештеңеге қарамастан болашаққа деген қызығушылықпен еңбек жолымды бастап та кеттім. Жақсы ұстаз – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, оқу орынын шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен шынайы сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады» деген сөздер жұмысқа келген сайын санамда жаңғырылып, алға жетелеп, қуаныш сезімін ұялатып тұрады.
Елбасы Н.Назарбаев қай кезде болмасын ұстаз атаулыны ерекше құрметтейтіні баршаға мәлім. Ол «Ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады» – деп бірегей тұлға – ұстазға деген құрмет пен ықыластың ерекше екендігін әрбір жолдауында айтып, жастар жаңашыл ұстаздар бізді биік шыңға жетелейді.
Сондықтан да өз білгенімді көңілге түйіп, көргенімді қолмен ұстап, әр сабақ сайын оқушыларыма жаңашыл инновациялық технологиялардың көмегімен қызықты да түсінікті оқу материалын меңгертуге, жаңартылған білім беру бағдарламасында оқытудың мақсаттары мен жаңа әдіс-тәсілдерімді толықтырып, алдағы жоспарымды жаңаша оқытуға күш жігерімді салуға тырысудамын. Оқуымды тамамдағаныма көп болмағынына қарамастан, мектеп директоры Л.Б.Жүсіпова мен ұжымдағы білікті, тәжірибелі ұлағатты ұстаздарымның қолдауы мені алға жетелеп, өзімнің шығармашылық қабілетім мен ұстаздық жолымды қатар алып келемін.
Бүгінгі білім мен білік сыналар заманда ұстаз – ізденуші, зерттеуші, жаңашыл болуы тиіс. Орыс ақыны В.Маяковский: «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек» – деген екен.
«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол» демекші, кез келген ұстаз соңғы ақпараттық технологияны еркін меңгерген болуы тиіс. Себебі, үнемі өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында ұстазға жүктелер міндеттің салмағы ауыр екені сөзсіз. Қай кезде болмасын бала үшін оқытушы бір ғана пәнмен оқытатын ғана емес, рухани ой-өрісі дамыған, шығармашылық тұрғыдан жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тиімді оқыту мен бағалау, ғылыми зерттеулер жұмыстарын таңдай білу мен оқу мақсатымызға толыққанды жету, болмысы өзгеше, жан-жақты ұстаз болу бүгінгі қоғамның талабы.
Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» – деп, мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы абзал.
Мұғалім мамандығын жүрек қалауымен таңдап, сол салада тер төгіп еңбек етіп жүргеніме бірнеше ай ғана болды. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышықа толы бірнеше айым ұдайы назарда жүрер ұстаздық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, абыроймен еңбек ету, әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы өрелі мақсаттар мен биік асуларға жетелеу.
Осынау бірнеше айдың ішінде көңілге түйгенім, ұстаздық қызметте аз ғана уақыт ішінде, оқушылар мен қарым-қатынаста кішіпейілділік пен мәдениеттілік, шын жүректілік пен ізгі ниеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті.
Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Жадыма ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі әр кез еске түседі.
О.Бальзак: «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» демекші Отанымызға лайық ұрпақ өсіру, оның бойына адалдық, тазалық, қоғамның болашағына еңбек етуге құштарлық сияқты мінез-құлықты дарыту менің міндетім екенін саналы түрде түсінемін.
Заманауи ұстаз – баланы жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы тұлға. Сонымен ол бала өмірінде өте маңызды рөл атқарады, өйткені ол – шәкірт үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы.
Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз қалауымен таңдай білген мамандығының майталманы болу үшін, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ, ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам.
Бала өзіне қажет білімді өз бетінше кітаптан оқып та үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды, өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер – ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады. Сондықтан болар заманауи ұстаздың қарапайым да сәнді киім-киісі, сыпайы да мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, терең білімі, сарқылмас тәжірбиесі ынталы шәкірттері үшін өнеге.
Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Қорыта келе, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше, егемен елімізге ой-өрісі жоғары дамыған, білімді, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақты оқытып тәрбиелеу қажет екенінін жадымыздан шығармайық!